«АЛЛАНЫҢ ӨЗІ ДЕ РАС, СӨЗІ ДЕ РАС»

d0b0d0b1d0b0d0b92

БИСМИЛЛА

          «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:  естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі  жақсы жаманды таниды-дағы, сондайдан  білгені, көргені көп болған адам білімді болады»(Абай). Сол секілді адасқанның алды  жөн, арты соқпақ болып ақиқаттың не екенін айыра алмайды. Көзін тұман, көкірегін бұлт  басып өз соқпағын даңғыл санайды.

            Білім мен ғылымның түпсіз тұңғиығына  үңілгенде екі-ақ нәрсе бар. Бірі - дәлелденген ақиқат. Екіншісі - дәлелдеуді қажет  ететін жаңалық ашу немесе жаңғырған  жасампаздық.      Дәлелденген ақиқатты тани  алмай қайтадан дәлелдеуге ұмтылу жаңағы адасушыларды келтіріп шығарады. Ал  дүдәмал қалған түйіншектер мен ғылымға жүгінетін қайталай дәлелдеулер мұның  сыртындағы дүние. Жаңалық ашу немесе  жаңғырған жасампаздыққа келер болсақ  ғылым-біліммен айналысу, соның қалтарыс  қалған бөлімдерін тереңдету, адамзат игілігі  үшін қажетті саналатын барлық жаңалық ашушылар мен тапқырлық жасаушыларға  қаратылған. Ал осы екеуінің ара жігін ажырата алушылар, адамзат ізгілігі үшін адал  тер төгушлер Хақтың нағыз сүйген құлы  болмақ.

              Біз «тірі Абайды» емес, Мұхтардың «Абайын» оқып есейдік. Мұхаң тұлғалаған Абай болғымыз келді. Он үш жасымызда әкемізге  қарсы сөз айттық. Ақсақалды адам көрсек «көненің жаңғыртымпазы, ескі таптың  өкілі - жаңаның жауы» деп сөз таластыруға тырыстық. Әкемен салғыласудың бірінде:  «Құдай жоқ» деген комунизмнің «сүресін»  қайталадық. Адастық.  Балалықтың базарынан қайтар жолда «тірі Абайға» қайта үңілдік. Жалғыздық хаққа ғана жарасады деп жер бетінен ойына  серік, ақылына көрік іздеген Абайды ерте  қартайтқанымызды білдік. Ақиқатты айта- айта жағы талған Абайдың «Моласындай  бақсының, жалғыз қалдым - тап шыным» деген күйі өз басымызға келгенде қайран  Абайдың қызуы азайған жарық жалғанға іші суып, «қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп күйзеле күңіренген мұңын енді сезіп кеш күрсіндік.         Бәріде бір Аллланың құдіреті!

 

АБАЙДЫҢ КӨЗІМЕН

             Қазақты Абайдай түсінген жанды әлі  көргеміз жоқ. Аға-бауырының мініне «ауыр сөз» айтқан Абай Алланы, адамзатты сүюден  кейін Қазақты сүйді. зі «айыптаған» елге өзгелердің кінәсін жолатқысы келмеді. Бірде  Семей қаласына ақ патшаның жұмсауымен  арнайы келген Православие дінінің құқығы  министрмен бірдей архиерейі Абайдан:  Қазақтар өз іштеріндегі жер, жесір дауы, кісі  құны сияқты дауларды патша заңына да,  шариғатқа да сүйенбей-ақ бітіседі екен. Сонда олар неге сүйенеді» деп сұрапты.

              Сонда Абай: «Қазақ халқы оқымаған, көшпелі халық, з арасында жәбірленушілер мен  жәбір крушілер арасында толассыз күрестер болып жатады.Шариғат болмаса патша үкіметінің бекіткен заңдарын да оқып крген жоқ. Мен сізге аз уақыт ішінде оқымаған қараңғы қазақ елінің данышпандығын айтып жеткізе алмаймын.Бұл халықтың айтыста, тойда, ас бергенде жауға аттандыратын батырлары мен сарбаздарына беретін батасы, ел намысын қорғаудағы билер сайысы мен халықтың тарихын, шежіресін жеке-жеке талдасақ, әр қайсысынан бірнеше дастан, кітап жазуға болады. Европа елдерінің даму жолы ғасырлар бойы жазылып, тарихта қалып отырды, сондықтан да біз олардың  атақты ғалымдарын, ақындарын, әйгілі философтары мен әдебиетшілерін білеміз.

             Ал қазақ халқының осындай белгілі, кейде олардан шоқтығы биік крінетін зерделі  данышпандарының айтқан даналық сзі қағаз  бетіне түспей, кпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа

ауызша ғана жетіп отырды»- деп жауап  берген екен. Демек Абай өз айтқандарын халық философиясының қорытындысы  ретінде пайымдап отыр. йтпесе: «Абай... адамзаттық ркениет тарихындағы ұлы тұлға»( ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас хатшысы, Испан елінің ақыны Федерико Майор) аталмас  еді. йтпесе “Абай – қазақ халқының рухани көсемі” (Н.Назарбаев) болмас еді.

            Сөйткен Абай қазақты жай көре білген  жоқ, ғарыштан көрді. Сол үшін де оның әр сөзі біз үшін ғұламалық тағылым болды. Сол Абай  дін туралы да көп толғанған. з діні түгілі өзге  дін өкілдерін де өз сөзінің құдіретіне жүгіндіре  білген. Жаратушы жалғыз Хақтың барлығына  жан жүрегімен сенген. «Құдай тәбәрәкә уә  Тағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше  мың жылдан бері әркім әртүрлі қып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уә  һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат құдайға лайықты дегендігі» («қырық  бесінші сөз») – деуі де соның айғағы.

Абай сөзі:

Алланың зi де рас, сзi де рас,

Рас сз ешуақытта жалған болмас, -деп басталады. Бұл шын мәнінде «Құрандағы» «Бис- милла әр-рахман рахим» -дегеннің қазақша баламасына жақындау алынған Абайша «сөз бастау мәнері» еді.  Адамдардың арасында Алланың  бірлігіне, оның қасиетті кітаптарына күмәнді  көзқарастардың сақталып келгені де шын.

            Абай болса оған еш шүбә артқан жоқ. Сол  үшін де ол:

Көп кітап келді Алладан, оның төрті,

Алланы танытуға сз айырмас,– дейді.

Абайдың: «Көп кітап келді Алладан» деп  бас иуінде де көп сыр жатыр. Адамзат үшін  шындықтың төркіні сол кітаптарда екенін  меңзейді.

            Мұндағы «сөз айырмас» деген тіркестің  мәні де тым тереңде. Сөз не үшін айырыл-  майды. Тағы да сенім, берік Сенім! Мұнда  Абайдың сенімі –адамзаттың сенімі, Алланың бірлігіне деген шексіз сүйіспеншілік сенімі.  Ол үшін талас, тартыс, даудың қажетсіздігі,

«сөз айырмас» – Ақиқат дегенді білдіреді.

Ол тағы да:

:манту оқымаған кiсi бар ма?

Уәктубиһи дегенмен iсi бар ма?

Алла згермес, адамзат күнде згерер,

Жарлықпен ол сiздерге, сiз де оларға... –  деп таза сенімнің таразысын ойлы сөзбен   басады. Бұл жерде Ұлы Абайдың көздеген  «әмәнту» сөзі арабшада былай екен: «Әмәнту  билләһи уә мәләикәтиһи уә кутубиһи уә  русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари  хайриһи уә шарриһи мин Аллаһи тағала,  уәл-бағсу бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду ән лә иләһә илла Аллоһу уә әшһәду әннә Му-хаммадан абдуһу уә расулуһу». Яғный: «Мен Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтың жаратуымен болатындығына иман еттім. Өлгеннен кейін қайта тірілу – хақ. Аллаһтан басқа ешбір тәңірі жоқ, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін» дегенді білдіреді. Демек, ақиқатты танып жеткісі келген әр қандай пенде әрине, «Әманту» арқылы көп нәрсеге көз жеткізсе керек. Бірақ біз пендеміз,  өзгереміз. Алла өзгермес –мәңгілік!

 Замана, шаруа, мiнез күнде өзгердi,

Оларға кез-кезiмен нәби келдi.

Қағида шариғаты згерсе де,

Тағриф Алла еш жерде згермедi.

Күллi махлұқ згерер, Алла згермес,

:һли кiтап бұл сздi бекер демес.

Өз ойын онан ары дәлелдегісі келген ғұлама  «Алланың өзгермес» ақиқатын бір емес, бір неше рет қайталайды. Әрине, бұл бір  қарағанда уағыз сипатындағы жәй өлең болғанмен, енді бір жағынан Аллаға деген құлшылықтағы құран аяттарының қайталауы сияқты қайталанып отырады. Демек, Абай парасатына біз әлі бойлай алған жоқпыз.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәттi.

Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп

Және Хақ жолы осы деп әдiлеттi.

           Абайдың сүюі ерекше. Тіпті, асыра айтар болсақ, бұл сүюді ешкім айта алмаған сияқты. «Жаннн тәтті» және «Адамзатты  сүю» - ұл шынында парасатты ұя қылатын алтын кеуденің қасиетті ұраны! Құдіретті ұғым.

        Ал мұның жолында нендей құрбандық берсең  е ол артық болмайды. «Басты байла жолына,   малың түгiл...»  Ол тағы да көңіліне көлеңке ұялатқан  пенделерге қарата:

Распенен таласпа мумин болсаң,

Ойла, айттым, адамдық атын жойма! – деген ескерту жасайды. Осындағы «Распенен таласпа мумин болсаң», – деуі жаңағы айтқан «сөз айырмасты» санамызға одан ары шегелеп жатқан жоқ па!? Алланың барлығына деген  сенім болғанда ғана адам өзіне деген сенімді қалыптастыра алатындығын, «адамдық атты  жоймайтындығын» осылайша ұқтырды.

          Осының бәрін бір рет емес, кемінде жүз рет ой сарабынан өткізген Құнанбай баласы бірде:

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі, –десе, енді бірде:

Әуелі аят, хадис – сөздің басы,

Қосарлы бәйіт, мысал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сз,

Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы, –дегенді айтады. «Оның әмірі» Абайды   не үшін өзіне құмар қылды? «Қисынымен  қызықты болмаса сөз» деп нені меңзеп отыр?

         Бұл сұрақтардың жауабы тым тереңде жатыр.  Абай, әрине, жалғыз жаратушыға мойын ұсынды. Алайда көркем сөздің зергері,  қара сөздің қайығы, орыс-қазақты аузына қаратқан аға сұлтанның оқымысты ұлы  сөз киесін танитын еді. зі де қаламын  әлінше толғап көрді. Бірақ құранның сөзі –  Алланың сөзі бәрінен биік екенін тез таныды. зінің жазғанынын да халыққа барынша жақындатуды ойлаған «қазақ сақабасы»  бәрібір құранның шалымына келе алмайтынын ақылмен түйді. Ендеше пайғамбардың  сөзінің, Алланың құранының кереметін «қисынды да, қызықты сөз құдіретінен» деп  бағалады.

«Аллаһ – мінсіз, әуелден,

Пайғамбар – Хақ,

Мүһмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ.

«Құран» рас, Аллаһтың сзі – дүр ол,

Тәһуәліне (шындығына) жетерлік

ғылымың шақ»,

деп Аллаһтың адалдығына,  Пайғамбардың (с.ғ.с.) шындығына еш шүбә  келтірмейді.

           Тағы да Абайға жүгініп, оның «Жиырма  сегізінші қара сөзіне» назар салып көрейікші:

«Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман -парыз деген, әрбір иманы бар кісіге - ғибадат парыз деген екен. Және әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз енді (ендеше) ақылды еркіне жібермесек, Құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады?

«Мені таныған – ақылмен таныр» - дегені қайда қалады?» Демек ендігі жерде Абай парасаты Ақыл мен Иманның егізділігіне ойысып, оның құдірет иесі Алла екенін тағы да  ескертеді.

“Иман екеу емес, біреу” дейді 38-қарасөзінде Абай. Абай айтып отырған  “Иман” – адамның кіршіксіз жүрегі, Алланың  серіксіздігі, адамзатқа ортақ ар-ұжданның  тазалығы. Сондықтан да ол – біреу. Абайды  хакім, адамзаттың ойшылы дейтініміз де,  міне, осыдан.

         Абай даналығына, Алланың бірлігіне  көлеңкелі көзбен қарайтындар да табылады. «Бұл көзге крілген, көңілге сезілген   ғаламды қандай хикметпен жарастырып,  қандай құдыретпен жарастырып, қандай  құдыретпен орналастырған, ешбір Адам баласының ақылы жетпейді. Аллатағала-өлшеусіз, біздің ақылымыз - өлшеулі. Өлшеулі  мен өлшеусізді білуге болмайды». Абай  сөзімен айтқанда «ақылымыз - өлшеулі»  екен. «Аллатағала - өлшеусіз» болса біз онымен қалай ғана теңесе алармыз. Барлықтың, бірліктің, жалғыз Хақтың ақиқатын Абайдан асырып әлі ешқайсымыз айта алған  жоқпыз.

            Екі шалдың ертегісі және шындық  Еврейдің «Екі шалы» (Маркс пен  Енгелс) адамды маймылдан жаратылды дегенді барынша қуаттаған еді. Бірақ  ол жарықтықтардың пікірінің де табан  тірер тиянағы аз болды. Барлығы «Құран  шын, құдай рас, пайғамбар хаһ» дегеннен асатын қуатты ой таппады, адамзатты сендіре алмады. Тіпті «Екі шал» және оның адал мұрагерлері Ленин, Маузыдұң да өз тағылыматының (идеясының) көбін құраннан алғаны да өтірік емес.

            Осы орайда аңызға жақын бір әңгіме еске  оралады. Қытайда жүрілген көзсіз қозғалыси  «Мәдениет төңкерісі» кезінде құран өртелді,  құдай (Аллаһ) жоққа шығарылды. Мау шығармаларын жатқа оқу және оған табыну  дәстүрге айналды. Осы кезде ауылдағы бір молла шалға Мау шығармасын зорлықпен жаттату бұйырылады. Жалғыз Алладан басқа құдірет иесінің барына сенбей өскен  шал, өзін ұрып-соғып тұрғандарға Мау шығармасын баяндап тұрып (әрине іштей  жақтас болып): Жарықтықтың сөздері құранда айтылған уағыздардан аумайды  екен, – деп тағы да таяқ жегені бар. Демек құран ілімі адамзаттың ортақ ойына, өмір  сүрудің ең жоғары ізгілігіне барынша жақын болғандықтан одан өзгеше жол табу, жаңа  идея жасау да мүмкін емес еді. Марксшіл, лениншіл «құдайсыз коммунистер» өз ойларын дәлелдеуде құран ілімін басшылыққа  алып отырған.

          Тіпті адамзаттың басынан осындай бір  «ойындардың» өтетінін Аллаһ әлде қашан ескерткен екен. Құран Кәрімнің 17 сүре, 88  аятында былай делінеді: «(Ей, Мұхаммед!) айтып қой, бүкіл адамдар және жындар осы сияқты (Құран Кәрімді демекші –Ж.Ш) бір кітапты майданға келтіру үшін бас қосып жиналса да, бұл сияқты бір кітапты майданға келтіре алмайды. Тіпті біріне-бірі кмектесіп,  жәрдемдессе де жазып шыға алмайды».

          Адамзаттың кейінгі бастан кешкен тарихы  бұл айтылымның растығын айқын дәлелдеп берді. Мейлі, құран төңірегіндегі дауларға  байланысты болсын, мейлі диалектикалық материализим көзқарасындағылар болсын, құранның «қолдан жазылмағанына» және өздерінің ондай «шығарма» жаза  алмайтындығына кәміл сенетіндер күн сайын көбейді.

(Жалғасы келесі санда)

 

Жәди ШӘКЕН