ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫМЫЗҒА ҚАУІПТІ

d0b8d180d0bed0bdd0b8d18f-d0bbd18ed0b1d0b2d0b83            

Қазақ киносын сөзсіз түрде кеңестік және тәуелсіздік кезеңіндегі деп екіге бөлуге болады.

             Өкініштісі, қазақ киносы екі кезеңде де қазақ ұлтының мүддесіне жұмыс істеген жоқ. Алғашқысы коммунизмді дәріптесе, қазіргісі халықты азғындатып жою (А.Даллестің) саясатын насихаттауда. Дегенмен екі кезеңді салыстырып қарар болсақ, кеңестік кезеңдегі қазақ киносы астарлап болса да, қазақтың ұлт болып сақталуына әлдеқайда көп үлес қосты.

d0b8d180d0bed0bdd0b8d18f-d0bbd18ed0b1d0b2d0b82         

  Қазіргі заман илеуінің өлшеміне салсақ, ерлік деп бағалар едім. Сол кездегі қай киноны алып қарасақ та, мүмкіндігінше қазақ ұлтының жыртысын жыртқанын байқаймыз. Бір мысалмен айтар болсам, «Жаушы» киносында қазақ қызының ары мен намысын шебер қорғатып, «біріксек жер қайысқан қол екенбіз ғой» деп қазақтың басын біріктіреді. Тұнып тұрған неткен ұлттық рух! Көш бастар деп үкілеген «Көшпенділер» киносы мұның жанында далада шаң қауып қалады. Тылсым табиғаттың заңдылығы бойынша, қандай да бір туынды, еңбек болсын ұлттық тамырмен астасып жатуы тиіс. Тамыры жоқ туындының ғұмыры жылт еткен жылтырақпен тең. Бодандық тұстың өзінде түсірілген «Қыз Жібек», «Шаңырақ», «Көксерек», «Менің атым Қожа» сияқты кинолар деңгейіне жететін әрі ұлттық құндылықтарды насихаттайтын туындыларды егемен ел болып, етек-жеңімізді жиған бүгінгі күні түсіре алмауымыз - бейшаралық. Жоғарыда аталған кинотуындылар ұлт тамырымен астасып жатқаны үшін де ғұмыры ұзақ болды. Баса айту керек ол кезеңде қазақ ұлтының рухын өлтірмей күрескен зиялы қауым болды. Біз біле бермейтін қаншасы ішқұса болып, ұлты үшін күресті. Ал қазіргі кезеңде зиялы қауымның бар екеніне халықта күдік пайда болғаны жасырын емес.

           Суретке қараған адам бірінші өзін іздейтіні сияқты, әр адам өзін кинодан көргісі келеді, ұлт қаһарманы болу қалауы бар. Кинодан өзін көрген адамның қандай күйде болатынын білесіз. Сол сияқты қазақ ұлты да өз келбетін, түрін кинодан көргісі келеді, өзін іздейді. Шетелдік бір киноны таныстырмай-ақ орта тұстағы сюжеттерін көрсетсе, оның қытайдың, түріктің, не орыстың киносы деп бірден табамыз. Өйткені киноның келбеті, тілі және қай елдің идеологиясын насихаттап жатқандығы бәрі көрініп тұрады. Бұрындары елдің болашағын жастарына қарап білетін болса, қазір киносына қарап байыптаймыз. Ал қазіргі қазақ киноларында қазақтар өзін көре алмағаны үшін кеңестік кезеңдегі қазақ киноларын әлі ұмыта алар емес.

           Қазіргі қазақ кинолары жөнінде соңғы уақыттары түсірілген қазақ киноларын қарап және бір киноны бастан аяқ түсіруге атсалысқаннан кейін туындаған пікіріммен бөліскенді жөн санадым.

            Барлығымыздың көзіміз жеткендей, қазір қалың көпшіліктің оқыған кітабының санынан көрген киносының саны басым. Том-томдаған кітап оқығаннан сол туралы түсірілген киноны көруді, кітап сатып алғаннан кино сатып алғанды жөн санаған заманда киноның теңдессіз психологиялық-идеологиялық қару екені мойындалды. Сонымен бірге ең үлкен қару кино екенін ескерген елдер әлем халқының санасын жаулау үшін ақпараттық соғыс майданын бастап та кетті. Енді санамызды ойрандап жатқан осындай заманда режиссерлардың соларға қосылып, халқымыздың санасын бұзуы еш ақылға сыймайды.

            Режиссерларымыздың түсірген киносына қарап тіпті халықтың жауы ма деген ойға қаласың. Қазақстанды қорлайтын «Борат» киносына қарсы кино түсіретін шығар деп жүрсек, керісінше сол киноның жалғасы іспеттес халықты қорлайтын кино түсіріп әлек. Мүмкін халықты таңқалдырғысы келер. Егер қазақ намысты ұлт болса, бюджет қаржысын талан-тараж етіп, мейлі ол жеке біреудің қаржысы болсын, қазақты қорлайтын кино түсіруге жол бермеуі керек. «Келін», «Қарой», «Махаббат тәлкегі (Ирония Любви)», «Ойпырмай», «Қайрат чемпион. Девственник», «Әке қорлығы», «Тюльпан» кинолары қазақтың салтында жоқ дәстүрлерді насихаттап, азғындықты, арсыздықты көрсету арқылы халықтың санасын бұзуда. Кез-келген қазақтың киносын қарап отырсаңыз, азғындықты насихаттап жатады. Айы-күні жақындаған әйелді зорлау, баласының анасын өлтіруі, қазақтың қызы. Бұл неткен намыссыз халық, намыссыз режиссерлар, намыссыз билік. Қазақтың қызын жезөкше етіп жарнамалау қарқын алып, қорлаудың эпицентріне айналды.  Біле білгенге бұл үрдіс ұлттың қорлықпен жеңіліске ұшырауының символы. Әлемдік тарихтан бәрімізге белгілі, жеңілген елдің қызын қатындыққа әкетіп, осылай ұлтты қорлайтыны. Бөтенге қызын қолдан беру - бұл жеңілістің белгісі. Кім не десе де бұл - аксиома. Ұлтаралық бірлікті насихаттап жүрміз деген сөз тек алдаусырату. Қызын бұзу деген ұлтын бұзу деген сөз. Қазақтың жігітіне бөтен ұлттың қызын әперу арқылы да насихаттауларына болады ғой. Бұл жеңістің символы. Бірақ қазақты құртуға кіріскендерге бұл ұнамайды. Егер олар шын қазақтың жанашыры болса ісімен дәлелдесін. Қазіргі режиссерлар қазақтың жауы. Бұл факті. Кезінде қандай бодандық бұғауда болсақ та рухты ағаларымыз «Шаңырақ» қалғандай, сұлу табиғатымыз жоқтай әсер қалдырады. Қазақтың түсінігінде «жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей жақсылықты насихаттасаң жақсылық болмаушы ма еді.

             Қазақтың жанын түсінбейтін режиссерлардың халық психологиясын бұзатын кинотуынды шығаруына, барлық ресурстарымызды талан-тараж еткендерге билік қатаң жаза қолданса. Неге басқа елге ұнау үшін немесе солардың жүлделері үшін ғана кино түсіруіміз керек.

                Ондай елдерге өз идеологиясын насихаттағанда ғана ұнайсың ғой. Сонда бөтен елдің қолшоқпары болып, сол елдің идеологиясын насихаттағанда қазаққа не пайда. «Қазақфильмді» сынай қалсаң болды шетелден алған жүлделерін санай бастайды. Тіпті киноларын көбінесе орыс тілінде түсіретін «Қазақфильм» атауын «Орысфильм» деп ауыстырса деген ұсынысым бар. Мемлекеттік тұтастығымызды ұлықтамайтын киноның бізге мемлекетшілдікті ұғынған, ұлтым дейтін азаматтардың түсінігі жеткенімен, тәжірибесі жетпей жатқан тұста оларды көтермелеп, қолдаудың орнына жан-жағынан жұлмалап тастадық. Себебі, қазақтың бірлігін, ұлттығын насихаттайтын кинолар дүбара режиссерларымызға ұнамайды. Қазақты азғындатып жою саясатына қарсы. Сондықтан ұлттық намысы жоғары режиссерлар қатты сынға ұшырайды. Бірақ олар халықтың көңілінен шығады. Өйткені халыққа тәрбиені, имандылықты уағыздайтын/насихаттайтын осы кино ғана. Ұлтым деген режиссерлар ғана мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздігімізді қорғайтын, ұлттық бірлігімізді насихаттайтын кинолар түсіреді. Сондықтан билік, халықтың талғамымен санаса отырып халық көретін кино түсіруге бет бұруы керек. Халықтың қаржысына халық көретін кино түсіруін неге талап ете алмаймыз.

                 Алысқа бармай-ақ әкесінің қызын зорлауы, жезөкше келін, хайуантектес өмір сүру салты, тіпті адам аузы бармайтын сюжеттер... Неге бұл намыссыз режиссерлар қазақ қызының арын таптап әлек болады? Қай киносына қарасаңыз қазақтың қызын жезөкше етіп көрсетеді. Соған қарап қазақ қызын ұяттан жұрдай намыссыз мақұлық па деп ойлап қаласың. Бұл тіпті кино түсіру барысында үрдіске айналып бара жатыр. Аманжол Айтуаровтың «Дала экспресінде» қазақтың қызы француздың қолжаулығы болса, Қазақстан, Германия, Франция бірігіп түсірген «Ұлжан» киносында да француздың қолжаулығы, «Махаббат тәлкегінде» орыстың қолжаулығы, «Астана – менің махаббатымда» түріктің қолжаулығы, жаңадан жарыққа шығайын деп жатқан «Ғаламтордағы махаббат», «Нереальная любовь», «Қара майор» киноларында тағы да ары тапталатын киносында қазақтың жігітіне орыстың қызын әперген еді ғой. Тіпті сүйсінесің! Сол кездегі киноның ешқайсысында қазақ қызын ешкімге қорлатпаған. Қысқасы ұлтаралық бірлік ұранымен аралас некені насихаттаушылар ғасырлар бойы таза сақтаған қанымызды бұзуды онымен бірге ұлтымызды жоюды мықтап қолға алыпты. Шындық осы!

             Азғындаған туындылардың нәтижесінде Қазақстан дегенде артта қалып, дамымай қалған елді, қазақ ауылы дегенде құрып біткен ауыл, тозығы шыққан Мәдениет үйi, қирап жатқан мекеме, жұпыны адамдар ғана елестейді. Бұл – дүбара режиссерларымыздың санамызда қалыптастырған картинасы.

              Киноларынан көркiне көз тоятын, сымбатына жан сүйсiнетiн көрініс көрмейсіз. Қазақ даласының тамаша табиғатын да көре алмайсыз. Оның орнына ойраны шыққан ауылды көрсетiп, еңсеңiздi езiп жiбередi. Бізде бәрі құрып қаншалықты керегі бар. Мұндай әрекетімізден аңғарғанымыз біз өзімізді өзіміз сыйламаған соң, өзімізді өзгеге жалынып-жалпайып қадірлетуге көшкен секілдіміз. Негiзiнде нағыз отаншылдықты оятар сезiм – өз ұлтыңның керемет батырлығы мен сұлулығын ұғыну және өз жерiңнiң ғажайып көрiктi екенiне көз жеткiзу емес пе?!

            Кино көргенде Отанға деген сүйіспеншілігіңді оятатындай, қазақ боп туғаныңа бақыттымын деп мақтанатындай, отан үшін қызмет етуге, жан беруге даяр болатындай сезім қалдыратын болса шіркін. Осы аталған өлшемдерге осы кезге дейін түсірген қай киномыз лайық. Барлық елдерде (көршілерімізРесей, Өзбекстаннан бастап) отансүйгіштікке баулитын кем дегенде 5-6 кинолары бар.

