«Махаббат жәрмеңкесі»

Бейжіңде Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Махаббатқа шектеу жоқ» атты мүгедектерге арналған халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

ҚХР сыртқы істер министрінің жұбайы Лэ Аймэй ханым Қытай билігінің мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға үлкен назар бөлетіндігін айтып өтті. Осыған байланысты қайырымдылық шараның мақсаты Ганьсу және Хэбэй провинцияларындағы мүгедектерге арналған реабилитациялық орталықты салу болып табылады.

Жәрмеңкеге әлемнің 60 елінің тауарлары, ұлттық кәде-сыйлары мен қолдан жасалған бұйымдардың көшірмелері қойылды, жәрмеңкеге Қазақстан да ат салысты. ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзэчи осы іс-шараға қатысып, Қазақстанның топтамасымен танысты.