“ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” ЕЛДІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ «Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды…

1244
8
Бөлісу:

d0bdd0b0d293d0b8d0bcd0b0-2 Маңдайға басқан жалғыз ұлттық арнамызда ұят жағдай орын алды. Бұл жайында сәл кейінірек. «Қазақстан» арнасындағы «Екі жұлдыз» жобасы ел көңілін аудар¬ған бағдарлама болып тұрғаны рас.Ұйымдастырылу жағынан да, бай сахналық декорация, бүгінгі күн талабына сай безендіру, жақсы жарнама мен танымал жүргізушілер шетелден көшіріліп әкелген жоба¬ның көркемдігін арттырғанын айтуымыз керек.  Бірақ онда жөн-жосықсыз орыс тіліне басымдық беру, жүргізуші Баянның батыстық стильге еліктеушілігі көзге шық¬қан сүйелдей көрініп қалатын. Жұлдыздарды іріктегенде кім көрінгендердің кіріп кеткендеріне де куә болдық. Жұлдыз деп елге белгілі есім иелерін айтатын еді, бұлардың ішінде ел аты-жөнін бірінші рет естіп тұрғандар да болды. Парламентте не істерін білмей отырған екі депутат – екеуі де ана тілінде мақұрым, күндіз-түні зейнеткер шал Нидің денсаулығын ойлап жүретін сенатор Ғани Қасымов пен саяси сауаты 23 ақпан Кеңес әскерлері күнін атаумен шектелетін Тәңірберген Бердіоңғаров «Екі жұлдызда» жүр. Әнші керек болса, Бекболат пен Нұрлан секілді әйгілі әншілерді айтпағанда, спикер Орал Мұхамеджановтан бастап, әнді әдемі айтатын талай депутат бар. Бірақ, олардың бәрі арзанқол шоуға келіспей, ерігіп отырған екеуі ғана ентігіп жетіп келген секілді. Сақалы сапсиған алпыстағы сенатордың бір барқырап қойып, селтең-селтең етіп билегенін көргенде қарадай ұяласың… Ал қазылар ал¬қасында да әнді бағалауға қатысы жоқ көлденең көк аттылар көбейіп кеткен. Төрт қазының екеуі немесе үшеуі орыс тілді болып келеді. Олардың көбісі тағы да өз пікірін сағыздай шайнап отырып алатыны тағы бар. 12 желтоқсан күні өткен «Екі жұлдыздың» кезекті қойылымында қазылар ішінде шашы сап-сары болып, қобырап отырған белгілі әнші Нағима Есқалиеваны көргенде шоудың шуы кем болмайтынын сезінгендей едік… Күдігіміз алдамапты, Линда Нигматулина мен Қайрат Түнтековтың дуэті біткен кезде баға берудің орнына, қарқ-қарқ күліп алған Нағима – «Қайрат, ты настоящий девственник. Концерттен кейін қашып кетпе, мені күт», – деп айқайлап, оған өзі мәз болып қарқылдап күлгенін көру қаншалықты масқара еді… Есқалиеваның ессіздігіне ескерту жасаудың орнына «тауып айтылған сөзге» қосыла мәз болған әнші-биші қыздар, жүргізушілер тобы, улап-шулаған көрермендер тобырына қарап, біздің қоғамның қайда бара жатқанын бағамдағандай боласың. Өткенде ғана Мәжілісте депутат Нұрлан Өнербаевтың КТК-ның продюссерлігімен түсірілген «Қайрат-чемпион», Девственник №1» фильмін сойып салғаны белгілі. Сонда журналистерге сұхбат беріп тұрған Бекболат Тілеухановтың осы кинодағы оспадарсыздықтар туралы айта келіп, «Белгілі әнші Нағима Есқалиеваның ішкиімін басынан асырып ойнап отырғаны қандай жиіркенішті» дегенін бүкіл ел естіген болатын. Кеше Парламентте есеп берген Мәдениет және ақпарат министрі, өнер бағасын тамыршыдай тап басатын Мұхтар Құл-Мұхамед те аталмыш фильмнің сора¬қылығын мырқымбайшылдыққа теңеді. Есті сынды естір құлақ Есқалиевада жоқ болғанымен, ұлттық арна «Қа¬зақстанымыз» қайда қарап отыр? «Екі жұлдыз» жобасының жетекшісі Гүлназ Мамасариповаға бәрібір шығар, ұлттық арна редакторлары хабар монтаждалған кезде кесіп алып тастамай ма? «Көкпардағы» ұлттық мүддені қорғаған сөздер мен демократиялық ой-пікірлерді қалт жібермей қағып түсіретін қырағы басшылар мұндай ұлттық ұстанымымызға қара батбақ жағатын бейпіл сөзді бүкіл елімізге жаюға неге жол берген? Әлде «демократия» дегеніміз