Қазақстандық танымал интернет-ресурстар ақысыз хостингпен қамтамасыз етіледі

           d0bad0bed0bcd0bfd18cd18ed182d0b5d1803 Таяуда ғана өз блогында Қазнеттің дамуына байланысты жоспарымен бөліскен Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев қазақтандық танымал интернет-ресурстар ақысыз хостингпен қамтамасыз етілетіндігін жариялады.

          «Қазіргі уақытта Интернет қауымдастықпен бірлесіп қазақстандық ресурстардың санын көбейту тәсілдерін қолға алдық. Ендігі жерде оларды сапалы  және танымал етуге тырысамыз. Статистикалық соңғы деректерге сүйенсек, еліміздегі 50 танымал сайттың ішінде біздің қазақстандық сайттар саны 11 екен. Мұның өзі жақсы нәтиже. Алдағы уақытта осы тізімдегі сайттар санын көбейтуге мүмкіндік беретін Қазнеттің дамуы үшін механизмдерді жүзеге асыруды жоспарлаудамыз, — деді министр хабарламасында.

      Ондай механизмдердің бірі – жергілікті ресурстарды  мемлекеттік қолдау болып табылатын болса, жұмысты ең алдымен ақысыз хостингтерге көмектесуден бастайтындықтарын айтты министр.

     Сондай-ақ, А.Жұмағалиев ресурс иелерінде сайттың контент бөлімін жақсартуға қосымша қаржы пайда болатындықтан, алдағы уақытта атқарылар істер ауқымды болатындығын да жеткізді. Белгілі дәрежеде танымалдыққа ие болған барлық ресурстар мемлекеттің қолдауына ие болатын болды.

           «Біз «торренттерді» өсіруді қаламаймыз, біздің басты мақсатымыз – нақты сапалы, әлеуметтік мәні бар жобалардың пайда болуына әсер ету», —деп өз сөзін түйіндеді А. Жұмағалиев.