ҚАЗАҚ ҮШІН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ – ӨМІР мен ӨЛІМ МӘСЕЛЕСІ

(Соңы. Басы өткен сандарда) Сенбесеңіз, “Комсомольская правда” газетіндегі мына хабарды (12.01.94 ж., “Казачья армия Сибири”) оқып көріңіз: “Объединиться в Сибирское казачье войско со столицей в Омске – такое решение приняли делегаты съезда сибирских казаков. 21 делегация приехала в столицу в Сибири из Петропавловска-Казахского, Акмолинска, Кокчетава, Павлодара, Щучинска, Тюмени, Тобольска. Решение съезда поддержали казаки Томска, Новосибирска, Курган-Илимской линии. В конце февраля на Большом круге пройдут выборы атамана Сибирского казачьего войска и атаманского правления. Приказом №488 от 22.10.1993 министр обороны России всем казакам предложил перейти на военную службу, и сибиряки не замедлили воспользоваться этим приглашением. - После регистрации в Министерстве юстиции России Сибирского казачьего войска мы будем подчиняться только Союзу казачьих войск России, - говорит атаман второго отдела Сибирского казачьего войска Владимир Синицын. Сегодня у него в подчинении несколько десятков тысяч человек. И казачки не шутят. В Омске, например, уже вовсю идет формирование 95-й мотострелковой казачьей бригады, которая будет подчиняться сразу и Сибирскому военному округу, и Сибирскому казачьему войску (СКВ)” (Астын сызған мен. – Ж.Қ.) Енді “Независимая газетаның” (20.01.94 ж., №11) бірінші бетінде шыққан “Без угрозы для России” атты қысқа хабар мен В.Портниковтың “Андрей Козырев определяет приоритеты” атты саяси талдау мақаласына назар аударыңыз. Хабарда мынадай сөздер бар: “Страх центрально-европейских государств перед Россией, как заявил на состоявшейся вчера в российско-американском пресс-центре пресс-конференции американский эксперт г-жа Стелистин Болен, вызван прежде всего историческими причинами. Чувство осторожности в отношениях с Россией будет присутствовать всегда, (астын сызған мен. – Ж.Қ.) и именно поэтому они будут чувствовать себя в безопасности окончательно только под крылом НАТО”. Мақалада айқын айтылған ақиқат: “Выступление министра инстранных дел России на совещании руководителей дипломатических представительств в странах Содружества и Балтии вряд ли поразило наблюдателей своей новизной и сенсационностью. Большинство изложенных Андреем Козыревым тезисов уже звучало – и в ходе недавнего визита министра в страны Центральной Азии, еще более осложнившего взаимопонимание Кремля и Алма-Аты, и во время предвыборных выступлений одного из лидеров блока “Выбор России” в Мурманске. Однако тогда подобная риторика объяснялась предстоящими выборами, необходимостью перехватить “патриотическую инициативу” у таких политиков, как Владимир Жириновский. (...) Министр иностранных дел России счел нужным вновь повторить свою предвыборную программу. Очевидно, теперь она становится концепцией российской внешней политики, и послам России в странах СНГ и Балтии предстоит принять директивы министра к исполнению. Главным приоритетом российской внешней политики по-прежнему остается защита прав русскоязычного населения в странах “ближнего зарубежья”. Это продуманная, выстраданная министром линия. Уже на этих выборах большая, если не абсолютная часть граждан России, проживающих в бывших союзных республиках, отдали свои голоса Владимиру Жириновскому. Энергичная защита прав неграждан может привести, в конечном счете, к введению института двойного гражданства в ряде республик, появлению новых российских граждан и увеличению избирательного электората в России более чем на треть. (...) Игра на поле “патриотической инициативы” продолжается. Победитель уже известен. Все Содружество объявлено зоной жизненных интересов России и, как следствие этого – зоной потенциальной угрозы для нее. (...) В новой декорации российской внешней политики свое место мог бы занять большой, в золоченой раме портрет Владимира Жириновского. Не было бы этого замечательного человека – как трудно было бы многим российским политикам сохранять репутацию “голубя”. (...) Голубем выглядит – и будет выглядеть, несмотря ни на что – и сам Андрей Козырев. Но вспомним его знаменитую “шутейную” речь в Страсбурге, сравним с нынешними выступлениями, чтобы удостовериться: Андрей Козырев тогда излагал не программу непримиримой оппозиции, а варианты своей будущей программы. И если фактор Жириновского позволил российской депломатии легко изменить взлелеянной политике равноправия в отношениях бывших советских республик, то можно прогнозировать и изменения на других флангах под тем же соусом: не допустить к власти Владимира Вольфовича. Так и сформируется режим Жириновского без Жириновского. Или: если Владимир Вольфович придет к власти, ему не придется ничего менять. В том числе и министра иностранных дел”. Егер Жириновскийдің басты мақсаты – бұрынғы “кеңес республикаларын”, олардың төл ұлттарын қайтадан Мәскеу табанына таптату екенін ескерсек, Ресей саясаткерінің өз аузымен айтылған жоғарыдағыдай алып-қосары жоқ сөздерінен бір-ақ қорытынды шығады: “есерсоқ ефрейтордың” аузымен (рупор) айтылған бұл саясат – қазіргі Кремльдің де сыртқы саясатының басты мақсаты. Ендеше, “Құдайға сен, бірақ өзің де қапы қалма” дегендей, бүгінгі таңда Қазақстанға төніп тұрған қауіптердің арасында алабөтен екі қауіптің екеуі де жерге байланысты екенін бір сәт қаперімізден шығармауға міндеттіміз. Оның бірі – радиациямен әбден улануына байланысты тұтас аймақтары тек өмір сүруге қолайсызданып қана қоймай, адамдарға генетикалық ажал “сыйлап” жатқандығы; екіншісі – еліміздің қазақ аз, ал, келімсектер көп тұратын, бірақ, керісінше, радиациялық уланудан аман тағы да тұтас аймақтарының жат қолына “көшіп кету” ықтималдығы. Жерге қатысты қазір бізде ешқандай да таңдау мүмкіндігі жоқ екенін де естен шығармайық. Өйткені, Ресей мен оның Қазақстандағы “бесінші колоннасының” ілгеріде сөз болған арсыз неоотаршылдық саясаты бүгінгіден бетер өршіп кетіп, жаман айтпай, жақсы жоқ, жан алқымға тығылар сәт туа қалса, ешбір қазақ: “Жарайды енді, қайтеміз, бастан құлақ садаға. Жан сақтау үшін мына иманы жоқ қызылкөз пәлелерге сол жерлерді беріп құтылғаннан басқа амал жоқ!” дей алмайды. Деуге хақы жоқ! Біріншіден, өйтіп қазақ жан сақтай алмайды. Олай деу: “Оларға үйімізді беріп, өзіміз көрге кіріп жан сақтаймыз-дағы!” деумен парапар. Неге десеңіз, қайталап айтамын: ондай жағдайда қазақтың қолында қалатын жерлер – бүгіннің өзінде жұртымызды улап, тұқымын аздырып жатқан, ал, ертең оның түбіне жетіп тынатын ауру жерлер. Ал, Ресей көз тігіп отырған жерлерден айырылу – қазақ халқына ұлт ретінде сақталып қалудың жалғыз мүмкіндігін беретін сау жерлерден айырылу деген сөз. Екіншіден, өйтіп қазақ Ресейден құтыла да алмайды. Керісінше, бұға берсең сұға береді дегендей, бүгін осалдық танытып, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалған қасиетті ата-баба қоныстарын жатқа берген халықты ертең тек Ресей ғана емес, өзге мемлекеттер де сыйлаудан, онымен есептесуден қалып, басынып алады. Сөйтіп, кім көрінгеннің қақпақылына айналып жүреміз де, ақыр аяғы, уланған жерлерде қандай өмір, қандай шаруашылық, қандай даму болсын, ұлт және мемлекет ретінде тарих бетінен өшеміз. Одан кейін өлі халықтан қалған жерді (жоңғарларды еске түсіріңіз) өзара бөлісіп алған мемлекеттер оны қалай пайдаланам десе де, өздері біледі: бірі жер астындағы байлықтарды қазады, екіншісі өз үлесін сауықтыруға сақтап қояды, үшіншісі... Бәлкім, ол жерге де басқа ешкім емес, тағы да сол Ресей ие болар... Ал, біз үшін алдын-ала айқын бір ғана ақиқат – одан, әрине, қазаққа келіп-кетер ештеңе де болмайды. Жоқ халыққа не келіп, не кететін еді... Сонымен, бүгінгі таңда қазақ үшін жер мәселесі - өмір мен өлім мәселесі десек, еш артық айтқандық емес. Егер осыны қазір бүкіл ақыл-ой, сана-сезім, жүрегімізбен ұғынбай, салпылдап жүре берсек, жоғарыда бейнеленген ақырзаман суреті ерте ме, кеш пе, әйтеуір тарих бедеріне түсеріне еш күмәніңіз болмасын! Ал енді қазақ ұлтының бүкіл болашағы тікелей және түгел тәуелді осынау екі алапат қауіптің екеуінен де жуық арада және толық құтқара қоймаса да, айтарлықтай жеңілдетіп, келешекте бұражола арылуға жол ашатын қазіргі бірден-бір амал – Рысбек Ыбыраевтың “Елім-ай” жобасын мемлекеттік деңгейде дереу қолдап, іске асыру. Бәлкім, алдағы уақытта бұл жобаның толық тексін баспасөзде шығарып, халыққа кеңінен таныстырудың да кезегі келер, ал, әзірше Рысбек ағамыздың соған байланысты мынадай ұсыныс-талаптарын назарларыңызға ұсынайық: 1. Қазіргі нақты жағдайда Ресеймен конфедерациялық немесе басқашалай тығыз одақ құру туралы ешқандай қисынға келмейтін, тіпті керітартпа идеядан үзілді-кесілді бас тарту қажет. БҰҰ-ның барлық мүшелері тәрізді Қазақстан да тек заң жүзінде (де-юре) ғана емес, іс жүзінде де (де-факто) әрі саяси, әрі экономикалық тәуелсіз мемлекет ретінде ғана Ресеймен тең құқықты қарым-қатынаста болуға тиіс. 2. Қандай да болсын әскери блокқа кірмеу керек. Тәуелсіз мемлекет ретінде жан сақтау үшін Қазақстанға бейтараптық және экономиканың бейәскерилігі ауадай қажет. Бұл бағыт парламент жолымен, республика Конституциясының шеңберінде қатаң, ешқандай бұлтақсыз және мәймөңкесіз, айқын да анық белгіленуі шарт. 3. Кез келген саяси және экономикалық бағыттағы қандай үкімет болса да, оның қызметінің алдыңғы кезегіне экологиялық апат аймақтары тұрғындарын ажалдан құтқару және физиологиялық-психологиялық сауықтыру, бұзылған жерлерді реабилитациялау һәм қалпына келтіру, тұтасынан алғанда табиғи ортаны экологиялық сауықтыру міндетін қою қажет. 4. Қазақстанның техногенді ластану мен экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтарына адамдарды, әсіресе Моңғолиядан, Ресейден, Қытайдан және басқа елдерден келген репатрианттарды (отанға оралушылар) қоныстандыруды, сондай-ақ, алдын-ала экологиялық зерттеулер жүргізілмейінше, ауылшаруашылық өндірісінің барлық түрлерін дамытуды дереу тоқтату керек. 5.Экологиялық апат аймағындағы адамдардың денсаулығы мен өмірін жедел қорғау мақсатында бүкіл жұмысты тек қана парламенттің арнайы комиссиясына бағындыру және ол комиссияны 2000 жылға дейін республика бюджетінің кем дегенде 1,5-2,0 проценті, ал, 2000 жылдан кейін бірте-бірте 4,0-6,0 процент көлеміне дейін өсетін қаржымен қамтамасыз ету қажет. Ол қаржы тек қана комиссияның бақылауына беріліп, соның ғана тапсырысымен (подрядчиктер респубикамыздың, ТМД мен әлемнің басқа да мемлекеттерінің министрліктері, ведомстволары және өзге мемлекеттік, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдары болуы мүмкін) апатты аймақтарды еркін экологиялық бағалауға, тұрғындарды техногендік және де басқа антропогендік факторлардың кері әсерінен құтқару һәм қорғау мақсатындағы жедел ғылыми-ұйымдастырушылық шаралар жүргізуге, экологиялық бұзылған және ластанған жерлерді реабилитациялау мен сауықтыру бойынша мемлекеттік шараларды ұйымдастыруға һәм іске асыруға, зардап шеккен тұрғындарды 150-200 жылға жасалған келісім бойынша сау жерлерге көшіріп, орнықтыруға жұмсалуы тиіс. 6. Радиоактивті ластанудың қазір орын алған көздерінен арылуға, жаңа көздерінің пайда болуына жол бермеуге және жоғарыда айтылған мақсаттарды жүзеге асыруға қаржы босату үшін Қазақстан аумағында республика сыртынан әкелінген ядро-химиялық қалдықтарды көмуге ешқандай мүмкіндік бермеу, атом индустриясын дамытуға, соның ішінде АЭС-тер салу мен қарудың жаңа түрлерін жасауға 2010 жылға дейін мораторий жариялау арқылы уақытша бас тарту қажет. 7. Экология мен әскери-өндірістік кешен саласындағы кадр саясатын қайта қарап, ондағы жетекші қызметтерде, біріншіден, сырттан келгендер, екіншіден, кездейсоқ адамдар емес, өз ісінің нағыз білгірлері һәм Қазақстанның патриоттары екендігін іспен дәлелдеген жергілікті мамандар жұмыс істеуін қамтамасыз ету шарт. 8.Әскери-өндірістік кешен экологиялық тұрғыдан талқандаған жерлерде жекешелендіруді жалпы және дереу тоқтату қажет. 1993 жылдың 30-тамызы күні Алматыда өткен Әлемдік антиядролық альянс Конгресінің Пленарлық мә­жілісінде оның делегаттарына оқы­лып, Конгреске табыс етілген және бүгінге дейін Қазақстанның 27 қоғамдық-саяси ұйымы қол қойған жоғарыдағы ұсыныс-талаптарды мақұлдау және қолдау жөніндегі Үндеу тексі қазір біздің қолымызда. Ендігі мақсат және міндет – баршамыз жұмыла қолдап, оларды уақыт ұттырмай іске қосу және жүзеге асыру. Алла жар болсын! Жасарал ҚУАНЫШӘЛІ