ҰЛТШЫЛ БОЛУ - ҰЛТЫН СҮЮ ЕКЕНІН ҰҒЫНАР КЕЗ ЖЕТТІ!..

Елдің ерлерін «есерсоқ, ез» деуге Әзағаңнан басқа кімнің аузы барады?..

d0b0d0b7d0b8d0bbd185d0b0d0bd

Әзілхан атамыздың бір елдің әлемге әйгілі, бетке ұстар ақынын «Аштық жарияласаң, көшеде аштан өліп қаласың» деген сөзіне қарасақ, біздің еліміз ешкім-ешнәрсеге жауап бермейтін Африканың айдаладағы бір тайпасы секілді көрінеді екен. Сонда ол кісі Мұқаңды емес, біздің елімізді, зайырлы, демократиялық мемлекетімізді, ертең он күннен кейін, бүкіл мұсылманның һәм түгел түркінің, Азия мен ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет әлемнің 56 мемлекетіне басшылық жасауға ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайланған Қазақстан Республикасын мазақ қылып отыр ма? Сонда еліміздің демократиялық келбетіне дақ түсіретін мұндай ойды газет қызметкерлері қалай жіберген?

Алаш рухты ұлтшылдарды жау санау - құлдық сана

d0b0d0bbd0b0d188-002

Біздің қазақтың бойынан арылмаған соры – жетпіс жылдан бері желкесінен түспей келе жатқан қызыл империялық қиянат – ұлттық мүддені ұстанушыларды жау санау. Оларды билікке, бірлікке қарсы санайтын құлдық психология. Ал, Алаштың көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» деген даналық сөзін оқығанмен түйсінуге қорқатындар тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға жуықтаса да, әлі көп. Алаш рухы, Алаш көсемдерінің бір ғасыр бұрынғы идеясы мен ұлт үшін күресі бүгінгі зиялы қауымда, оның алдыңғы шебінен табылуы тиіс қаламгерлердің бойында қаншалықты? Кеңестік идеология шырмауынан шыға алмай жүрген аға буыннан гөрі бүгінде жас толқынның ұлттық ұстанымы беріктеу болатыны – көп кездеседі. Әсіресе, шетелден, Қытай мен Моңғолиядан келген жастардың ұлтшылдығы жоғары. Бұны бәлкім олардың орыс тілін ембегендерінен шығатын еркіндігі деп ұғыну керек шығар. Өйткені, ана сүті қандай қасиет дарытса, ана тілі де сондай ұлттық уыз, нәр береді. Орыс тілінде тілі шығып, орысша ойланатындардың қанша мықты болғанмен шешуші сәттерде «Ахилестің өкшесі» көрініп, сыр беріп қалатыны сондықтан. Олжастың мемлекеттік тілге қарсы шығуы, Мұрат Әуезовтың Жоғары Кеңесте мемлекетіміздің аты «Қазақ Республикасы» болып бекігелі тұрғанда «Көп ұлтты елміз ғой, Қазақстан Республиксы етейік» деп ұсыныс енгізіп, өзгертіп жібергені (содан бері «қазақстандық» деген аттың шуға айналып келе жатқаны белгілі), мемлекеттік һәм ана тілінде бір ауыз білмесе де, Сыртқы істер министрі болып, мемлекеттік тілге зиянын тигізетін заң қабылдатқан Ерлан Ыдырысов, кешегі Масановтар т.