Жер комиссиясының екінші отырысы: 75 мүшенің 67-сі жиынға қатысуда
2016 ж. 21 мамыр
2484
2
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы бойынша республикалық комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен комиссияның екінші отырысы басталды.
«Комиссияның 75 мүшесінің 67-сі өзінің отырысқа қатысатынын растаған. Біраз адамдар сұхбат беріп жатыр, жолда келе жатқандары бар. 7 адам белгілі себептермен қатыса алмай отыр. Оның екеуі өз еріктерімен комиссия құрамынан шығатындарын айтқан. Қалғандары денсаулық жағдайына байланысты өткен жолы да қатыса алмаған болатын. Сол себептен ол кісілерге тезірек сауығып, жұмысымызға қосылуын күтеміз», - деді Б. Сағынтаев.
Комиссия төрағасының айтуынша, бүгінгі күні реформалар бойынша аймақтарда да қарқынды жұмыстар атқарылған. Барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында отырыстар өтті. «Кеше облыстармен селекторлық кеңес өткізіп, комиссия мен жергілікті жерлердегі қоғамдық кеңестердің қатынасына қатысты мағлұматтар бердік. Қоғамдық кеңестерге де келіп түскен ұсыныс, пікірлер жинақталады, комиссия штабына ұсынылатын болады», деді Б. Сағынтаев.
Дерек көзі: ҚазАқпарат