Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: ГЕОРГИЙ ЛЕНТАЛАРЫН ТАРАТЫП ЖҮРГЕН СЕПАРАТИСТЕРДІ ҚАТАҢ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК!
2015 ж. 08 мамыр
2567
8
ҚР Бас прокуроры Асхат ДАУЫЛБАЕВқа,
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай ӘБІҚАЕВқа,
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет ҚАСЫМОВқа
Күні кеше кешке, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні редакциямызға белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали хабарласты. Ол: «Алматыда Георгий лентасы әлі де еш тосқауылсыз таратылып жатыр. «Алтын Орда» сауда орталығы жанындағы «Small» дүкенінің басшылығы өз дүкендерін аталмыш ленталармен безендіріп қойыпты. Ал, Алматы қалалық №132 мектеп-гимназиясының төменгі сынып оқушылары да кеуделеріне Георгий ленталарын тағып жүр» деп хабарлады. Саясаттанушының айтуынша, Алматыда жасырын сепаратистік ұйымдар өз жұмысын жалғастырып жатыр екен. "Оларға тосқауыл қоймасақ, түбімізге әбден жетуі мүмкін. Сондықтан да мен ҚР Бас прокурорына, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Ішкі істер министріне хат жолдадым" дейді. "Мысалы үшін №105 автобус жүргізушілері маған біреулердің түнде паркке келіп, Георгий ленталарын жасырын тағып жүргендерін айтты. Бір жүргізушілер оны алып тастаса, біреулері ол сепаратистік лентаны автобуста ілулі күйінде қалдыра салады екен. Естеріңізде болса, мұндай сценарий Шығыс Украинада болған еді. Сондықтан да бұл ленталардың таратылуына жол бермеуіміз керек!" Әзімбай Ғали "Бұл сепаратистік ұйымдарды әшкерелеп, БАҚ арқылы халыққа дұрыс ақпарат жеткізуіміз керек, әйтпесе, олар күннен-күнге күшейіп кетуі ғажап емес" дейді. Сондықтан да, саясаттанушы құзіретті органдардан, тиісті генералдардан осы мәселенің анық қанығын анықтап, заңсыздыққа тосқауыл қойып, іріткі салушыларды қатаң жазалауды сұрап отыр.qazaquni.kz