               Осы өлшемдер сарынындағы киноларды билік түсірмей жатқан соң, халық өзі-ақ өзіне қажетті киноны түсіре бастады. Десе де көршілеріміздің өзі ұлттық құндылықтарын, ұлттық намыстарын қазірдің өзінде қызғыштай қорғап жатыр. Өзбектер «Қыз абыройының салмағы» фильмін түсірген Умида Ахмедованы «қыздарымыздың психологиясын бұзады» деп соттап, түрмеге жапты. Өзінің ұлттық намысын ешкімге таптатпайтын өзбек билігіндегі азаматтардың осы ісіне тәнті болмасқа шарамыз жоқ. Қаржының күшімен өзбек ұлтының абыройы-қыздарының санасын еврейлік күштер тарапынан бұзғысы келіп еді, өзбек билігі жол бермеді.

              Қазақтар өз қыздарын, келіндерін жезөкше етіп «Келін» киносын түсіргеннен кейін өзбектер «Супер келіншек» деген керемет кино шығарды. Орталық Азиямен қатар Ресей де дискісін сатып алып жатыр. Неге? Себебі адамның жанына жақын кино. Адамгершілік жақсы суреттелген.

               Ешкі сүйреп, анасын өлтіріп жатқан ешкім жоқ. Олар адамгершілікті, ұлттық мүддені өнерден жоғары қоя білді. Біздегі жағдай ұлттық мүддеден топтық мүддені жоғары қойып, өзі ойдан шығарған салт-дәстүрлерді насихаттап халықтың санасын бұзуда. Жарайды бұрындары кім жабайы болмады делік. Былық барлық халықта бар. Бірақ ешқайсысы өз былығын көрсетпейді.

                Әрине, қазақ киносында мұндай жағдай бірден қалыптасқан жоқ. Жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Байлығын, жерін иелену үшін жергілікті ұлтты азғындатып жою саясаты бұрыннан бар. Мысалыға, ЦРУ-дің директоры Аллен Даллестің (соның атын жамылған еврейлер) Кеңес Одағын қирату үшін бірінші психологиясын бұзу арқылы азғындатып жоюды көздемейтін бе еді? Сол А. Даллес бастап берген халықты хайуандық санаға түсіріп құрту саясаты қазір Қазақстанда артығымен орындалып жатыр.

              Оған қоғамымыздың шектен тыс азғындап кеткені дәлел. Қазіргі қазаққа қарап қазақ қынжылады. «Қазақтың жауы қазақ» деген сияқты көптеген қауіпті түсініктер қалыптастырылып жатыр. Ал бұрындары шын мәніндегі қазақ деген атқа лайық ұлт сезімін терең ұстай, жұмбақтай білген ұлт емес пе еді? Құран, адамгершілікті, арды, иманды насихаттағандықтан саналы бабаларымыз Ислам дінін қабылдаған. Ал сол арды жанынан да жоғары қойған қазақтың ұлылығын насихаттайтын бір кино түсірілді ме? Қазақта Абайдан үлкен ешкім жоқ, сол Абайымыз туралы өз дәрежесінде кино түсірілді ме? Көрдіңіз бе бітпейтін сұрақтар көбейіп барады.

             Бәрінен бұрын нәтижеге қарайық. Ендігі кезекте бір әлеуметтік зерттеуге құлақ ассақ. Қалай ойлайсыз Қазақстанның оңтүстік аймағында қай елдің киносы мықты? Міне, мәселе. Әрине өзбектің киноларынан бас көтермейді. Өзбек киносы бастала қалса ішкен асын жерге жерге қояды. Өзбек киноларын көрсететін өзбегі бар жергілікті каналдары бар самсап тұр. Одан қалды бұрыш-бұрышта өзбек кино дискілерінен көз ашпайсыз.

           Өзбек әртісі, әншісі бар қайсысы қай кинода, қандай рөлдерде ойнағанына дейін майын тамызып тұрып әңгімелейді. Қалтасына аз ғана қаржы түскені той-думандарына өзбектің өнерпаздарын шақыру бәсекеге айналған. Өзбек өлең айта бастаса жас кәрісі демей ұршықтай үйіріліп билей жөнеледі. Мұның барлығы өзбек идеологиясының санамызды жаулап алғандығы. Бірде Шымкентте кино сатушы қазақ қызынан «өзбек киноларын түсінбеймін, қазақшасы бар ма?» десем, «онда тұрған ештеңе жоқ, бір екі рет көргеннен кейін әсте-әсте түсініп кетесіз» деп қарап тұр. Бізді өзбек кинолары жауласа, қазақ кинолары Өзбекстанның есігін де сығалай алмай отыр. (Білесіз ғой кеңестік кезеңде қазақ киносы Өзбекстанда көп көрсетіліпті). Өзбек киносымен бәсекелесе алмай отырған қазақ киносында не сапа бар. Әрине біз Голливудтық деңгейдегі кинолармен емес өзіміз деңгейлес көршілеріміздің киноларына бәсекелесе алмай отырған соң не сұраймыз? Тіпті біздің менсіне бермейтін қырғыз киноларының өзінде өзге ұлттың қыздарын қырғыздың жігітіне беріп ұлтын ұлықтайды. Жезөкше қырғыз қыздарының өзінде «ұлттық намысы» бар. Олар өздерін «жұмыс» барысында қырғыз деген атқа кір келтірмес үшін қазақпын деп таныстырады екен.

             Осы жағдайлардың нәтижесінде қазақ киносы мемлекет ішіндегі прокаттың 3 пайызын құрап отыр екен («Қазақфильмнің» ресми дерегіне сәйкес). Бұл біріншіден, бәсекелестік туралы заңға қайшы, екіншіден ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді. Өз кинотеатрларымызда бәсекелесе алмай жатқан себебі кинотеатрлар жекеменшік, олар тек пайда көздейді. Қазақ кинолары арсыздықты насихаттағаны үшін ол киноға ешкім бармайды және кинотеатрларды шығынға батырады. Халық тұтынбайтын мұндай керексіз зиянды тауарларды жасау кімге тиімді? Бір сөзбен айтқанда «Қазақфильм» халықтың ақшасын шетелдік актерлерге төлейді және солардың   идеологиясын жүргізеді. Онда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін кім ойлайды? Елбасы «қазақ киносы жастарды патриотизмге тәрбиелейтін болсын» деген тапсырма берсе де, «Қазақфильм» нәтиже шығарар емес.

             Сізге енді осындай жағдай туындатып отырған режиссерларымыздың ойлау қабілетін, ниетінен мысалдар келтіре кетейін. Бетке тұтар режиссеріміз Сатыбалды Нарымбетов айтады: «Мен өзім білем қандай Мұстафа жасасам. Қаласаңдар өздерің де Мұстафаларыңды түсіріңдер» дейді. Халықтың ақшасына түсіріп жатып халықпен санаспайтын біздің режиссерларымыздың өзі санасыз болғаннан кейін кімге ренжиміз. Салған асфальтымыз ұнамаса өздерің салыңдар, операциям ұнамаса өзің операция жаса дегенмен бірдей. «Сіздердің түсіріп жатқан киноларыңыздан көрермендер нендей тәрбие алып отыр?» деген сұраққа Қазақфильмдегі   Д.Амантай «Қазақ көрермені соншалықты тәрбиеленгісі келіп тұр ма не?... Киноға тиісе беретіндер жұмыссыз ерігіп жүргендер... Кино деген ләззат алу» дейді. Бір шындықты айтайын, тәуелсіздіктен кейін түсірілген қазақ кинолары ауылдағы қазақтарға жетпей жатыр. Жетсе елде төңкеріс болатынан еш шүбәм жоқ. Мына кинолардың тас-талқанын шығарады. Ауыл қазір кәріс пен түріктің киносын көріп бас көтере алмай отыр. Әттең, ауылда қазақ киноларын талқыға салып жатқан интернет те жоқ.

