«БАЛЫҚТЫҢ БАСТАН ШІРІГЕНІ» ОСЫ БОЛАР

763
0
Бөлісу:

d184d0bed182d0bed0b0d182d18bd180d0b0d183

Атырау облысында Атырау облыстық прокуратура органдарымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында өткен жылы 89 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 348 заң бұзушылық фактілері анықталып, 23 заңсыз актінің күші жойылып, 10 наразылық, 78 ұсыныс қаралып, 83 заңға түсінік беріліп, прокурорлық ықпал ету актілерімен 282 кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Тексерулер қорытындысына сәйкес 279 лауазым иесі тәртіптік, 23 адам әкімшілік, 1 адам материалдық жауапкершілікке тартылды, сотпен 3 мүліктік емес сипатта талап арыз қанағаттандырылыпты.
Атырау облысы аумағында орналасқан жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру және спорт жөніндегі заңдылықтың қолданылуына жүргізілген тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар әшкереленді.
«Спарт – денсаулық кепілі» дейтін болсақ, салауатты өмір салтын ұстанған еліміздегі барлық білім ошақтарында спорт залы міндетті түрде болуы керек. Ал, Атыраудағы облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясында, «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінде, Құрманғазы, Махамбет ауданында орналасқан бірқатар мектепте спорт залдың жоқ екендігі анықталды. Мұнан кейінгі жағдай айтпаса да түсінікті.
Аталған білім ордаларында, жауынды күндері мен қыс айлары мезгілдерінде дене тәрбиесі сабағы мүлдем өткізілмеген.
Сонымен қатар, тексеру жұмыстары дене тәрбиесінен сабақ берілуі 3 сағаттық бағдарламасын іске асырылуы сақталмайтыны, балаларға сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшін жағдай жасалмайтыны, мектеп бойынша оқушылардың денсаулығын жақсарту мақсатында спорт секциялары жүргізілмейтіндігін де анықтады. Мұндай заң бұзушылықтар Мақат, Махамбет кенттерінде орналасқан мектептерде орын алған.
Жалпы тексеру білім беру орындарында дене шынықтыру пәнінің тиісті талаптарға сай жргізілмейтіндігін көрсетіп берді.
Тексеру қорытындысы заң талаптарын белден басқан облыс аумағында орналасқан жалпы білім беру мектептерінің 12 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Балықтың бастан шірігені» бәлкім осы болар…
Десек те, еліміздің болашағы – дені сау ұрпақтың қолында. Ол үшін спортты дамыту басты міндеттің бірі болуға тиісті. Ендеше осы уақытқа дейін заң-зәкүніңе мұрнын шүйіріп те қарамаған атыраулық директорлардың ойланатын кезі келген шығар.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу