МҮШӘЙРА!!! «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» БІР ШУМАҚҚА БІР ЖҮЗ ДОЛЛАР!
Qazaquni.kz ұлттық порталы қараша -желтоқсан айында жариялаған «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты мүшәйраның алғашқы тақырыбы "Ай - Ару" деген атпен өткені белгілі. Жарық дүниенің жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір шумақ жазған ақындар саны 52-ден асып кетті. Оқырмандар саны 10 мыңнан асып, 170-тен аса пікір жазылды. Ендігі тақырып "КӨШ - КЕРУЕН". Иә, Өмірдің өзі көш-керуен...
Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз,
Бір ғана шумағыңыз үшін бір жүз доллар (18 000 теңге+) аласыз…
Жеңімпазды оқырмандар пікірі мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.
Мүшәйраға қатысу мерзімі де ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі мүмкін… Ақындардың жасына шек қойылмайды. Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру үшін пікір-коммент орнына жазылады.
Мүшәйра арналатын сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.
Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.
Әділқазылық еткен ақын аты қорытынды шыққанда жарияланады.
Сонымен, бір шумақ, бір жүз доллар, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.
qazaquni.kz
* Бұрын жарияланған Мүшәйра туралы жарияланымдар:
http://www.qazaquni.kz/?p=32120
КӨШ - КЕРУЕН" атты МҮШӘЙРАНЫҢ ЕКІНШІ ІРІКТЕУІ
«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты мүшәйраның "Көш Керуен" тақырыбының екінші іріктеуіне дейін бір айда 120 пікір жазылып, оның ішінде 71 ақынның жыр шумағы түскен. Бұлардың жыр шумақтарын 28 ақпанға дейін 8100-ден аса адам оқыған. Осы 71 ақынның жартысы 35 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілген болатын. Бүгін екінші іріктеуге тағы жартысы 18 ақын жіберілді. Қорытындысы кешке шығарылады.
Ой-пікір , ұсыныстарыңызды жазып қалыңыздар!
Бақжан Елсінбекқызы
- Шығыстан ән өріліп, ығысқан шақ,
Күміс таңнан төгіліп күміс моншақ.
Боз бұйдаға байланған қазақ ғұмыр-
КӨЗҚҰЙМАҒА айналған азат тұғыр.
Көшетінбіз,жайлауға, ел төсіне,
Таңсәріден ай мініп желкесіне.
Қала кездім,боз інген бұрылмады,
Бала кезді байлап ап өркешіне...
Рахай Іңкәр
Күн сайын таң атады кеш кіреді,
Дүние сан жаңарып ескіреді,
Атаң төрде қартайып, алжығанда,
Жөргектегі балаңа ес кіреді.
Бұл өмір керуендей, аялы жоқ,
Боздаған үні ғана естіледі...
Ботакөз
Сағынышы сан соқпақпен сырғанаттырды
Түйеге теңдеп тағдырын көшкен елімнің.
…Тек кірпігінің астымен күн қарап тұрды
Көшпелі тұрғындарына өтпелі өмірдің...
Сенбек Сансызбай
Мәңгі қоныс жалғаннан таба алар кім,
Мен де ертең бір елес саналармын.
Махаббатым – мәңгілік, аттанармын,
Жалғап көшін батагөй бабалардың …
Ақгүл Тұрсынбай
Ей,Адамзат! Сен ояндың. Тірісің.
Тіршіліктің сезудесің тынысын.
Керуеннің көшіндей боп жалғасқан,
Шүкір етіп, әрбір жарық күн үшін
Алланы сүй!
Ай-Керім Қуанышбай
Көш-керуен, мүмкін, көшелі ғұмыр, көш-тағдыр.
Көшкен үмітке көзінің жасын қосқан кім?!
Кеудемде мына соқпағың қалды, көш-дәурен
Көңілімде болса, көш-әуені жүр достардың!
Көшеді бәрі! Қош! Қалдым…
Қазақбай
Қолымызда желбіреп бөрі байрақ,
Жеріме-құт дарыды, еліме-айбат.
Қазағымның ерлігін әйгілеумен,
Өмір-керуен көшеді қоңыраулап
Гүлісхан Домалайқызы
Керуеннің түйесіндей тізбектелген,
өмірге кімдер келіп-кім кетпеген,
жолына жүк қалдырмас қара нардай,
жақсыны атайды Ел құрметпенен,
бұл өмір бірде,түнек,бірде арайлы,
бірде шөл,бірде жасаң гүл көктеген.
Гүлбахрам
Қара дала төсінде көш келеді,
Қараңғылық түсіріп еске нені
Дүние меңіреу күй танытса да,
Бір сәуле тоқтатпайды ештеңені.
Қазақ
АЛАШЫМДЫ аймалап əппақ арай,
Болмасын жауға таба, жатқа малай.
Күн түбіне жол тартқан қазақ көшін.
Оң жолына бастасын хақ тағалай.
Ақылжан
Бабамыздан үзілмей көш келеді
Көшке еріп жас ұрпақ өскен еді
Болашақтан жарқын таң қол бұлғайды
Қам қылмайтын өмір бар ештемені.
Гүлнәр Өмірбек
Мәңгі сарын тербеп Ұлы даланы,
Көз ұшында керуен көшіп барады
Күн өртенді ұясына батарда,
Жанарынан жылдар құлап налалы.
Ұлықбек Бекұзақұлы
Оты жанып бұрынғы өшкен күннің,
Арал жақтан самалы ескен жырдың.
Тарихымнан сыр шертіп жатқан болар,
Естіледі ысылы көшкен құмның…
***
Жері жоқ салттан аттап, бұзған ғұрып,
Ел десе – құлай салар құздан күліп.
