Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚР Президенті: Елбасы мәртебесін заңмен белгілеуге болмайды

862
2
Бөлісу:

d0bd-d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b21           

Менің отбасым барша қазақстандықтар сияқты бұлжымас заңға  бағынуы тиіс  

«Ұлт көшбасшысы» туралы заңды  бір аптаға жеткізбей қабылдап тастаған Парламент депутаттарының үміті бұл жолы ақтала қоймады.

           Өйткені аталған заңның жобасына  мемлекет басшысы қол қойған жоқ. Депутаттардың Ұлт көшбасшысы  деп ұлардай шулаған бұл әрекетін  әркім әрқалай бағамдады. Депутаттар арасында бұл жобаны іштей  қолдамайтын, бұл қадамға тек бас пайдасы үшін барып отырғандар да  көп.

            Депутаттар бұл заң жобасын шын  ықылас-пейілімен әзірледі ме, жоқ  әлде бетперде киіп алып дайындады ма, бұл жағы бір Аллаға ғана аян.

            Бұл туралы «Жас қазақ үні» газеті де   «Елбасы енді еркін демала беруіне болады» атты мақала жариялады. Қош. Не десек те «Ұлт көшбасшысы» туралы заң әзірше қабылданған жоқ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының Парламентіне, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партия сының Саяси  бюросына үндеу жолдады.

          «Ең әуелі, маған заңды тұрғыдан  Ел Басы деген ресми мәртебе  белгілегені үшін депутаттарға зор  алғыс айтамын. Осы мәртебені   қабылдау туралы тілек айтып, он мыңдаған хат жолдаған бүкіл отандастарыма, көп ұлтты Қазақстанның  барша азаматтарына шын жүректен  ризашылық білдіремін», – дейді   Н.Назарбаев.

            Сондай-ақ, Елбасы мәртебесін заңдастыру туралы Парламенттің шешімін түсіністікпен қабылдайтынын айтқан  мемлекет басшысы: «Әлеуметтік зерттеулер бүгінде Қазақстан халқының басым көпшілігі осы идеяны қолдайтынын  көрсетіп берді. Сондықтан, мен еңбегімді  бағалап, қолдау білдіргендерді үшін  қазақстандықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, мен Елбасы  мәртебесін тек заңдармен немесе өзге де  құқықтық актілермен белгілеуге болмайды  деп есептеймін», – деп бұл мәселеге нүкте   қойды.

            Сонымен қатар Президенттің ар-намысын және дербес құқығын қорғау туралы ұсынылып отырған мәселеге тоқталған  мемлекет басшысы: «Менің отбасым туралы айтатын болсақ, олар да өзге азаматтар  сияқты таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етуге немесе қоғамдық-саяси  қызметтер атқаруға және кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы.

           Сонымен қатар, барша қазақстандықтар сияқты, ел азаматтарын теңестіретін бұлжымас Заңға бағынуы тиіс.

           Бұрынғы күйеубалам, үш немеремнің әкесі Р.Әлиевтің шектен шығу арқылы тек өз отбасын, балаларын, мені ғана емес, тұтас елді сатып кетуі – маған және менің отбасыма орасан қасірет болды.

          Бұл жағдайды мен және менің туыстарым қайыспай көтеріп, оған шығарылған соттың шешімін әділ үкім ретінде қабылдадық. Басқаша болуы мүмкін емес еді. Бұл тек менің жақындарыма ғана емес,  мемлекетіміздегі билік басында жүрген барша азаматтар үшін қатаң сабақ болды», – деп өткенге көз жүгірте отырып, Атазаңның алдында ханның да, қараның да бірдей екендігін баса айтты.

           Сонымен «Ұлт көшбасшысы» туралы  заңға қол қойылған жоқ. Бірақ Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев айтқандай Елбасы  заңға қол қоймағанмен, вето қойған жоқ, яғни қайтарылған жоқ. Мұндай жағдайда  Конституцияның 19 бабы бойынша 1 айдан соң, заң өзінен-өзі күшіне енеді… Яғни  Президент 14 маусымға дейін вето қоймаса, заң қабылданды деп есептеледі…

         Бірақ ендігі жерде депутаттар қандай  заң ойлап шығарса да, таңқалмайтын  сияқтымыз.

 

Гүлмира САДЫҚОВА

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу