Студенттер ғылым әлемінде

736
0
Бөлісу:

           Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде жыл сайын жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми конференциясын өткізу дәстүрге айналған.

             Биылғы жылы да осы мақсатта «Интеллектуалды қарқын: жастар, ғылым және инновация» атты «Ғылым әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өткізілді. Оған тек қана   химия факультетінің студенттері ғана емес, барлық ЖОО-ның, колледждердің студенттері, мектеп оқушылары да белсене қатысты.   Конференция барысында студенттерді толғандырып жүрген ғылым әлемінің басты мәселелері талқыланып, олар өздерінің ойларын ортаға салды. Қызықты да, тартымды еңбектерімен көзге түскен көптеген жастар тиесілі орындардың жеңімпаздары   атанып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

             Оның өзі жастардың білімге деген құлшынысын арттырып, тың ізденістерге жол ашатыны анық.

 

Б.Б. АЛИБЕКОВА,

Б.Ж.ОСПАНОВА,

әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенттері

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

15 + жеті =