Ұлы Абайдың әлемі

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханасында ресейлік жазушы, “Культура” баспасының бас ре¬дак¬торы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни¬вер¬си¬те¬ті¬нің профессоры, филология ғы¬лымдарының докторы Николай Анастасьевтің қаламынан туындаған «Абай» кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға осы кітаптың жазылуына тікелей мұрындық болған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ әдебиет жанашырлары мен танымал жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. Орыс жазушысы қазақтың ұлы Абайын әлемге әйгілеуге ат салысып отыр. Олай дейтініміз қазақ қоғамы үшін құндылығы мол бұл кітаптың «Өнегелі адамдар өмірі» сериясы бойынша жарық көруі. Осы серия бойынша көр¬кем-өмірбаяндық кітаптардың негізін алғаш 1890 жылы орыс ағартушысы Ф.Павленков қала¬ға¬нын тілге тиек ете отырып Мұхтар Құл-Мұхаммед адамзат ақыл-ойы¬ның кемеңгер тұлғаларымен үз¬діксіз толыққан серия ендігі ке¬зе¬кте ХХІ ғасырдағы әдебиет әлеміндегі құндылықтарға бет бұрғанын айтып өтті. Бұл жобаның да¬муына М.Горький атсалысып, 1933 жылдан бастап се¬рия¬лы кітаптар жүйелі түрде қайта басылып шыға бастапты. Кейін 1933 жылы «Өнегелі адамдар өмірі» сериясы «Молодая гвардия» басылымының иелігіне өтеді де өз оқырманына деген құлашын сермей түседі. Тіпті сұрапыл соғыс кезінде де жұмысын тоқтатпаса керек. Өмір ағымы өзгергенімен, өзінің бастапқы ұстанымын жоғалтпаған серияның бар құпиясы үш қағидасында болса. Олар; ғылыми дәлдік, жоғары әдеби денгей мен оқырманын баурап әкететін қызықтылық. Осы қағидадан ауытқымаған жобадан бүгінге дейін 1200-ден астам кітап жарық көріп, жалпы данасы 100 мллионнан асып жығылса керек. Ұлы алыптарға арналған серия бойынша жыл сайын 20-30 өмірбаяндық кітап өз оқырманына жол табатын көрінеді. Міне бүгін осы әлемде теңдесі жоқ жобадан қазақтың бас ақыны Абай атамыздың ойып орын алуы біздің рухани, мәдени өміріміздегі айтулы оқиға болмақ. «Абай атамыздың әлемнің ақыл-ой алыптарының қатарында тұруы, оған өз дәрежесіне лайық кітаптың жазылуы бүгінгі ұрпақтың парызы болатын, сол арманның бүгін орындалған күні» деді тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде қуанышын жасыра алмаған Мұқтар Абрарұлы. Кітаптың авторы да бұл тақырыпқа сондай бір үлкен жүрекпен келгенін, Абай арқылы қазақ халқының ұлылығын, данышпандығын дүние жүзі мойындағанын айтып өтті. Нақты деректерге сүйене отырып ұлы ақынның деректік, танымдық, құжатнамалық қасиеттерін сөйлеткен Николай Анастасьевтің бұл қазақ ұлтына сыйлаған ұлы сыйлығы деп түсінеміз деп тарасты тұсау кесерге жиналған қауым. Бақытгүл Сали