осы ма? Айпақшы, осы жерде еске түсіп отыр, Есқалиеваны мемлекеттік эфир түгіл, жеке тойларға да шақыру ұятқа қалдырады. Элиталық тойлардың көбінде тойып алып Есқалиева жүреді. Ол өзінің алған ақшасына екі-үш әнін айтып, жас жұбайларға ақ тілегін айтып, жөніне кетсе бір сәрі ғой, 3-4 рет байқадық, біреудің қызығын «шоуға» айналдырады. Таяуда ғана Алматыдағы ең қымбат мейрамханада өткен, біраз шенеуніктер, әкімқаралар мен депутаттар, қаламгерлер, елден келген қариялар қатысқан тойда үйлену тойлары өтіп жатқан, өмірге жаңа қадам жасаған уыздай екі жасқа, әсіресе күйеу балаға әдеттегідей біраз шабуыл жасады. «Ты что, боишься брачной ночи? Первый раз замужем что ли? Не бойся, я помогу. А сразу видно, что невеста первый раз замужем?» деп қарқ-қарқ күлгенде, тойға қатысып отырғандардың ұяты барлары жерге кіріп кете жаздады. Имандылық пен ұлттық дәстүрді ұмытқан көпшілік жастар жағы, әрине, Есқалиевадан бетер есіріп, айқайлап мәз болды. Мен сонда жаңа өмірге қадам басып отырған екі жасқа – ақ шымылдығын жаңа ашып, аппақ сәукеле киген ару қалыңдыққа, сымбатты күйеу жігітке жаным ашыды. Олардың елге қадірлі ата-аналарына, той иесіне жаным ашыды. Бірақ, той иесі Есқалиеваны осымен екінші рет тойға шақырып отыр. Тұңғыш ұлы үйленгенде «Анкара» мейрамханасында да Есқалиева келіп, дәл осы шоу қайталанған. Араласатын достары болуы керек, соған қарағанда… Жаңа үйленіп отырған, баласындай жас бозбалаға бата беріп, ақ тілек айтатын апасы – Есқалиеваның айтып тұрғаны анау, «неке түніңді өткізуге көмектесем» деп, екі жастың тағдыры басталатын қасиетті неке түнін мазаққа айналдырғысы келіп, беті бүлк етпей соғып тұр… Иә, қоянның көжегіндей әншіміз Қайрат Түнтеков те Нағиманың кіші баласындай емес пе? Сонда Нағимаға көзі қарайып, есінен алжасатындай не болған өзі? Бұлай аузына келгенін оттау қандай «имидж», қандай былғаныш «пиар»? Осы жерде есіме түсіп отыр, Есқалиеваға анық девственник керек болса, мен бір ақысыз кеңес бере кетейін. Біздің ауылда, Сыр бойындағы қалың тоғайда бір аңшы танысым бар. Қазір жасы 47-ге қарады, өзі дәу қара, әлі үйленбеген, сүп-сүр бойдақ. Аң қуады, балық аулайды, құс атады. Бүгінгі күннің Мауглиі. Кезінде ешқандай қызды ұнатпай жүріп алды, кейін қыздар мұны кәрісінді ме, әйтеуір елуге жақындаса да әлі салт басты, сабау қамшылы. Нағимаға керек нағыз «девственник». Оның осы уақытқа дейін үйленбей қалай шыдап жүргенін қайдан білейін, әйтеуір, қабан шошқаға құмар… Қалай қолға түсіретінін қайдам, аулайды да жүреді… Естуімше қабанын атып алады, мегежінін (ұрғашысы – кейбір тілшілер жазып жүргендей «аналығы» емес) қақпанға түсіреді. Амалдары көп әйтеуір… Вот, нағыз девственник! Аты жөнін, мекенін тек Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваға ғана sms-пен жіберемін. Доңыз көрсе домалатып жайратып тастайтын дәу қарадан соң… Нағима «девственник» аулауды біржолата қоятын шығар…

Қазыбек ИСА

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. Абылай 28 Наурыз, 2010 00:59 Жауап

    «Екі жұлдызға» Есқалиеваның орнына екі құлағында сырғасы салбыраған Ерлан Көкеев отыр ғой орысша оттап… Шашы жалбыраған Нұрлан дегені қазақ па өзі, қақпайды ғой… Екеуі де қазақша ағып тұрған жүргізуші Маядан ұялса етті… Осындайлардан сабақ алмайтын «ұлттық» арна басшылары қайда қарап отыр? Бас продюссер Динара Адам қандай адам? Бас продюссерде бас бар ма? Бұларды сою үшін «Жас қазақ үніне» заказ беру керек қой. Қазыбек аға қайдасыз?

  2. Сәкен 19 Сәуір, 2013 16:07 Жауап

    Мұндай әйгілі әншілердің сорақылығы елді бұлдіреді, өте дұрыс сынағансыңдар.

Пікір немесе жауап жазу

бес × екі =