Қазыбек Иса. Билік халықты көшеге шығуға мәжбүр етпеуі керек…

14881
90
Бөлісу:
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 90 пікір жазылған

  1. Рахман 11 Мамыр, 2011 00:47 Жауап

    Тәуелсіздіктің 20 жылында 20 шенеунік қазақша сөйлемесе, несіне заң шығарып, несіне ел болып отырмыз?

  2. Жасын 11 Мамыр, 2011 21:46 Жауап

    Қазақ тіліне қарсылар қазақ парламентінде, қазақ үкіметі мен қазақтың мемлекеттік органдарында не бетімен отыр? Ондай парламентті тарату керек. Ондай шенеуніктерді қуу керек.

  3. Болатьек 12 Мамыр, 2011 15:18 Жауап

    Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік орындарда істей алмауы, ЖОО- да оқи алмауы керек. Бізден басқа әлемнің барлық елдерінде солай. біз ғана бишарамыз.

  4. Асқарова Ә.А. 15 Мамыр, 2011 18:35 Жауап

    Казак тилине бей-жайлык мемлекеттик тил дарежесинде турса да калмай келеди, сондыктан ужымдарда, кез-келген ортада казак тили негизги тил дарежесине жетуи ушин барлык казакстандыктар ат салысуы керек! Ата занын – КР Конституциясын сыйлау деген осы. Ойткени – казак тили – мемлекеттик тил!

  5. Маханбет 16 Мамыр, 2011 02:18 Жауап

    Не деген керемет сөз! Бұдан артық не деуге болады?! Енді тек көшеге шығу ғана қалды… Мына биліктің былқ ететін түрі жоқ….

  6. Батырхан 29 Маусым, 2011 01:46 Жауап

    Республика сарайынан ел сыртқа шыққан соң Қазыбек Исаға «алаңға баста» деді ғой…

  7. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:00 Жауап

    Бізде мәселе тілде емес, ең басты мәселе «сол ел қалауларының» отанына деген сенімі жоғында. Әйтпесе, тілді шала – шарпы үйреніп алыпта, қазақты сыйламай жүре беретіндер бар. Мен айтар едім: «біздің елдегі шенеуніктердің бірталайы осы елде квартиранттық ұғыммен өмір сүреді, яғни кез-келген уақытта елін сатып кете барады. Олар үшін Қазақ жерінің топырағында өлу деген ұғымда өшкен».

  8. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:01 Жауап

    «Если вы мне не поменяйте мои мозги,

    мне казахский язык не выучить!»

    Ерлан ЫДЫРЫСОВ,

    Сыртқы істер министрі. 2002 жыл.
    «Мемлекетті тілді білмейтін азаматтар мемлекеттік жоғарғы лауазымды қызметтерге қабылданбайды» деген конституцияға бір сөйлем енгізсе, сол сөйлем енгізілгеннен бастап үш күнге жетпей осы Ыдырысов сияқты қара орыстар миларын ауыстырып үлгерер еді қазақтың миларына. Сол бап күшіне енген төртінші күні бастарын ақ матаға орап алғандардың мемлекеттік ғимараттарда қаптап жүргендерін көрер едік. Белгісіз

  9. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:03 Жауап

    Бұл қозғалысты 20 жыл бұрын бастағаныңызда, мүмкін барлық қазақ бірауыздан қолдар еді. Қазақтың еңсесі түсіп қалды.

  10. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:04 Жауап

    „Шіріген жұмыртқа» сыйлығының лауреаттығына кімдер лайық, соларды жазып отырайық, босқа лақпай. Ыдырысовтвн бастап, Иртышбаев, Б.Сыздықова, Т.Бердіоңғаров…

  11. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:05 Жауап

    «Әйелі өзге ұлттың өкілі болса,онда ол түрікмен билікке жолатылмайды»- деп еді, марқұм Сапармұрад. Тереңнен ойлайды ғой. Ал, біз бұлай айтар болсақ, қаны сау қазақ таба алар ма екенбіз? Тіліміздің алға баспауының түп- тамыры да осында жатқан жоқ па? Ал, енді келіп: «Мұсылманда ұлт болмайды»- дегенді шығарып жүр діншілдер. Осыны түрікменге ия өзбекке айтып көріңдерші. Екі шайнап, бір жұтып берсін.

