Назарбаев: Қазақстан жан басына шаққанда табысы 13 мың долларды құрайтын орташа табысты елдердің қатарына қосылды
2016 ж. 20 наурыз
4364
19
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үшін демократия жолдың бастауы емес, оның аяқталуы болып табылатындығын мәлімдеді. Бұл жайында Елбасы бүгін парламенттік сайлауда дауыс бергеннен кейін өткен брифинг барысында американдық журналистердің сауалына орай айтты. «Әрбір жас мемлекеттің өз даму кезеңі бар. Америка тарихына 250 жыл болып отыр, бірақ ел әлі де даму үстінде. Әйелдер мен фермерлер дауыс бере алмаған, нәсілдік кемсітушіліктің болған кезі есімізде. Бұл реформаларды сіздер өз мемлекеттіктеріңіздің 150 жылынан кейін жүргіздіңіздер. Ал бізге не бәрі 25 жыл ғана. Сондықтан болашақта өзгеру, демократия мәселесі - бұл жолдың басталуы емес. Біздер үшін демократия - бұл жолдың соңы. Біз үнемі реформалар жасап, заңдар қабылдаймыз. Бұл бағытта ілгерілеудеміз. Сондықтан да бізді асықтырудың қажеті жоқ. Өйткені біз - басқамыз. Азияда басқаша отбасылық қарым-қатынас, басқа дін, адамдар арасындағы басқа мүмкіншіліктер. Сол себепті барлық мемлекеттерге бір-бірінің дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтеуге үйрену қажет», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан қарқынды дамып, барша әлемге көмектесуін жалғастыруға, бейбітшілікті жақтауға, халықтарды жақындастыруға және ядролық қарусызданумен күресуін жалғастыруға ниетті.
«Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Осы жылдардың ішінде біздер ауқымды жұмыстар жүргіздік. Экономика 21 есе өсті. Халықтың табысы 19 есе артты. Бүгінде Қазақстан үшінші әлем мемлекетінен халықтың жан басына шаққандағы табысы 13 мың долларды құрайтын орташа табысты елдердің қатарына қосылды. Меніңше, бұл өте жақсы серпіліс. Біз бұған қол жеткізе алдық», - деді Н.Назарбаев.
Дерек көзі: ҚазАқпарат