Сазгер, әнші Тұрсынғазы Рахым "Қазақ Хандығының 550 жылдығы" медалінің иегері атанды
2015 ж. 17 желтоқсан
3974
32
Дарынды дарын танитыны рас қой. Кеше жезтаңдай әнші Еркін Шүкіман ағаның қазақтың біртуар перзенті, мықты сазгер, әнші ағамыз Тұрсынғазы Рахым туралы жазған мақаласын оқып, ойға батып, толғанып қалдық. Осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан қолдау көрмеген Тұрсынғазы ағаның тағдыры аянышты, әрине. Бірақ, "Бақаның бағынан сұңқардың соры артық" демей ме Бауыржан Момышұлы.
Осы бастамамен қазақтың мықты ақыны Қазыбек Иса ағама телефон шалдым. Қысқасы, Қазақстан тарихшылары қауымдастығы мен "Ақ жол" демократиялық партиясының тағайындаған "Қазақ Хандығының 550 жылдығы" атты медаль Тұрсынғазы ағаның кеудесіне тағылатын болды. "Еңбек сіңірген қайраткер" секілді атақ, яки, "Құрмет" секілді орден болмаса да, қазақ өнеріне орасан зор үлес қосқан сазгердің еңбегіне тағзым деп түсіну керек мұны. Осы бастаманы көтерген Еркін ағаға, бір ауыздан қолдаған Қазыбек ағама алғыс айтамын. Шын талантты шын таланттар ғана таниды.
Азамат Тасқараұлы,
Ақын, qazaquni.kz ұлттық порталының бас редакторы
Тақырыпқа сай: http://www.qazaquni.kz/?p=43584