б. жетіп жатыр. Алаш идеясына қазір жастар көп жақындап келе жатқанын айттық. Ахмет Байтұрсынұлының ұлтшылдық туралы әйгілі сөзін қазір барлық басылымдарға, барлық мемлекеттік мекемелердің маңдайшаларына жазып қою керек. Ұлтты сүю – мемлекетті сүю. Ал, Тәуелісіз Қазақ еліне ең керегі осы емес пе? Бірақ қазір мұны билікке де, халыққа да түсіндіру оңай болып тұрған жоқ. «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АҚИҚАТТЫ АЙТА АЛМАУЫ – БЕЙШАРАЛЫҚ» Таяуда Сыртқы істер министрлігінің жауапты қызметкерлерімен, бірнеше дипломаттармен бірге болып қалдым. Олардың біразы бірер елде елшілік қызмет атқарғандар. Сонда олардың көбісінің мемлекетшілдік мүдделерінің мықты екендіктеріне көз жеткіздім. Ұлттық мүддеге келгенде де, ұстанымдары берік екендіктерін көргенде разы болып қалдым. Бәлкім елімізді сыртқа танытар Сыртқы істер министрлігінде істеп, шетелдермен көп байланыс жасағандықтан солай шығар деп ойладым. Әңгіме бүгінгі күннің басты тақырыбы – ұлттық доктринаға келгенде олардың барлығы оған қарсы шықты және дәлелді пікірлерін қызу білдірді. Бірақ бір кемшілігі – көбісі мұны ашық айта алмайтындықтарын мойындады. Онысын күн көріп отырған жайлы қызметтерімен байланыстырды. Атын атамауды сұраған, кезінде екі-үш елге елші болған белгілі дипломат: «Ал, шығармашылық тұлғалардың, жазушылар мен әнші-сазгер, әртістердің, жалпы мәдениет өкілдерінің өз ойын ашық айта алмауы барып тұрған бейшаралық!» - деді. Әрине, ұлттық ұстанымды, жалпы пікірін ашық айтуды шығармашылық адамдарына «шығарып салған» онымен келісуге де болмайтын шығар. Қазір кеңес бергіш болып келетін кеңсе қызметкерлерінің өзі «қызмет қой, әйтпесе бүйтер едім ...» деуге үйір болып алды. Әкімдіктің, министрліктің жауапты қызметкерлері түгіл кезінде қазақ үкіметін басқарып тұрған біртуар қайраткер Жұмабек Тәшенов Кеңес империясының патшасы Н.Хрущевқа қарсы шығып, Қазақстанның солтүстік өлкесін сақтап қалды. Кейде мен ойлаймын, сол кезде Жұмабек Тәшеновтың орнында көлеңкесінен қорқатын, мансабы үшін ұлтын құрбан етуге бар нигилист немесе еліміздің асты мен үстін түгел сатып жіберіп жатқан кейінгі кездегі үкімет басшылары болғанда, Қазақстанның территориясы қандай болар еді...

Елдің ерлерін «есерсоқ, ез» деуге Әзағаңнан басқа кімнің аузы барады?..

Ассамблея ұсынған, елді екіге бөлген «Ел бірлігі» доктринасына қарсы ұлт мүддесін ұстанған қаламгерлер жиындар өткізіп жүргенде, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті» газеттері ұлт патриоттарына қарсы мақалалар ұйымдастырумен қарбаласып жатты. Олардың біразына газетіміздің өткен нөмірінде жауап берген болатынбыз. Тіпті, «Егемеген Қазақстан» әйгілі тұлғамыз Асанәлі Әшімовтың айтпағанын айтты деп, бұрмалап жариялап, оны «Айқын» газеті өздеріне тән жылдамдықпен көшіріп басып жіберді. Енді Асекең «Егеменді» сотқа берем деп бура¬дай буырқанып отыр. Бұлардан қалысқысы келмеген «Қазақ әдебиеті» академик Р.Нұрғалиев пен әртіс Д.