           Тың ой, өнер деп жүрген «Қазақфильм» режиссерлерін азғындық санадан аса алмай жүргендер деуімізге әбден болады.

             Жекесі бар мемлекеттігі бар қай-қайсысы болмасын режиссерлардың жеке құқым, жеке пікірім, жеке мүддем дегенін доғарту керек. Кино – халықты тәрбиелейтін құрал. Ал сол құрал арқылы өзінің жеке құқын халықтың құқынан жоғары қоюы әділеттік пе? Егер де ұлттың мүддесіне, ұлттың құқығына қайшы келетін болса ондай киноны режиссерімен қоса жою керек. Өйткені бізде жеке мүддеден ұлттың мүддесін жоғары қойған жағдайда ғана ішкі қауіпсіздігіміз сақталады.

          Егер де қазақ киносы айтарлықтай керемет болса неге кейіпкерлеріміз жоқ? Орнына шетелдік кейіпкерлерді таниды. Киноның шын бағасын халық береді. Халық қазақ киносын қабылдамағанын осыдан-ақ білуге болады. Қазақ киносының салмақты емес екендігін кинотеатрларға үлкен кісілердің емес тек жастардың ғана баруынан аңғаруға болады.

            Жеңіл ойлы, арзан күлкіге құрылған кинолардың деңгейі осы. Біздің режиссерларымыздағы проблема қазақ халқынан алыс, ұлттық рухы жоқтығы.  Олар қазақ көретін кино түсірмей керісінше қорлайтын кино түсіре бастаған соң тәжірибесі, білімі жоқ болса да қазақтың намысын қорғауға кіріскен Е.Рақышев сияқты режиссерлар қазақ көретін кино түсіре бастады. Әрине сапасы төмен болғанмен халық жылы қабылдады. Бірақ билік, қазақтың мәселесін көтеретін осындай әуесқой киноларды  сынағаннан гөрі, оның кәсіби түсірілуіне көмектессе ғана халықтың қолдауына ие болады. Қазіргі қазақ киноларында  Қазақтың бет-бейнесі, жүрегінің лүпілі болмағандықтан сол кеңес уақытындағы қазақтың жаны, иісі бар киноларды аңсап отырады.

              Киноға белгілі біреудің мерейтойы жақындағанда ғана түсірілетін кадр деп емес алдымен психологиялық-идеологиялық қару және бизнес деп қарау көзқарасын қалыптастыру керек. Бұдан шығатын қорытынды, мынадай жаһандану заманында ең үлкен соғыс – ол психологиялық- идеологиялық соғыс. Ал мұндай соғыстың басты қаруы – кино.

            Кеңес Одағы сынды тұла бойы қаруға толы империяның өзі бір оқ шығарылмай-ақ идеологиялық соғыста жеңілгендігі бізді ойландыруы керек. Себебі Кеңес империясы, халқының миына иелік ете алмай қалды. Яғни теледидарда, кинотеатрларда (халықтың миында) жаппай шетелдік кинолар қаптап кетті. Сол кездегі аға буын шетелдің киносы десе делебесі қозып, кинотеатрларға қарай ағылатынын еске түсіруге болады.

            Мұны айтып отырған себебім, кино арқылы жүргізілген идеологиялық соғыста жеңілудің салдарын ескерту. Егер де ұлт, мемлекет болып қаламыз десек көптеп-көмектеп қалайда қазақ киносын дамытуымыз қажет. Өйткені соғыстардың ең соңғысы әрі ең ауыры психологиялық-идеологиялық соғыста қазақ аман қалса, онда қазақтың көретін күні бар деген  сөз.

