ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ ОРЫНДАЛҒАН КҮН

761
0
Бөлісу:

         Төлеген Тәжібаев –еліміздің рухани-саяси өмірінде өз орны бар айтулы тұлғалардың бірі. Әдетте оған үлкен мемлекеттік, қоғамдық қайраткер, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, абзал азамат деген сипаттамалар айтылады. Оның өмір жолы кімді болса да таңдандырады. Панасыз балалар үйінің түлегі. Алғашқы техникумның ең үздік оқушысы. Мәскеудегі беделді оқу орнының үздік студенті. 30-жасында Халық ағарту халық комисары.

        32 жасында Республика үкіметі төрағасының орынбасары. Алғашқы Сыртқы істер халық комиссариатын ұйымдастырушы және оның халық комиссары. Біріккен ұлттар Ұйымының мінберінен сөйлеген тұңғыш қазақ. Қазақ университетінің ректоры.

        Психология ғылымының негізін қалаушы, академик. Осындай биіктердің біреуіне шыққан адам да өз тағдырына өкпелей қоймас еді. Өмірде із қалдырдым деп, өкінбей өтер еді. Ал осынау биіктердің бәріне көтерілген тұлғаның орны бөлек болса керек.

       Төлеген Тәжібаев 1910 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының 9-шы  ауылында  (қазіргі Шардара ауданы, Сүткент ауылы) дүниеге келген. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, педагогика ғылымының докторы, профессор. Қазақ КСР ҒА-ның академигі. 1928 жылы Шымкент педагогикалық техникумын бітіріп, Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын 1935 жылы аяқтаған. 1938-1940 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында педагогика және психология кафедрасының доценті және меңгерушісі. 1940-1942 жылдары Қазақ КСР Халық ағарту комиссары,  1942-1944 жылдары РеспубликаРеспублика ХКК төрағасының орынбасары қызметтерінде болды. 1944-1957 жылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1957-1961 жылдары Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесші-өкілі  болды. 1961-1964 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде педагогика және психология кафедрасының профессоры, меңгерушісі қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтермен қатар ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен де шұғылданды.

         1940 жылғы «Халық мұғалімі» журналында жарияланған мақалаларында психологияның сол кезгі көкейкесті мәселелерін, классикалық психологияның тарихын, қалыптасу жолдарын талдауға алды. Осы еңбектері негізінде 1961 жылы «Жалпы психология» атты тұңғыш оқулық жазды.

        Т.Тәжібаев қазақ тілінде психология ғылыми терминдерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Т.Тәжібаевтың бірқатар еңбектерінде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың педагогикалық және психологиялық көзқарастарын зерттеуге арнады.

        Т.Тәжібаев 2-4  сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

          Еліміздің Тәуелсіздік алуы біздің халқымыздың мақтанышына айналған ардақтыларымызды ұлықтауға, тарихи құндылықтарымызды қастерлеуге мол мүмкіндік берді.

             Сыр өңірінде дүниеге келіп, тарихи тұлғаға айналған Т.Тәжібаевты қастерлеп, ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз!

            Бүгін Шардара өңірінде осы парасатты парыздың орындалған күні деп айтуымыз керек. Жақында қаладағы Түгелбаев даңғылының басталар тұсында (Төлеби даңғылының қиылысқан тұсы) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Тәжібаевтың мүсінін ашуға арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қыстау Ілесов ашты.

           Жиынға Алматыдан келген  белгілі ғалым, журналист-жазушылар, туыстары өнер адамдары Төлеген Тәжібаевтың өмір жолдарын, қайраткерлік, ұстаздық еңбектері туралы жан-жақты айтып берді. Мүсіннің авторы–белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашев. Салтанатты рәсімде аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғанов сөз сөйледі.

 

Бақытжан  БӨЖИКЕЕВ

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

18 − 7 =