Ішкі Істер министрлігі соттала ма?

d0bdd0b0d180d183d187d0bdd0b8d0bad0b8        

 Жақында Астанадағы жауынгерлер аналарының комитеті Ішкі Істер министрлігін сотқа берді. Не үшін дейсіз ғой? Аты дардай құзыретті орган қандай қылмыс жасауы мүмкін деген ойға да қаласың. Не десек те, өкілетті органға әскери қызметкердің өліміне қатысты істі тергеуде немқұрайлық танытты деген айып тағылып отыр. Оқиға өткен жылдың тамыз айында орын алған. Жамбыл облысының Гвардейский ауылындағы № 21-450 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер 21 жасар Павел Сергиенко көз жұмған болатын. Отан алдындағы азаматтық борышын өтегеніне үш ай ғана болған оны әріптестері белбеуде асылған күйінде тауып алған екен.

         Істің ақ қарасын айыруға тиіс Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы жауынгерді өз-өзіне қол жұмсағандығын алға тартқа еді. Ал, сот-дәрігерлік сараптама болса, марқұмның денесінде көптеген жарақаттардың болғанын анықтапты.  Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ деп тапқан. Жауынгерлер аналарының комитеті Павел Сергиенконың өзін-өзі өлтірмегендігін дәлелдеуге кірісіпті. Ендігі жерде олар министрліктен Павел Сергиенконың отбасына 5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етпекші. Қылмыстық іс ашылмайтын болса, қоғамдық ұйым Қорғаныс министрлігімен де соттасатындықтарын айтуда.

         Астанадағы жауынгерлер аналары комитетінің төрайымы Людмила Костенко Сергиенкомен бірге әскери борыштарын өтеген сарбаздармен әңгіме жүргізу барысында жауынгердің өзін-өзі өлтіруіне ешқандай негіз жоқ екеніне көз жеткізгендіктерін айтуда.

         Сарбаздар сөзіне қарағанда оны мүлдем өзге жерде соққыға жығып, содан кейін ғана сол жерге әкеп тастаған көрінеді.

         Аналар үмітінің қаншалықты ақталатыны алдағы уақыттың еншісінде.