Астанада студент жігіт жоғалды
2016 ж. 05 ақпан
2941
1
Әлеуметтік желіде Астана медициналық университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровтің жоғалып кеткені жайлы ақпарат таралуда. «3 ақпанда сағат 18.00-де үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) өз айтуымен «жұмыстары бойынша» (жұмыс, бойжеткен, достары емес) шыққан. Бәрін тексердік. Бағыты - сол жағалау. Үйге қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі. 4 ақпанда университетке сабаққа бармаған. Емтихан болса да! (...) Ол дайындалып жүрді!» - делінген Facebook-та жарияланған хабарламада.
Ерасыл қошқыл-көк түсті қысқы күрте, қоңыр түсті құлақшын киген. Бойы шамамен - 175-180. Салмағы 70-75 келі. Дене бітімі шымыр.
«Ерасыл - Астана медициналық университетінің 6-курс студенті. Интерн-хирург. Үздік! Әнші! Белсенді! Аға! Дос! Ашық-жарқын! Жауапты! Қарапайым! Тәрбиелі! Темекі шекпейді! Ішімдік ішпейді! Діни ағымдармен және т.б. байланысы жоқ. Жоғалып кетті. Табуға көмектесіңіздерші! Өтініш!» - деп Ерасылдың досы Диас жазды.
Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса: 8 747 024 81 29 (папа Ерасылдың әкесі) және 8 707 143 94 25 (Диас) телефондарына хабарласуды сұрайды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат