Елге дезинформация таратқандардан бұрын ЕЛБАСЫНА ДЕЗИНФОРМАЦИЯ ЖЕТКІЗІП ОТЫРҒАНДАРДЫ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК
2016 ж. 26 сәуір
6418
10
Өзі шығарған заңды өзі түсіндіріп бере алмайтын, қорғай алмайтын; кабинетінің төрт қабырғасына тығылып, телміріп қана отыратын, алаңға ашық шығып, халықпен халықтың тілінде сөйлесе алмайтын; Мемлекет басшысы келерде оның кортежі өтетін жерлерді уақытша сылап-сипап, сырлауды әдетке айналдырған; Президентке шалғайдағы ауыл мен базар-барахолканы көрсетпей, оны мемлекеттің несиесімен салынған өз туысқандарының зауыт-фабрикасына, қала берді балабақшасына сүйрейтін; Елбасын өз халқымен – қарапайым жұртпен әдейі араластырмай, сөйлестірмей, өздері дайындап қойған итаршыларының көпірме, жойдасыз, жасанды мадағына көміп, шығарып салатын; өзі басқарып отырған облыстағы, аудандағы жағдайдан мақұрым, халыққа титтей бет-беделі жоқ; қара басының қамы мен креслосы үшін өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай қылып жеткізетін; «Елбасының тапсырмасы бойынша» деп ауызбен орақ орып, қолымен пара алып, халықты қанайтын, қылмыс жасайтын; былай шыға бере «Не істейсің, жоғары жақ айтты ғой» деп бар жауапкершілікті Президенттің мойнына арта салатындарды жұмыстан қуып, жауапқа тарту керек!
qazaquni.kz