Амангелді АЙТАЛЫ: Бұл күресте ақыл, жігер, білім шешеді!

771
0
Бөлісу:

d0b0d0bcd0b0d0bdd0b3d0b5d0bbd0b4d196-d0b0d0b9d182d0b0d0bbd18b1

– Амангелді аға, Астанада, Ақ Ордада 5 ақпанда өткен ұлттық саясат жайлы отырыс жөнінде пікіріңізді білсек деп едік?

Иә, Ұлттықакадемиялықкітапханада«Елбірлігі» доктринасынұсынушылармен «ҚазақстанРеспубликасыұлттықсаясатытұжырымдамасының» МұхтарШахановбастағанавторларыкездесті.Ол тұжырымдама «Ақ жол» партиясының «Жаңа ұлттық саясат тұжырымдамасы» негізінде де жасалғандықтан бұл кездесуге біздің партияның мүшелері де, атап айтқанда мен және Бөріхан Нұрмұхаметов қатыстық. Отырысқа басқада патриот азаматтар да қатысты. Жиынды Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай ашты. Негізгі мәселе «Ел бірлігі» доктринасымен Мұхтар Шахановтың тобы дайындаған тұжырымдаманы қарау болды. Кейбір жиынға қатысушы азаматтар «Ақ жол» партиясының тұжырымдамасын бөлек қою керек,оның өзіндік мазмұны бар деп ұсыныс айтты. Нәтижесінде барлық құжаттар негізінде жаңа, мемлекеттік ұлттық саясат бағдарламасы дайындалсындеген тоқтам болды. Азаматтарданда 500-дейұсыныстар түскен. Атын «тұжырымдама» немесе «доктрина» деп атаймыз ба, қалай аталарынкейін көрерміз дестік. Осы мәжілістің төрағасын сайлауда біраз пікір-таласболды, соның барысында осы мәжілістің өзінің мәртебесі қандай? Комиссия бола ма, басқа бола ма, алдымен соны анықтап алайық деген мәселе қойылды. Пікірлесе келе болашақта жұмыс істейтін бұл топтың дәрежесі, құрамы Президент өкімімен анықталсын, сонда оның деңгейі де биік болады, жұмысы да өнімді болады делінді. Сондай-ақтүпкілікті қабылданар құжат Президент жарлығымен бекітіле ме, басқаша бола ма, оны да анықтау керектігі айтылды. Бұл ұсынысты Дархан Мыңбай да қолдады.

           Міне, осымәселелердіқарауменотырысөзжұмысынаяқтады. Олқызупікірталастүріндеөтті. МұхтарШахановтобындағыазаматтар «бізжасағантұжырымдаманегізгеалынатынболсын» деді. Оныалуғаболады, себебіондағыбіразидеякейдесөзбесөз, кейде басқасөзбен «Ақжол» партиясыныңконцепциясынаналынған, сондықтанбізолтұжырымданынегізгеалынғанынқолдаймыз. Екіншіжақтыңойы «ешқандайқұжатнегізгеалынбасын» дегенгесайдыБіздіңұсынылған «тұжырымдама» қыркүйекайындағынұсқа, оданберітолықтырылды, жетілдірілді. Доктринаныңеңүлкенпайдасыелдіңойындажүргенпікірдісыртқашығаруғамүмкіндіктуғызды. Билік, әрине, бұлдоктринаныхалықүндемейқабылдайсаладыдегенойдаболғанекен. Билікесептесті, сескенді, соныңкөрінісіретіндеешқандайалдыналашартқоймастанбізбенбіргежұмысістеугекелісті. Мұхтар Шаханов «комиссияқұрамы екі жақтан 10 адамнан 20 адам болсын» деді. Билік жағы екі жікке бөлінбей-ақ бір топ болып, жұмыс істей берсек қайтеді деген ойын сыртқа шығарып еді, оған ертең дауысқа салған кезде бір жақ басымдық алып кетпесін деп, Мұхаңның пікірі қабылданды. Әрине, жұмыс тобы сол комиссияның ішінен жасақталады, сол азаматтар нақты құжат дайындаумен түпкілікті отырып айналысатын болады.

– Отырыстың шешкені бір ғана мәселе болды ғой?

-Иә, болашақ құжаттың мазмұны, мақсат-мүддесі, әрбір саладағы жетекші идеясы айқындалған жоқ, оны анықтау үшін біраз уақыт керек шығар деймін. Кейбір ұсынысты іске асыру үшін біршама уақыт керек, кейбір ұсынысты, мысалы Мұхтар Шаханов айтып жүрген «Мемлекеттік тіл туралы» заңды биыл-ақ қабылдап жіберуге болады. Билік оған қарсы болмауы да, парламентке заң жобасынұсынуы да мүмкін, бірақ оларға «асықпаңдар, бір-екі жыл жатсын, артынанөзі-ақ ұмыт болады» деген тапсырма беруі де мүмкін. Ондай саясаттың бар екенін білеміз. Ендеше біз әр мақсаттың көзделген, келісілген, дер кезінде орындалуына өте зор мән беруіміз керек. Мұхтар Шаханов тұжырымдамасы 5 жылға, «Ақ жол» партиясынікі 10 жылға есептелген. Талқылау барысында қандай құжат шығарын уақыт көрсетеді.

