Қаржы қымқырған Қажыбек қайда жүр?

847
1
Бөлісу:

Мақпал Рысбаева

Қазақ тіліне деп бөлінген қазынаның 65 млн. теңгесін қалтасына басқан күйі Тіл комитетінің бұрынғы басшысы, филология ғылымының докторы Ерден Қажыбек ұшты-күйлі жоқ. Қаржы полицейлері оған айыпты сырттай тағып отыр.
Тіл комитетін Е.Қажыбек 2006 жылдан өткен жылдың қараша айына дейін басқарып келді. Одан кейін Алматы қаласындағы халықаралық түркология орталығына ауысқан-ды. Тергеушілердің мәліметіне қарағанда 2007 жылдың тамыз айында айыпталушы мәтіндердің қазақ-орыс-ағылшын онлайндық аударма жүйесін жасау бойынша атқарылмаған жұмыстардың үш актісіне қол қойып, мөр басқан. Және орындаушыларға 100 пайыздық төлем жасағаны да мәлім болып отыр. Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттік өкілерінің айтуына қарағанда – 20 министрлік пен ұлттық компаниялардың және мемлекеттік тілді дамытудың 12 мекемесінің ақпараты бойынша үш тілді аудармашы жұмыс жасамайды және қолданылмайды. Бастапқы залал сомасы осылайша 65 млн. теңгені құрап отыр.
Қаржы полициясы бұл жолы 4 айдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген күресінің қорытындысын шығарды. Мамандар қамауда отырған шенеуніктерге қатысты істерге жеке-дара тоқталды. Жаңадан анықталған жемқорлар тізімін Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкерлері бастап тұр. Әзірге олардың аты-жөндері жасырын. Ал «мемлекетке 17 миллион теңге шамасында залал келтірді» деп айып тағылған Су комитетінің бұрыңғы төрағасы Анатолий Рябцевтің тергеу ісі аяқталуға жақын қалса, астаналық шенеуніктер, атап айтқанда Құрылыс және денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары Нұрмағамбетов пен Кәрібжанов қазір тағылған айыптаулармен танысып жатыр. Экология министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақов пен оның екі орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілу үшін прокуратураға өткізілген.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

жиырма + 7 =