Алматылық оқушыны азаптап өлтіргендер оның әжесіне де қастандық жасамақ болған

"Алматылық оқушыны өлтірді" деп айыпталғандар Өркен Азаматтың әжесіне қастандық жасамақ болған.

Алматылық оқушыны азаптап өлтіргендер оның әжесіне де қастандық жасамақ болғанМарқұм болған баланың әкесі Астана арнасына берген сұхбатында осылай деді.

Тапсырыс беруші деп танылған әйелдің балалары Өркеннің әжесінің ізіне бірнеше күн бұрын түскен. Бірақ оның орайы келмеген. Осылай деген Азамат Кемпірбаев құрбандық ретінде олар баланы таңдаған деп мәлімдеді.

"Бірінші некесінен туған ұлы мен оның бауырлары менің ізімді аңдыды. Кейін олар менің анамды өлтірмек болды, одан түк шықпады. Енді ұлымды өлтіріп отыр. Ол әйел бәріне сенің шешең кінәлі деді. Ал анам олар аңдиды деп ойламаған, ол менің ізіме түсіп жүр деп ойлаған. Мен қайдан білейін, білгенімде мұндай қайғы болмас еді", - дейді Өркен Азаматтың әкесі Азамат Кемпірбаев.

Еске сала кетейік, Алматыда 19 қаңтар күні жоғалып кетіп, 22 қаңтар күні мүрдесі табылған 11 жастағы баланың өліміне полицейлер оның өгей анасының қатысы барын хабарлаған.

Қазір алматылық жеткіншекті өлтірді деген күдікпен 5 бірдей адам - 37 жастағы өгей ана, оның бірінші некеден туған ұл-қызы және 2 сыбайласы қамауда отыр.

Олар 11 жастағы Өркен Азаматұлын саяжайға алдап апарып, сол жерде азаптап өлтірген.