Экономикадан – демократияға

Үстіміздегі жылдың 27-28 тамыз күндері Ата заңымыздың 15 жылдық мерейтойына орай Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Конституция - мемлекеттің демократиялық  дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның ашылуы сөзін алған Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Әрине, біздің Ата заңымыз үшін, әлемнің көне Конституциялары секілді ғасырлық мерейтойларға әлі ертерек. Алайда, орындалған міндеттер ауқымы бойынша біздің Негізгі заңымызды олармен тең қарастыруға болады. Қысқа ғана он бес жыл ішінде біздің еліміз қол жеткізген жетістіктердің барлығы бұл - Конституцияның заңнамалық базасында қабылданған нақты әрекетінің жемісі» деп атап өтті. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орын­даудың нәтижесінде қысқа мерзімде мызғымас мем­ле­кетімізді орнатып, тәуел­сіз­ді­гімізді тұғырлы еткені­мізді де баса айтты.

Әрине конференция барысында сын да айтылмай қалған жоқ емес. Демократиялық құндылықтарды ескере отырып Конституциямызды бастан аяқ қайтадан жазу керектігіне тоқталған Ж.Әбділдин мен С.Зиманов ағаларымыз «экономикамыз тұрақтанды енді демократияны дамытуымыз керек» деп пікірлерін түйіндеді. Әрине әлсіз Парламент пен құзырлы құқық қорғаушы органдары тұрғанда демократияны дамытуда мүмкін емес. Сондықтан Парламентке құзіреттілік беруіміз қажет. Әйтпесе заңға жүгіну мәдениеті қалыптаспаған, оған сенімсіздік пайда болған қоғамда билікке жүгіну дәстүрі осылайша жалғаса бермек.