  12. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:07 Жауап

    Әбілфайыз әке ретінде ұлы Ерланға ана тілін үйрете алмағанына, орыс қып тәрбиелегеніне ел адында БАҚ арқылы кешірім сұрау керек.

  13. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:08 Жауап

    «Әбілфайыз әке ретінде ұлына ана тілін үйрете алмағанына, орыс қып тәрбиелегеніне ел адында БАҚ арқылы кешірім сұрау керек». Тұппа-тоғры, рәтбек қажы айтпақшы. Қазақ кең ғой, ұлы Ерлан Ыдырысов миын ауыстырмай ана тілін үйреніп алса, кешіруі мүмкін…

  14. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:10 Жауап

    Мемлекеттік тапсырыс болса ми ауыстыратын лаборатория ашар едім. 1-ші тапсырма берсе түк емес… Азамат.

  15. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:11 Жауап

    Азамат, онда саған президент әкімшілігі, үкімет, парламент, министрліктер, бар қаладағы әкімдіктер мен мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қызметкерлері кезекке тұрады ғой, егер Президент мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметке алынбайды деп заң шығарса… Онда сен ең элиталық лаборатория меңгерушісі боласың. Сол кезде бізді ұмытып кетпе, кезектегілердің тізімін “Жас қазақ үні” газеті жариялап тұратын болады. Құдай сол күнге жеткізіп, Ыдырысов бастаған кезектегі мыңдаған шенеуніктердің шекесін жара бер!

  16. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:12 Жауап

    Таңірберген, Бақыт Сыздықова сияқты мәңгүрт, тілге миы жетпейтін топастардан басқа депутат болатын адам құрып қалса, шынында құрыған ел екенбіз ғой…

  17. Қонақ 29 Маусым, 2011 02:17 Жауап

    Ана тілін сыйламағаны ,анасын сыйламағаны, анасың сүті атсын. Олар кімді сыйламақ.Сәрсен

  18. Bolat Naukenuly 29 Маусым, 2011 10:01 Жауап

    ҚАЗАҚТЫҢ күші ҮНІНДЕ, яки «дауысында»

    Ғасырлар қойнауынан жеткен парасатты Бабалар үні арқылы ұлттық рухы оянған, өз Елінің Конституциясы мен Заңдарын құрметтейтін, Қазақ Елінің әр-бір азаматы, «… халық қаласа, хан түйесін сояды» деген ертедегі еркін қазақ азаматтық қоғамының негізгі қағидасын басшылыққа алып, бүгінгі ӨКІМЕТ пен ҮКІМЕТТІҢ ұлт мүддесіне қызмет ету деңгейін арттыру мақсатында, алдағы САЙЛАУЛАР мен РЕФЕРЕНДУМДАРДА, Қазақстанның болашағына сеніп балалары мен немерелерін қазақ балабақшалары мен мектептерінде тәрбиелеп-оқытатын АЗАМАТТАР мен өз іс-шараларын негізінен мемлекеттік тілде жүргізетін САЯСИ ПАРТИЯЛАРҒА ғана өз ДАУЫСЫН беруі керек.

  19. Bolat Naukenuly 29 Маусым, 2011 10:15 Жауап

    ҚАЗАҚ ҮНІ БІЗДІҢ РУХЫМЫЗДЫҢ ӨЛШЕМІ болса, онда 2009 жылы 20 қыркүйекте 12-00 де Республика Сарайында өтетін «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына қатысып Ұлттық Рухымыздың көрсеткішін жақсартуға ҮН қосайық!(видео репортаж):

    http://internettv.kz/?p=660
    2009 жылы 17 қыркүйекте түсірілген

  20. Нұрлан 29 Маусым, 2011 13:27 Жауап

    Біреу түспей болмайды ма деп қорқамын. «Ол түссе – тақтан табытқа түседі» деп еді бір ағам.

