Екі жылдан соң Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері өзгереді
2015 ж. 18 маусым
2519
1
Елімізде базалық зейнетақы мөлшері екі жылдан кейін күрт өзгереді. Жаңа енгізілімдер еңбек өтілі 20 жылдан асқан азаматтарға қатысты болмақ.
Бүгінгі күнде базалық зейнетақы 11 мың теңгені құрайтыны белгілі. Аталмыш заң күшіне енгеннен кейін, жұмыс өтілі 20 жылдан асқандардың базалық зейнетақысы төменгі күнкөріс деңгейінің – 70%-ын, ал 35 жылдан көп еңбек еткендер үшін 100%-ды құрамақ.
Сонымен қатар жүйені жаңғырту аясында жұмыс берушінің жарнасы есебінен шартты-жинақтау компоненті қосымша енгізілмек.
«Азаматтар зейнеткерлікке шыққан кезде енді базалық зейнетақы мен жинақтаушы зейнетақы қорынан емес, сонымен бірге шартты жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын болады. Сонымен, үш деңгейлі зейнетақы жүйесі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді деп отырмыз», — дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Источник: 24.kz