Ақтөбеде шенді қызметкер әйелдерді құлдықта ұстаған

© LiveInternet

Ақтөбе полициясы 53 жастағы теміржол бекетінің басшысын ұстады. Ол ауыл тұрғындарын құлдықта ұстаған деген күдікке ілініп отыр, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД ақпараты бойынша, 17 ақпанда ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері екі әйелді құлдықтан босатты. 44 және 29 жастағы облыс тұрғындарын Хромтау ауданындағы шаруа қожалығына алдап әкеліп, жарты жыл тегін күш ретінде пайдаланған.

"Қылмысқа күдікті ретінде ауданның 53 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұсталған адам ауданда шенді қызметте болған", - деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 128-бабы "Еңбегін пайдалану мақсатында адам саудасы" бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті Хромтау ауданының уақытша ұстау абақтысына жабылды.