  21. Абылай 29 Маусым, 2011 14:51 Жауап

    «Әлемде жалғыз ел бар, мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйле­мей­тін, ол – Қазақстан. Әлемде жалғыз ел бар, Мемлекет басшысы – мемлекеттік тілде сөйлемейтін, өзі бір кезде отары болған шетелдің тілінде сөйлейтін, ол да Қазақстан. Өз мемлекетінде өзінің мемлекеттік тілінің мүшкіл халіне акция өткізетін, оған өліп-талып, зорға қол жеткізетін ел де осы Қазақстан.» Тура айтқан, ақиқат осы ғой…

  22. Жасын 29 Маусым, 2011 14:55 Жауап

    «Өзін отарлап алған бір кездегі қожайын елдің тілінде сөйлеуге құмарлық- құлдық психология, бейшаралық! Біздің елдің басшылары шетелге шыққанда, тіпті мынау тілі түсінікті өзбек пен қырғыз еліне барса да басқа бір шет мемлекеттің – Ресейдің тілінде сөйлеуі менің намысымды келтіреді.»
    Біздің де намысымыз келіп, іштен тынып жүргеніміз қашан…

  23. КЕНЕСАРЫ 29 Маусым, 2011 15:16 Жауап

    «Енді мемлекеттік тілдің жағ­дайын билік шешпесе, онда билік халықты көшеге шығуға өздері мәжбүр етіп отыр, кінә билікте деп білеміз. Ендеше ендігі сөз, ендігі әрекет билікте, халайық! Елбасының жауабын күтеміз! Біз бәріне дайынбыз! Мемлекеттік тіліміз үшін барлық қадамға барамыз! Халық қайтпайды! Шаханов шаршамайды!»
    БІЗ ДЕ БӘРІНЕ ДАЙЫНБЫЗ!

  24. Қонақ 30 Маусым, 2011 03:08 Жауап

    «2004 жылы Парламенттің 90 пайызы, оның ішінде қазақтардың 90 пайызы өз ана тіліне, мемлекеттік тілге қарсы шықты. Біздің “Жас қазақ үні” газеті дауыс берудің стенограммасын жариялап, масқара қылған сол 90 пайыз әлі отыр парламентте. Ертең сол 90 пайызға “Ресейге қосылмасақ болмайды екен” десе, түгел қолдайды. Өйткені, тілін қорғамаған парламент елді қорғай ма? Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін де ойлауымыз керек… Енді нұротандық парламент осы қара таңбадан арылу үшін мемлекеттік тіл туралы мықты заң қабылдауы керек.»
    …………………………………………………………Қайран, қазақ!..

  25. Руза 30 Маусым, 2011 21:32 Жауап

    Айналайын Мұхтар Аға, Жас қазақ үні, басқа да текті, ұлтшыл қазақтар, кереметтей құрметтеймін Сіздерді! Мен шамам келгенше өзімше күресіп жатырмын Керекуде. Павлодарлифт деген мекемені тіл үшін сотқа бердім.14.07.2011ж. Жас қазақ үнін шақырамын ашық сот отырысына. Жеңсем, келесі Халық банкі Павлодар ф-лы болмақ..

  26. "Жас қазақ үні" газеті 30 Маусым, 2011 23:08 Жауап

    Рахмет, Руза! Қазақтың бәрі сендей болса, ешқашан намысын бермейді.Сотқа «Жас қазақ үні» тілшісі барады, Қолдаймыз!

  27. Бектас 1 Наурыз, 2012 20:51 Жауап

    Президенттің айналасын сатқындардан тазарту керек.
    Елдің қанын сорып жатқан тас кенелер семіріп бітті. Кене тойса түсіп қалады, ал бұл адам-кенелер жабысып түспейді.

  28. Сәкен 16 Наурыз, 2012 11:17 Жауап

    Айналайын қандастар мен Алматы қаласында оз жұмыс орынымда қазақ тілі үшін күресімді жалғастырып келемін, маған жазба десе де хат алмасуыды тек қазақ тілінде дайындап келемін, бірақ мына құрғырлар әбден тұншықтырып, титығыма тиіп болды, бұл қорлыққа шыдаудың шегі жетті деп білемін. Жұмыс орынымдағы іс-қағаздардың барлығын Мемлекеттік тілге аударып орысшаларын түгел жыртып күресінге лақтырып тастадым.

  29. Қолқоюсыз 16 Желтоқсан, 2012 02:59 Жауап

    «Өзімізді-өзіміз енді тағы 20 жыл алдасақ, тілсіз мемлекетке айналамыз. Тілің болса ғана-тірісің. Тілің болмаса – өлісің. Сонда біз қандай мемлекетпіз?
    Қазақ тілін үйренуге ақша бө­лудің қажеті жоқ. Өйткені билікке қазақ тілінің қажеті болмаса – ол ақшаны не үшін бөлеміз. Шенеуніктер шетінен бөліп алып, шетелге қашып кетуі үшін бе?
    Ең алдымен мемлекеттік тілдің- қазақ тілінің қажеттігін тудыратын, әр адамға міндеттейтін заң қажет.»-деп Қазыбек Иса айтқандай, енді тіл мәселесінің шешілуі тағы да 2025 жылға шегерілді…

  30. Қолқоюсыз 16 Желтоқсан, 2012 03:01 Жауап

    «Қазақ халқының есебінен, қазақ тілінің есебінен, қазақ мүддесінің есебінен, қазақ төзімпаздығының арқасында сақталып келе жатқан тыныштық үшін өзге ұлт өкілдері енді қазаққа алғыс айтып, мемлекеттік тілді үйренуге міндетті болсын. 20 жыл мемлекеттік тілде сөйлемеген мемлекет басшысына да алғыс айтып, енді елдің бәрін мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттеуге олардың өздері ықпал етсін».
    тура сөз. Ащы ақиқат.

  31. Қолқоюсыз 16 Желтоқсан, 2012 03:03 Жауап

    «2004 жылы Парламенттің 90 пайызы, оның ішінде қазақтардың 90 пайызы өз ана тіліне, мемлекеттік тілге қарсы шықты. Біздің “Жас қазақ үні” газеті дауыс берудің стенограммасын жариялап, масқара қылған сол 90 пайыз әлі отыр парламентте. Ертең сол 90 пайызға “Ресейге қосылмасақ болмайды екен” десе, түгел қолдайды. Өйткені, тілін қорғамаған парламент елді қорғай ма? Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін де ойлауымыз керек… Енді нұротандық парламент осы қара таңбадан арылу үшін мемлекеттік тіл туралы мықты заң қабылдауы керек.»

  32. Мәди 16 Желтоқсан, 2012 03:04 Жауап

    «Бір кезде ұлтшылдық үшін арыстар атылып кетсе, енді ұлт­шылдықпен мақтануға тиіспіз. Өйт­кені тәуелсіз елміз.» Қазыбек Исаның осы сөзіне бар қазақ қосылуы тиіс.

  33. Махамбет 16 Желтоқсан, 2012 03:42 Жауап

    «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мем-тік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз. Тағы да қайталап айтайын: қазақпен қазақ қазақша сөйлессін. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екендігі ақиқат» деді Елбасы.
    Ал қазақ тілінің шын мәніндегі мем-тік тіл мәртебесіне 21 жыл бойы көтерілмеуіне кім кінәлі, не кедергі? Алашты алаңдатқан Ең басты сұрақ осы болуы керек бүгін.

  34. Edil 3 Ақпан, 2013 20:15 Жауап

    Қазыбек ИСА

    Ел мен Тіл зары

    Қасірет қаптауда қалада-
    Қазақтар орысша сөйлеуде…
    Өлікке айналып бара ма,
    Намыстан айрылған көркеуде…

    Отарлап алған ел тілінде
    Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…
    Құлдар көп билікте бүгінде
    Сатқындар аз емес… сұмдық қой…

    Құлдар ел басқарса масқара, –
    Құлдығың қайтадан орнайды…
    Қазақша білмейтін Астана,
    Қазақты қалайша қорғайды?

    Қожайын тілінде құлдарша
    Орысша сайрасақ – сол қайғы,
    Ел Азат болғаны шын болса,
    Тіл неге Азаттық алмайды?…

    Қайран ел қалайша қалғиды?
    Жау іштен шыққаны – зор қайғы.
    Қазақша есітпей әлдиді,
    Өскен ұл ел қорғай алмайды…

    Кірмеге кіріптар боп күнің,
    Кіргізді бар дінді бай мекен…
    Қолсүйер қолбала көп бүгін,
    Елсүйер ерлерің қайда екен?

    Еліме дәл бүгін ие кім?
    Сенеді кім тілсіз құлдарға?
    Ұлты үшін күйетін, сүйетін,
    Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?

    Жат тілде жалтақтап жаһанға,
    Жат тілде сөйлейміз Отанға.
    Бір іліп тастайтын қажетсіз,
    Тіліміз тойдағы шапан ба?

    Тіл зарын тартып ед атам да,
    Тілім деп жылайды ботам да.
    Шет тілін шекеден қаратар,
    Біз әлде жүрміз бе отарда?

    Жеріңді жатжұрттық жайласа
    Бабалар бар мұңы тұр есте…
    Күш егер қазандай қайнаса,
    Дәрмен де табылар күреске.

    Шын ерді шыдатпас бұғауға,
    Ананың тілі мен сүті еді…
    Ақырып Теңдікті сұрауға
    Азаттық Алаңы күтеді…

    Көк туға жеткенмен көш кеше,
    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
    Алаңда шешілер барлығы…

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
    Салғырт боп жүру де сор қанша…
    Бұл майдан бітпейді ешқашан,
    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

    Маймыл ғып жіберді Барысты,
    Кешіксек бәрі де бітеді…
    Құл болмай,
    Ұл болсаң намысты,
    Алаңда ел сені күтеді!…
    19.01.2010 жыл

  35. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:18 Жауап

    Тәуелсіздіктің 20 жылында 20 шенеунік қазақша сөйлемесе, несіне заң шығарып, несіне ел болып отырмыз?

  36. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:19 Жауап

    Отарлап алған ел тілінде
    Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…
    Құлдар көп билікте бүгінде
    Сатқындар аз емес… сұмдық қой…

  37. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:20 Жауап

    Қожайын тілінде құлдарша
    Орысша сайрасақ – сол қайғы,
    Ел Азат болғаны шын болса,
    Тіл неге Азаттық алмайды?…

  38. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:20 Жауап

    Кірмеге кіріптар боп күнің,
    Кіргізді бар дінді бай мекен…
    Қолсүйер қолбала көп бүгін,
    Елсүйер ерлерің қайда екен?

  39. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:21 Жауап

    Көк туға жеткенмен көш кеше,
    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
    Алаңда шешілер барлығы…

  40. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:21 Жауап

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
    Салғырт боп жүру де сор қанша…
    Бұл майдан бітпейді ешқашан,
    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

  41. Қолқоюсыз 24 Ақпан, 2013 00:22 Жауап

    Маймыл ғып жіберді Барысты,
    Кешіксек бәрі де бітеді…
    Құл болмай,
    Ұл болсаң намысты,
    Алаңда ел сені күтеді!…

  42. Anonymous 26 Ақпан, 2013 02:45 Жауап

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
    Салғырт боп жүру де сор қанша…
    Бұл майдан бітпейді ешқашан,
    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

  43. Edil 26 Ақпан, 2013 02:45 Жауап

    Кірмеге кіріптар боп күнің,
    Кіргізді бар дінді бай мекен…
    Қолсүйер қолбала көп бүгін,
    Елсүйер ерлерің қайда екен?