Жолжақсыновтың «Айқындағы» ариясын қайталатып, қол қойғанын ұмытып қалған Таласбекті тауыпты. Әсіресе, қарт жазушы Әзілхан Нұршайықовты жақсы «сөйлетіпті». «Қазақ әдебиеті» газеті «Уыстай ұлтқа уыздай рух қажет» деп айшықты тақырып қойып алып, сол уыстай ұлттың да, уыздай рухтың да ұсқыны жоқ, дүбара доктринаны жатып кеп қорғайтынын қалай түсінерімізді білмедік. Жазушылардың басылымы Жазушылар одағы төрағасы Нұрлан Оразалиннің «Жас қазақ үнінен» бастап барлық газетке шыққан, ұлт мүддесін қорғап, Саудабаевты орнына қойған сөзін жариялауды қажет деп таппағанына таңғалдық. Бүгінгі көзі тірі жазушылардың ішінде жасы жағынан Алаш көсемдеріне ең жақын тұрған Әзілхан Нұршайықов Мұхтар Шахановқа жазған хатын оқысаңыз, Алаш рухына жат, қарсы сарын байқалады. Хаттың басқы жартысын әп-әдемі бастапты да, әлқиссадан кейін, айнып шыға келіпті. Хаттың жартысын біреу, жартысын басқа біреу жазғандай. Оқырман өз бағасын беру үшін ақсақалдың «ақтарылған» сөздерін қысқаша келтіре кетейік: «Құл қашамын деп қорқытады» дегендей, мұның не, шырағым-ау? Мен аштық жариялауды ерлік емес, ездік, есерсоқтық деп білемін. Ал, аштық жарияладың, аштан өлдің де қалдың. Сонда кімді қиратасың? Кім сені «Ерім-ай!» деп еңіреп жылап, жоқтайды деп ойлайсың? Ешкім де өйтпейді. Қайта мырс-мырс күлетіндер болады. Сен аштық жариялауға шақырып, кейбір әсіреұлтшыл желөкпелерді желіктірме, айналайын! Олар аузын дәкемен байлап, сенің жанында жатқандарын абырой көреді. Бірақ олар, аштық жарияладық деп, елді үркіткенімен, жан сақтаудың тәсілін біледі. Сондықтан да, тоқсанға тақаған жасымда дүниежүзінде бірде-бір адам аштық жариялап өліпті дегенді естігенім жоқ» деп сілтейді Әзағаң. Бұны «Махаббат, қызық мол жылдармен» оқырмандар махаббатына бөленген, «Аңыз бен ақиқат» арқылы ақиқатшыл аталып келген, бүгінде тоқсанға тақаған абыз ақсақалдың ақылға шақырған аталы сөзі деуге келмейді. «Қаруын» алып, қабағын қарс түйген қарт сарбаздың шолақ ойлы, шолтаң еткен шабуылдары шалдың емес, «Шаншардың» шалабурыл әртісінің шатпасы секілді әсер еткенін елдің бәрі «Әзағаңа не болған?» деп айтып жүр. Айтпасын демейміз, айтсын. Біздің шалдарға «Ақордадан ұсыныс айтып жатыр» деп алдай салса болды, асып-сасып, шаш алудың орнына бас алып, белсеніп шыға келеді. Мейлі ғой, үлкен кісілер өтініш жасаған күннің өзінде үлкеннің сөзін айтуы керек еді де... «Мен аштық жариялауды ерлік емес, ездік, есерсоқтық деп білемін» деу өмір көрген жазушының сөзі ме? Сонда кеше «Тәуелсіздігімізді жариялау керек» деп ескі алаңда киіз үй тігіп, аштық жариялап жатқан «Азат» қозғалысының Сәбетқазы Ақатай бастаған ерлерін, желтоқсандықтарды, бүгінгі Мұхтар Шаханов, Асанәлі Әшімов бастаған қайраткер, қаламгерлерді ез деуге, есерсоқ деуге Әзекеңнен басқа кімнің аузы барады? (Қазіргі «Азат» партиясымен шатастырмау керек. Ұлттық қозғалыстың «Азат» деген бренд атауын саяси рейдерлікпен тартып алған бұл партияның басшылары ол кезде «қазақстандық болайық, қазақ болмасын, орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе берейік» деп «Ақ үйді» айналып шауып жүретін). «Ал, аштық жарияладың, аштан өлдің де қалдың. Сонда кімді қиратасың?» деген Әзағаң, аузын жиғанша артынан: «Тоқсанға тақаған