Ұлт мүддесі Ұлықталса ғана тәуелсіздік баянды болмақ

705
0
Бөлісу:

      

 

Қай істің басында да, кім болғанына қарап, ол саланың болашағы айқындалады. Осыт ұрғыдан алғанда, біздегі ТМД бойынша ешқандай баламасы жоқ деп табылып, баянды болып келе жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасын айтсақ та жеткілікті. Елбасымыздың қолдауымен жасалған бұл мемлекеттік бағдарламаның басында ұлт жанашырлары, мәдениет мәйегін тамыршыдай тап басып, талғай білетін Иманғали Тасмағамбетов пен Мұхтар Құл-Мұхаммедтың болғаны оның мәні менмаңызын арттыра түскені айқын. Жақында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Үкімет басшысы К. Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісіндегі министрліктің 2009 жылғы есебімен 2010 жылғы жоспарында да «Мәдени мұраға» ерекше тоқталғаны белгілі.

Таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Тіл саясатын жүзеге асырудың жаңа кезеңіне арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеумен айналасатын жұмыс тобы құрылды. Бұған министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің  өзі басшылық етіп, екі орынбасарының бірі болып, ұлт патриоттарының көсемі Мұхтар Шахановтың тағайындалуы көп нәрсені аңғартса керек. Бұлтуралы «Жас қазақ үні» газеті «Қос Мұхтар тізе қосса ғана қазақ тілі азат тілге айналуы мүмкін» деген үшбеттік материал берді. Бірнәрсені ашық айту керек, осы жиында алғаш рет билік тарапынан, министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің  өз аузынан тіл мүддесі үшін күресіп жүрген тұлғалардың әрекеті ешқандай саясатшылдық емес екені, ондай ұлттың тағдырын шешетін күрделі мәселелердің шешілуі керектігі мәлімделіп, Елбасының атынан алғыс айтылды. Сол жиынға мәдениет ордасы Алматының бүкіл зиялысы тайлы-таяғымен жиналуына қарап отырып, егер министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің орнында тілін шайнап сөйлеп, өзі қазақ ұлтының арқасында жайлы жерлерді жайлап жүрсе де, қазақтың мәселесін басқа планетада ғана шешкісі келіп жүрген нигилист ертісбаевтар отырса, осынша ұлт патриоттары жиналар ма еді деген ойға келесін.

Ұлт мүддесін ұлықтап жүрген биліктегі санаулы саңлақтар туралы кішкентай жылы сөз естісеңде, өзіңді мақтағандай өркештеніп қаласын. Биліктің кемшілігін аямай-ақ

сынап жүретін қазақтың классик жазушысы Дулат Исабеков осыдан 5-6 жыл бұрын бір сөйлесіп қалғанымызда: «Егемендегі» Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Бөрте ханым туралы мақаласын оқыдыңба? Керемет терең дүние екен, тауып оқы»-дегені  әлі есімде.

Немесе билікке қарсы баррикаданың арғы бетіндегі ақын апайымыз Айсұлу Қадырбаеваның: «Германиямен Сауд Арабиясындағы Қазақстанның мәдениет шеберлерінің концертін көріп, өнерлеріне қатты қуанды Мұхтар Құл-Мұхаммед ініміздің мәдениетті осынша көтеріп жібергеніне ерекше риза болдым» – дегенін естігенде, билік биігінде жүрген ұлттық рухы биік қайраткерлер үшін өзің қуанып қалады екенсің. Әрине, бұл жерде кешегі қазаққа қарсы дүбәра доктринаны қолдап, ұлт патриоттарына қарсы шыққан жалпақшешей жағымпаздар сөз болыпотырмағаны кімге де болса белгілі ғой деймін.

Біз әңгімеміздің басында ұлт жанашырлары санаулы деп текке айтқан жоқпыз. Әзір билікте жүрген, қазақша ойлап, қазақша түс көретіндерді айта бастасақ, жоғарыда атап өткен, алдымен ел аузына ілінетін екі тұлғадан өзге Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Серік Үмбетов, Жансейіт Түймебаев, Қайрат Мәми, Серік Ахметовтармен ғана шектеліп қалатынының айқын. Ал кез-келген тәуелсіз мемлекетте мемлекеттік тілді білмейтіндер министр мен әкім болмақ түгілі жай қызметке де жолай алмайтынын ойлағанда жынданып кетпей тұрғаныңа таңданасың… Жиырма жылдан бері сабырберіп келе жатқан Аллаға шүкіршілік айтасың. Әзірше, әрине…

Бұл біздің ұлт жанашырлары туралы аз ғана ілтипатымыз. Алда ұлт мәселесінде хан демей, қара демей әркімнің бағасын беретін кез болатынын білеміз… Қазіргідей кімнің кім екені сыналар шақта биліктегі ұлт жанашырларына өзгелерден анағұрлым жоғары жауапкершілік жүктеліп отырғанын түсінген елдің үміті ақталса екен деп тілейміз.

Қазыбек Иса

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

19 − он =