  44. Эльмира 25 Наурыз, 2013 21:03 Жауап

    Бәріміз бир тілде қазақ тіліңде сөйлейік деп келе жатырмыз. Еліміздің қандай екенің билік басында отқандардан байқауға болады. Билік басына көрінгендер отыра бермейді. Көзі ашық, көкірегі ояу, елің, халқың ойлайтын азаматтар мен азаматшалар отырады. Билік басындағылардың өзі қазақ тіліңде сөйлемейді деп оларға кінә таға берудің де қажеті жоқ. Себебі бәрімізге аяң. Орыс тілі, ағылшын тілі ғаламдық жахандану, қарым-қатынас тілі. Бирақ солай екен деп билік басындағылар мүлдем қазақ тіліңде сөйлемей кетпеуі керек. Егер бізде қазақ тілің дамытсақ мүмкін келешекте қазақ тілің шет елдер үйренер, әлемдік қарым-қатынас тілге айналар. Бұл өмір бәрі де болуы мүмкін. ОЛ ушін баріміз де күш салуымыз керек. Барлық нәрсе еңбектің арқасы дейді ғой. Бізде солай еңбектенсек расымен де қазақ тілі әлемдік тіл болар. Ол үшін ең алдымен билік басындағылар қазақ тіліңде мейлінше көбірек сөйлеуі керек. Шенеуніктер қазақ тіліңде сөйлегенсің халық қайда барар дейсіз? Шенеуніктердің арасында қазіргі кезде билікке таңыс-тамырларының арқасында қол жеткізіп жатқандары да бар. Биліктің басында отырып өздері қылмыс жасап жатқандары да баршылық. Алтын көрсе періште жолдан таяр деген сөз бар емес па? Халыққа бөлінген ақшаны өз қалталарына салып, елдің жағдайын жақсартудың орнына өз пайдаларын ойлап жатқандары несі? Әлде қолдарында бар нәрселері аздық етіп жатыр ма?

  45. Асыл Ғасыр 24 Сәуір, 2013 21:41 Жауап

    Ей қазақ жастары! Бірінші міндетің -қазақ тәуелсіздігін , Қазақия республикасын мәңгі сақтау және қорғау! Оған қажет күш қуат тамырларыңдағы асыл қан мен қазақи мінезде!

  46. Асыл Ғасыр 24 Сәуір, 2013 22:21 Жауап

    Ей қазақтар, бауырлар, АЛАШ асылдарының ұрпақтары! Біз үшін тілдің ішіндегі ұлы тіл ол ҚАЗАҚ тілі, ұлттардың ішіндегі ұлысы ҚАЗАҚ ұлты,ҚАЗАҚ халқы, бір мемлекет бар ол тек ҚАЗАҚИЯ!
    Ал олай болса неге Басеке жиналыстарды ҚАЗАҚ тілінде жүргізбейді? Ақпарат құралдары неге тәулік бойы ақпараттарды ҚАЗАҚ тілінде таратпайды?Парламентте неге ҚАЗАҚ тілі үстемдік құрамайды? Неге үкімет таза қазақша сөйлемейді? Неге талап жоқ????
    Қанша уақыт қаны бөлек, діні бөлек, тарихы бөлек ұлттардың қас-қабағына қарап, жабырқап,жалтақтап,ертеңгі күніңе сенімсіз оймен өмір сүруге болады. Уақыт келді, Шыдадық,шыдадық,енді шыдай алмаймыз! Өмір қысқа!.

  47. Нұрлан ИСА 27 Мамыр, 2013 01:13 Жауап

    Патшадан бастап қазақша сөйлеуіміз қажет. Латынға өтіп, еуропаға жол ашамыз деп жатырмыз, керісінше еуропа Біздің тілге өтіп, Бізге келсін! Өзімізді қашан мойындатамыз? «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» не болды? Онда барып жатқан бір қазақты көрмейсің… Ал, жаһандану процесін жүргізіп, келгіштеп жүрген мыңдаған аққұлақтарды көруге болады? Турасы, бізге Жаңа Билік Қажет!

  48. Қолқоюсыз 29 Маусым, 2013 11:31 Жауап

    Нағыз ұлтшылдардың манифесті мына мақалалар:

    ҚАЗЫБЕК ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ… http://www.qazaquni.kz/8911.html

    АНА ТІЛІНЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..
    БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ? http://www.qazaquni.kz/7602.html

    БИЛІК ХАЛЫҚТЫ КӨШЕГЕ ШЫҒУҒА МӘЖБҮР ЕТПЕУІ КЕРЕК… http://www.qazaquni.kz/6489.html

  49. Қолқоюсыз 3 Шілде, 2013 16:23 Жауап

    Халык кошеге тауелсиздик ушин немесе тил ушин шыгады…. Ал билигин умны кашан угады

  50. Қолқоюсыз 3 Шілде, 2013 16:25 Жауап

    Халык кошеге тауелсиздик ушин немесе тил ушин шыгады…. Ал билигин муны кашан угады?!.

