Ақша айырбастау еркіндікке жіберілді
2016 ж. 01 ақпан
2405
0
Ұлттық банктің қаулысына сәйкес, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап шетелдік валюталарды сату мен сатып алудағы ауытқу шегінің көлемі ұлғайды. Енді, долларды айырбастау нүктелері – 6 теңге айырмашылықта, ал еуроны -7 теңге ауытқу шегінде сатып ала алады.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі долларды сатып алу мен сатудың ауытқу шегі 6 теңгеге дейін ұлғаятын қаулыны қабылдаған болатын.
“№257 құжат бойынша, “Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау нүктелері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
1) АҚШ доллары үшін – 6 теңге;
2) еуро үшін – 7 теңге болып белгіленсін”, – делінген.
KASE қор биржасындағы бүгінгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың бағамы 361,42 теңгеге тең болғанымен, ақша айырбастау нүктелерінде 357 теңгемен 363 теңге арасында ауытқып тұр.
Дерек көзі: Нұр.кз