Үлескерлер мен борыш¬керлер аштық жариялады

Астанада үлескерлер мен борышкерлердің аштық жариялап жатқанына бүгін 11 күннен асты. Қазір бұл шараға қатысқысы келетіндердің саны 500-ден астам және ол күн сайын өсіп жатыр.

Олардың жоспарлары бойынша әр аптаның дүйсенбісінде арнайы жиын өткізіліп тұрады. Аштық жариялап отырған адамдар өз талаптары орындалмайынша, бұл шара жалғастырыла беретінін тағы да қадап айтты. Олардың арасында ипотекалық несиесін төлей алмай, баспанасынан айырылып қалғандар, үйлерінің құрылысы аяқталмағандар да бар. «Баспана базынасымен талай жерге арызданып, одан еш нәтиже шықпаған соң, осындай қадамға барып отырмыз», - дейді аштық шарасына қатысушылар. Олар бұл әрекеттерін алдағы қазан айының 30-на дейін жалғастыратынына нық сенімді. Өйткені дәл сол кезде Астанада ЕҚЫҰ мүше елдердің саммиті өтеді деп жоспарланған.