  51. Абыл 10 Тамыз, 2013 20:09 Жауап

    Не деген сорлы, бейшара ел едик? Ел басшысы бейшара болса ел де бейшара болады

  52. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2014 21:27 Жауап

    Тәуелсіздіктің 20 жылында 20 шенеунік қазақша сөйлемесе, несіне заң шығарып, несіне ел болып отырмыз?..

  53. Байжан 26 Желтоқсан, 2014 12:43 Жауап

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
    Салғырт боп жүру де сор қанша…
    Бұл майдан бітпейді ешқашан,
    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

  54. сәкен 26 Желтоқсан, 2014 21:00 Жауап

    қазақ тілі қалай көтеріледі ел басыларың амандасуды қазақша айтып қалғанын өзі сатып кеткен компартиясының тілінде сайраса. ұлтын сүймейтін адам басшы болса басқаларға не сор.қандай мемілекет басшысы басқа тілде келісімдер жасайды. нұркөсем бастаған қазақ билігі ең қор еліне сор билік.

  55. Асау 24 Қаңтар, 2015 02:29 Жауап

    -Біз неге Ресей тілінде сөйлейміз. Мемлекеттің тіліміз бейшара тіл ме, әлде мемлекетіміз бейшара ел ме?

  56. о 24 Қаңтар, 2015 10:31 Жауап

    Мектепке жазда бир орысша сойлейтин казак айел.(казак деуге аузын бармайды) улын орналастыруга барып тур екен.биз де сонда барганбыз.баласы сыбырлап мам я в казахскую хочу деп ед ана айел даже я не знаю это язык а тебе зачем.деп баласын орыска (аралас мектеп болатын)5сыныпка жаздыртып жатты.сонда орыстар да турган мен жер болдым.баласына риза болып балан курлы акылын жок мангурт екенсин дедим.айкай шу ар жагын айтпай ак койайын

  57. Мәди 15 Шілде, 2016 16:59 Жауап

    “Әлемде жалғыз ел бар, мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйле­мей­тін, ол – Қазақстан. Әлемде жалғыз ел бар, Мемлекет басшысы – мемлекеттік тілде сөйлемейтін, өзі бір кезде отары болған шетелдің тілінде сөйлейтін, ол да Қазақстан. Өз мемлекетінде өзінің мемлекеттік тілінің мүшкіл халіне акция өткізетін, оған өліп-талып, зорға қол жеткізетін ел де осы Қазақстан.

    Өзін отарлап алған бір кездегі қожайын елдің тілінде сөйлеуге құмарлық- құлдық психология, бейшаралық! Біздің елдің басшылары шетелге шыққанда, тіпті мынау тілі түсінікті өзбек пен қырғыз еліне барса да басқа бір шет мемлекеттің – Ресейдің тілінде сөйлеуі менің намысымды келтіреді.

    Тілімізге қарасақ, біз әлі Ресейдің губерниясы секілдіміз. Бұл ешқандай дипломатиялық жетістік емес. Бұл – дипломатиялық дімкәстік. Бұл – сыртқы саясаттағы сауатсыздық, рухани кембағалдық. Бұл – ұлттық намыстан жұрдай­лық, мемлекетшілдіктің, патриоттық­тың жоқтығы. Қарапайым сөзбен айтқанда, күшігінен таланған бей­шаралық. Біз Ресейге барғанда да қазақ тілінде сөйлеуге тиіспіз.Сонда олар Қазақстанның осыдан 18 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын есіне түсіруі мүмкін…
    2009 жыл.

    Қазыбек Иса. Билік халықты көшеге шығуға мәжбүр етпеуі керек… http://www.qazaquni.kz/2009/09/24/6489.html

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 1 =