– Өткен сәрсенбіде Мұхаңның кабинетінде Аастанаға баратын біздің жігіттер «доктрина халық қарсы болған құжат ретінде мүлдем есепке алынбауы тиіс, Қазақстан халық ассамблеясының мұндай құжат қарауға тіптен құқы жоқ, қаралатын құжатқа біздің тұжырымдама негіз болуы тиіс» деген ұстанымда тұрамыз» деген тоқтамға келіп еді…

-Иә, Мұхтар Шаханов ондай талабын бірден және ашық айтты. Ассамблеяның мұндай құжат қабылдай алмайтыны сөзсіз. Қазір ассамблеяның мүшелерінің өздері басын алып қашып жатыр. Билік олардың қолына доктринаны дайынкүйінде ұстатып жіберген ғой. Әрі ассамблеяға үлкен мән беріп қарауға болмайды, ол негізінде жарнама үшін және жоғарыдан түскен құжаттарды қолдау үшін жасалған дүние. Доктрина секілді құжатты атағы зор көп ғалымның өзі де түсіне бермейді. Оны ассамблея халық арасында талқыламай-ақ қабылдауға дайын еді. Бірақ, Президент маңызы зор болғаннан кейін шығар, оны талқылауға жіберілсін дегені. Оқымай жатып қолдаған ассамблея мүшелері, бүгін «біздің еш қатысымыз жоқ» деп жүр…

Сондықтан бұл жерде биліктің азды-көпті қулығы өтпей қалды деп айтуға болады.

Сіз әрі ғалым, әрі саясаткер адам ретінде осы тұста қандай саясат ұстанбақшысыз – ұлт мүддесі үшін үлкен тірлік істеуге болатын, екіншілей қайтып келмейтін осындай шешуші сәтте бір қадам шегінуге де болмайтын жерлерде тас болып қатып, өз ұстанымыңда тұрып алу керек дейсіз бе, жоқ әлде «политика – исскуство возможного» деген сөзді еске алып, қарсы жақтың да айтқанын істейік, өзіміздікін де ұмытпайық деген ұстаным дұрысырақ дейсіз бе? Қай жағындасыз?

-Мұхтар Шаханов «Амангелді Айталыбіздің 10 адамның ішінде» деп айтты… Ол дұрыс. Менің түсінігімде үлкен стратегиялық мақсаттар бар, олар – қазақ халқының, ұлтының, тілінің, мәдениетінің өзіндік артықшылығы және қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт екендігі. Біз осыдан таймауымыз керек. Екіншіден, ең үлкен мақсат – әлеуметтік және экономикалық мәселе. Бұл екі мәселе доктринада да, Шахановжағы дайындағантұжырымдамада да толықтай көрініс таппады. Ал, бұл ұлттық мәселе ғой! Сондықтан біз оны өз тұжырымдамамыздакең жазған болатынбыз.Осы екеуінен келіп отарсыздану идеясы шығады. Отарсызданусыз тәуелсіздік болмайды! Біз тәуелсіздікті отарлық құлдықтан құтылу үшін алдық! Ендеше, отарсыздану мәселесінде ешқандай шегіну болуы мүмкін емес. Тактикалық мәселелерді ойланып көру керек. Негізі бізге ең үлкен шабуыл осы отарсыздану мәселесінде болады. Кешегі жиынның өзінде Мұхтар Шаханов тобы дайындаған тұжырымдама «халықаралық құқықтық стандарттарға, еліміздің Конституциясына қарсы, қазақтарға артықшылық береді екен» деген сөз айтылыпқалды. Және оны қазақтың аузымен айтқызды. Біз тәуелсіздік алдық па, алмадық па? Міне, тартыс осындай стратегиялық тұста болады.

Билік 16-желтоқсанның алдында ондай-мұндай уәде беріп, өзінше ұтты. Бәйгеге түсейін деп бүйірі қызып тұрған тұлпарды құлағынан басып тоқтатқандай болды. «Е, соларды қойшы, тоқтаттық қой» деген оймен ұттық деп отыр. Шын айтысатын кезең енді келді! Бұл аштық жариялаудан да қиын. Бұл – идеялық күрес. Бұл күресте ақыл, парасат, жігер, білім шешеді. Ертең қатты пікір-талас болатыны анық. Казактардың өкілі келіспейтіндігін кеше-ақ айтып салды.

Міне, солардың көзін біз әлемдік саясатқа, үрдіске сай қимылдап отырғанымызды айтып жеткізу керек. Біз қазақ халқына артықшылық талап етіп отырғанымыз жоқ. Қазақ мәселесі тек қазақ жерінде шешіледі. Басқа ұлт өкілдері осыны түсінулері тиіс.

Амангелді аға, мен тағы да бір рет анықтап сұрағым келеді, артық кетсем алдын ала кешірім сұраймын. Аалда тұрған идеялық айтыста сіздер сияқты ғалым адамдардың рөлі артады. Баяғыда елге жер сатылмасын деп үндеу тастаған, парламенттеотырып «жерді сату – анаңды сату» деп арыстанша гүрілдеген Шерхан Мұртаза ағамыз бастаған зиялы топтың көп өкілі кейін жер сатылсын деп қол көтеріп еді… Ссіз де ертең жеме-жемге келгенде тайқып кетіп жүрмейсіз бе? Біз бұдан бір қадам шегінбейміз, оның себебі мынау-мынау деп дәйектеріңізді, уәжіңізді алға тартып, қайтпай отырып ала аласыз ба?

-Сіздің ойыңыздың арғы жағыңда күдік тұрғанын түсініп отырмын. Мен «Ақ жол» партиясыатынан тұжырымдаманы дайындаған топтың жетекшісімін. Онда айтылған ойдың бәрі менің жүрегімнен шыққан. Мен сол ұстанымда қаламын!

Рахмет, аға! Аман болыңыз, Алла-Тағала қуат берсін!

 

cұхбаттасқан

Өмірзақ АҚЖІГІТ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

11 + 5 =