Өнер керек өлгенге бас шұлғытып, Өтiрiктiң өзiн сұлу айтарға...

 

d182d0b5d0bcd0b8d180d0b3d0b0d0bbd0b8-d0bad0bed0bfd0b1d0b0d0b5d0b2

«Ақиқат бар.

Бiрақ ол бiршама  кешiгiп жүредi

Б. Момышұлы

 

Ақиқат!

 

Сүлейлердiң тұмадай сөзiндесiң,

Сұлулардың

тұп-тұнық көзiндесiң.

 Қарттың

соңғы ақ өлiм демiндесiң,

Көрге түскен

күнәсiз кебiндесiң.

 

Қашан да

қайшылықтың қасындасың,

Бақытсыз бейшараның басындасың.

 

Сатқындықтың арасындасың,

Жамағайынның жаласындасың.

 

Сөгiлген қардың көбесiндесiң,

Бекежандардың жебесiндесiң.

Өткен тарих үлесiндесiң,

Абайға соққан дүресiндесiң,

 

Қанатына жармасып жарқанаттың,

Қырандардың

көздерiн қанталаттың.

 

Қарамастан

бетiңнiң бұжырына,

Бар дүние бас ұрды құзырыңа.

 

Шындықтың өзiн шыжғырасың,

Арманның арқасын қыздырасың,

 

Сен

қоғамның емшiсi екенсiң,

Бiрақ

келешектiң еншiсi екенсiң,

 

Белгiлi

Сенiң оралар биiкте екенiң,

Тек

тойға барған қазақтардай

кешiгiп жүретiнiңе