жасымда дүниежүзінде бірде-бір адам аштық жариялап өліпті дегенді естігенім жоқ» деп, айнып шыға келеді. Иә, тоқсанға тақағаныңыз рас екен дегеннен басқа не дейміз... Әзілхан атамыздың бір елдің әлемге әйгілі, бетке ұстар ақынын «Аштық жарияласаң, көшеде аштан өліп қаласың» деген сөзіне қарасақ, біздің еліміз ешкім-ешнәрсеге жауап бермейтін Африканың айдаладағы бір тайпасы секілді көрінеді екен. Сонда ол кісі Мұқаңды емес, біздің елімізді, зайырлы, демократиялық мемлекетімізді, ертең он күннен кейін, бүкіл мұсылманның һәм түгел түркінің, Азия мен ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет әлемнің 56 мемлекетіне басшылық жасауға ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайланған Қазақстан Республикасын мазақ қылып отыр ма? Сонда еліміздің демократиялық келбетіне дақ түсіретін мұндай ойды газет қызметкерлері қалай жіберген? Дегенмен, жоғарыда аталған газеттерге рахмет, әйтпесе әлгілердің шын бет-бейнелерін танытатын сөздерін басқа қай басылым жариялар еді... Аштық жариялаушы ұлт патриоттарының талабын орындап, келісімге келіп, доктринаны талқылауды уақытша тоқтатқан билік демократиялық қадам жасады деуге болады. Ақорданың бұл шешімі өте дұрыс болғанын кеше 17 желтоқсан күні Алматыдағы Республика алаңында бір толқып барып басылған қалың елді көргенде толық көзіміз жетті. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген бабалар даналығы осындай болса керек. Бірақ олардың мемлекеттік газеттердің бәрінде іске алғысыз болып қалған, елді екіге бөліп, қақтығысқа ұшырата жаздаған доктринаның авторларын анықтап, жауапқа тартудың орнына ол құжатты мақтата беруі нені білдіреді? Бұл қаншама уақыт, қыруар қаржы жұмсаған доктринаның барлық банкроттық шығынын ақтау үшін: «Ол да нешауа еді ғой» дегенге келіп тірелетін секілді. Бәрібір мемлекеттік БАҚ қанша дәріптегенмен, сенаторлар Сұлтанов сұқтанып, Есім есінен танып, шаң жұқтырмай қанша мақтағанмен, доктрина жарамсыз болып шықты. Енді қаңтардағы 20-сынан кейін, оған дейін ұлт патриоттары жасаған балама доктрина дайын болған соң, билік өкілдерімен бірлескен комиссияда талқылауға түсетін болады. Әзірге уәде солай болып тұр... АЛАҢ АҚИҚАТЫ – 700 ЖАЗУШЫДАН 7 ҚАЛАМГЕР. «Жас қазақ үнін» алудан жасқанатындар да бар... Біздің бүгінгі зиялыларымыздың сиқын Республика алаңы анық байқатады. Мемлекетіміздің ешқандай баға жетпес, баламасыз бағы - Тәуелсіздік күні әлемнің әрбір елінде №1 ұлттық мереке. Оны құрметтемейтін адам болмайды. Ал 16 желтоқсан күні Республика алаңына 600-дей ғана адам жиналды. Олардың ішінде 700 жазушыдан 7 қаламгер ғана болды. Ал, әнші-сазгер, әртістерден ешкімді кездестірмедік. Бәрі бейне бір жер ауып кеткен секілді. Үйге қайтып келе жатқанда жолда жолығып сәлем берген келісті жас жігіт «Қазыбек аға, осы біз ұлт ретінде намысы өліп қалған халықпыз ба, деп қорқамын» деді өзін Кеулімжай деп таныстырған «Иман» журналының қызметкері. - Таяуда Мекке - Мәдинеге қажылық жасауға барғанда «ең бірінші осы ұлттық мүддеміз бен тіліміздің жағдайын оңалта гөр» деп бір Алладан тілеп едім», - деген азаматтың ұлтшылдығына разы болып: «Ертең 17 желтоқсан күнін көрейік, бүгінгідей аз адам болса, онда сен айтқандай шынында да ұлт намысы өліп қалған деуге болады, деп жұбатқан болдым. Әзілхан ата мен Досхандар шошитын осындай ұлтын сүйген ұлтшылдар көп болса екен деп тіледім іштей. Ұлтты сүю – Отанды сүю. Ал, «Отанды сүю – иманнан», - деп Құранда тауып айтылған екен ғой деп ойладым. Ия, жүрегінде иманы барлар ғана жүрегімен ұлтты сүйе алады. Ал, иманы жоқтар «Ел бірлігі» деген алдамшы атауға өтірік алданып,ұлтқа қарсы шығады. Құдай сақтағанда, 17 желтоқсанда Азаттық алаңына 3-4 мың адам жиналды. Әрине, полиция жасағы одан аз болған жоқ. Терезесі бүркемеленген автобустар, полиция көліктері алаңда, айналадағы аулаларда толып тұрды. Алматыдағы барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындары басшыларының қатаң бақылауымен әрбір жатақхана күндіз-түні күзетілгеннің өзінде осынша адам жиналды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы педагогикалық университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет, Қыздар педагогикалық институтында тіпті оқытушылар жатақханада есік алдында жатып алып, «шыққандарың оқудан да шығасыңдар» деп студенттерді ұстап отырған. Тәуелсіздік күнін мерекелеуге, сол тәуелсіздікті жақындатқан желтоқсан боздақтарына тағзым етуге, қарсылық жасайтын қатаң тәртіп әлемде жалғыз біздің ел ғана шығар. Екі күнде алаңнан көрген жазушыларымыз Тұрсынбек Кәкішев, Дулат Исабеков, Ғаббас Қабышұлы, Темірхан Медетбек, Софы Сматаев, Өтежан Нұрғалиев, Кеңесхан Шалқар, яғни 700 жазушыдан 7 қаламгер. Әсіресе шетелден келген қандас қаламгер жастар көбірек көрінді. БАҚ-тан «Жас Алаш», «Жас қазақ үні», «Тасжарған», «Алаш айнасы» газеттері басшылары мен тілшілері жүрді. Ал, әнші - сазгерлер, әртістер жалпы мәдениет өкілдерінен ешкім көрінбеді. Биліктің халықты үрейлендіріп қойғаны сонша, алаңға келіп алып өзінен-өзі үркіп тұрғандар да байқалды. Тіпті ұлт патриоттары таратқан «Жас қазақ үні» газетін алуға, оқуға жасқанған «тәртіпті» қызметкерлер де кездесті. Желтоқсан ескерткіші тұсынан Тәуелсіздік ескерткішіне мыңдаған адам шеру тартып, елұранды айтып келіп қосылып, ұрандағанда халық бір толқып барып басылды. Полиция жасақтары жанұшырып жүгіріп, абыр-сабыр болып қалды. Әйтеуір Мұхтар Шаханов елді сабырға шақырып, аштық жариялаушы ұлт патриоттарының талабын билік уақытша орындап, келісімге келгендерін, сондықтан аштық жариялау тоқтатылғанын айтқан соң халық басылды. Тәуелсіздік жолында құрбан болғандар мен Желтоқсан боздақтарына арнап құран оқылған соң, гүл шоқтары қойылды. Ел бағына орай ешқандай қақтығыс орын алған жоқ. Ендігі әңгіме қаңтардың 20-сынан кейін басталады. Қазыбек ИСА №50 18.12-25.12.2009 ж.