           Бір кинорежиссер айтқандай «тарихта не жазылса да, кім жазса да маңызды емес, өйткені халық санасында тарихты қалай қалыптастыру, қалай көрсету біздің қолымызда» деген екен. Егер де санамызды шырмаған құлдық киноленталарды ысырып тастап өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, шын мәнінде тарих әрдайым сол сәттегі саясаттың мүддесіне қарай өзгеріп отырған. Халықты соңына үйіре білген алып мемлекеттер фашистік Германияда киноның құдіреттілігін білгендіктен арнайы Пропаганда министрлігі арқылы, одан Кеңес Одағы да қалыспай киноиндустрияны өкімет бақылауына алып, пропаганда кинолары арқылы халықтың санасындағы тарихқа «өзгертулер мен   толықтырулар» енгізген. Киноның құдіреттілігі сонда, «Адмирал» киносы арқылы Ресей халық санасында жауыз ретінде сақталған Колчакты батыр, ержүрек, нағыз ер азамат ретінде ақтап шығарды. Осы тектес Колчак туралы 100 кітап жазылса да, бір кино сияқты халықтың санасына әсер ете алмас еді. Ертең Гитлерді халық қаһарманы етіп кино шығарса, халық лезде соны қабылдары айдан анық. Естеріңізде болса «Бригада» киносынан кейін қоғамда «бригадирлер» көбейіп кетіп еді ғой. Қысқасы зорлық туралы кино шықса зорлық көбейеді, зинақорлық туралы шықса зинақорлық көбейеді, адам баласы табиғатынан еліктегіш, көзбен көргенін қолмен істегісі келеді. Қалай көрсетілсе солай қабылдайды. Осы жағдайларды ескере отырып, өткен тарихымызға қатысты санамызға күштеп енгізілген жалған тарихты тез арада түзеуіміз керек.

            Бәлкім қазақ киносына өзгерістер әкелу үшін «Қытай қазақтары түсірген киноларының Қазақстандағы күндерін» өткізген дұрыс болар.

            Өйткені соңғы уақытта Қытайдағы қазақтар қазақ халқының мәдениетін, тарихын, ғажайып табиғатын насихаттайтын «Көрікті мекен», «Гүлбике», «Бөрі соқпақты боз дала» сияқты бірқатар киноларды қытай экранына шығарып насихаттауда. Қытайда түсірілген қазақ киноларын Қазақстанға әкеліп үлгі ретінде көрсетуіміз керек. Мүмкін ұлттық киномызды дамытуымыз үшін патриоттық бағыттағы «жүз кино, жүз мултьфильм» деген мемлекеттік бағдарлама қабылдауымыз керек  шығар. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

 

 

ҰСЫНЫСТАР:

1. Киноны реттеп отырған нормативтік-құқықтық актілер жоқтың қасы. Сол үшін «Отандық киноны мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылдау, басқа актілермен реттеу.

2. Көркемдік Кеңесті ұлтжанды азаматтардан құрап, оның өкілеттігін күшейту. Себебі осы кезге дейін Кеңеске киноны түсіріп шығынданып болған соң көрсетіп, мәжбүрлеп өткізетін болған.

3. Көркемдік Кеңестен ұлттық, патриоттық тәрбиедегі кинолар түсірілуін талап ету, мемлекеттік тапсырыстар беру. Әйтпесе қазіргі қазақ киноларының барлығында әрдайым құлдық сананың жемісі айқын көрініп тұрады.

4. Видеоформаттағы кинолардың түсірілуіне рұқсат беру. Себебі кинолентамен түсірілген кино шығынын біздің нарықта өтей алмайды.

5. Қазақ қаһармандарын қазақ актерлері сомдасын.

6. Арнайы «киноактер», «кинорежиссер» мамандарын даярлау.

7. Кинотеатрларда қазақ киносын көрсетуді жолға қою.

8. Киноларын орысша емес тек қазақ тілінде түсіріп, титрда басқа тілдерде жаза берсін. Басқа тілдерге аударуына болады.

 

Пазылбек АБСАТТАР

Алматы