Қасым Қайсеновтің ескерткіш мүсіні қойылды

d0bad0b0d181d18bd0bc-d0bad0b0d0b9d181d0b5d0bdd0bed0b2          

 Ұлы жеңістің 65-жылдығы мерекесі күні Өскеменнің қақ ортасынан қазақтың қаһарман ұлы Қасым Қайсеновке кеуде мүсіні қойылды.

            Мүсіннің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, өзге де лауазымды тұлғалар мен батырдың майдандас достары, жақын туыстары, оқушылар мен студент жастар қатысты.

        – Қазақтың нары атанған, сол бір сұрапыл соғыста алғашқылардың бірі болып партизандық қозғалысты бастаған жерлесіміз Қасым Қайсеновтің ерлігі ерекше. Қауіп пен қатерге толы партизандық соғыста жанын сала күрескен Қасым аға артына өшпес із қалдырып кетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбваевтың еліміздегі ең жоғарғы атақ «Халық қаһарманын» ең алғаш болып біздің жерлесіміз Қасым Қайсеновке беруі де ол кісінің қадір-қасиетінің қаншалықты биік екенін білдірсе керек.

          «Бүгінгі мынау ашылып отырған қола мүсін өсіп келе жатқан жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде, тарихымызды танып білуде, оны қастерлеуде үлкен рөл атқарады», – деді Б.Сапарбаев мүсіннің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

 

Азамат Әбілұлы

Өскемен