ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

d0bdd0b0d180d183d187d0bdd0b8d0bad0b82

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері ел аумағына заңсыз қару-жарақ өткізбек болған Қырғыз Республикасының азаматын қолға түсірді.  

      Тінту кезінде оның қолындағы сөмкеден 1 Калашников автоматы, екі тапанша және әр түрлі калибрлы оқтар табылған. Бұл азамат Шу облысының тұрғыны екені анықталды. Күдікті көрінген ол Меркі ауданының Гранитогорск елді мекені маңында шекарашылар мен полицейлердің назарына іліккен. Ол мемлекеттік шекара маңындағы бекеттерді айналып өтіп, заңсыз Қазақстан аумағына кірмек болған жерде қолға түсті. Оның айтуынша, қару-жарақты оған көрші елдің Александровка ауылында екі белгісіз адам берген-мыс. Қазақстанға қаруды өткізіп беру үшін оған 5 мың сом ақша берген. Алайда, көрші ел азаматының бұл әрекеті іске аспай, дер кезінде тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында қылмыстық істің жолы кесілді. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.