Әшірбек, Ибрагим, Герағамды,
Сұм ажал алды-ау жанды сыздандырып.
Фәниден бақи жаққа көшті олар да,
Артына өшпейтұғын із қалдырып…
Руслан Қаюпов
Жүк артып ауыр, сенім мен сезім сандығын,
Егелік етіп соңында бұған қалды кім?
КӨШ – КЕРУЕН өмір, өтерде кетер бір күні,
Сағым мен елес, бейнесі сынды бар күнің.
Бақытхан
Жақсы,жаман бір ғұмыр кешкенімен,
Соңғы нүкте пенде үшін өшкенімен!
Тірлік біткен жұтылып кететұғын
Уақыт-тоқтамайтын көш-керуен.
Ақылбек Шаяхмет
Көш келеді шұбалып… Жолға қара.
Шөл даладай қатігез бар ма дала?!
Әлем-жәлем киім жоқ, әшекей жоқ,
Алыпты әркім керегін жолға ғана.
Нұрғазы Нұрболат
Өмір көші – керуен жалғасатын,
Асу, еңіс, шөл, өзен жол басатын.
Адам Ата бастаған керуенді,
Біз жалғаймыз, жаратқан қолдаса тым…
Нұрболат Досжан
Жайлауында шертер мұңын күйменен,
Түркі ұрпағы кешпейді енді күйбелең.
Жер анамның төсін сүйіп келген ем,
Мәңгі Қазақ –
Азат деген күйде өлем!..
«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. "КӨШ-КЕРУЕН» атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!
«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. "КӨШ-КЕРУЕН» атты МҮШӘЙРА қорытындысы шықты. Бүгінге дейін мүшәйраға 134 пікір жазылып, оның ішінде 71 ақынның жыр шумағы түсті. Бұл жыр шумақтарын 8500-ден аса адам оқыған. Осы 71 ақынның жартысы 35 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілген болатын. Екінші іріктеуге тағы жартысы 18 ақын жіберілді. Енді міне, қорытындысы шығарылып, жүйріктер мәреге жетті.
Алғашқы мүшәйраның қорытындысын осы мүшәйраға алғашқы жүлдені тіккен ақын
Қазыбек Исаның өзі жасаған болатын.
Бұл жолы мүшәйраға демеушілік еткен азамат та, әділқазылық еткен ақын да есімдерін жария етуді қаламады.
Жалпы, бұл екінші Мүшәйраға да түскен жыр шумақтарының басым бөлігі жақсы жазылған, шымыр шыққан шумақтар. Сондықтан да, жүлдегерді анықтау оңай болған жоқ. Жүлдегер соңғы іріктеуге өткен
Бақжан Елсінбекқызы, Ботакөз, Рахай Іңкәр, Сенбек Сансызбай, Ақгүл Тұрсынбай, Ай-Керім Қуанышбай, Гүлбахрам, Қазақбай, Гүлісхан Домалайқызы, Бақытхан, Гүлнәр Өмірбек секілді жүйріктер арасынан таңдалды.
Сонымен бірге
Ақылбек Шаяхмет, Нұрболат Досжан, Нұрғазы Нұрболат, Қазақ, Ақылжан, Руслан Қаюпов және т.б. жырлары сәтті шыққан деуге болады.
Бұлардан өзге авторларда жыр шумағын әдемі алып келіп, қарапайым өлең техникасынан ауытқып кетушілік бұл жолы да кездесті.
Осы жолы, көктем мен қыздар мерекесі жақындаған соң ба, әдемі жазатын ақын қыздарымыз көп кездесті. Сонымен, ұзақ іріктеуден соң, солардың ішінен тақырыпты тап басуына байланысты екі ақын үздік деп танылды. Олар
Бақжан Елсінбекқызы мен
Ботакөз! Жүлдегерлерді бәйгесімен және көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Бақжан ЕЛСІНБЕКҚЫЗЫ
Көшетінбіз, жайлауға, ел төсіне,
Таңсәріден ай мініп желкесіне.
Қала кездім,боз інген бұрылмады,
Бала кезді байлап ап өркешіне...
БОТАКӨЗ
Сағынышы сан соқпақпен сырғанаттырды
Түйеге теңдеп тағдырын көшкен елімнің.
...Тек кірпігінің астымен күн қарап тұрды,
Көшпелі тұрғындарына өтпелі өмірдің...
Жүлде осы екі ақынға бөліп беріледі. (Көктем мерекесі қарсаңына байланысты жүлде көбейтіліп, әр ақынның әр шумағына 10 мың теңгеден беріледі).
Екі ақынның да, толық аты-жөндері, мекендері белгісіз, фотолары жоқ. Сондықтан, qazaquni.kz ұлттық порталы поштасына хабарласуын сұраймыз.
Жүлдегерлер банк карточкасы нөмірін qazaquni.kz порталы поштасына
qazaquni@mail.ru немесе 8-707-124-2-124 телефонына жіберуі керек.
КЕЛЕСІ МҮШӘЙРА үшін ТАҚЫРЫП пен СУРЕТТІ ОҚЫРМАНДАР ДА ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ.
Көктем мерекесі құтты болсын, Мүшәйра қатысушылары! Күн шуағымен бірге , шығармашылықтарыңыз гүлдене берсін!
Qazaquni.kz ұлттық порталы
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
МҮШӘЙРА!!! «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» БІР ШУМАҚҚА БІР ЖҮЗ ДОЛЛАР!
Qazaquni.kz ұлттық порталы бұрын-соңды болмаған мүшәйра жариялайды!!!
«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бұл мүшәйраға жарық дүниенің жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір ғана шумақ жазсаңыз жетіп жатыр. Тақырыбын да өзіңіз қоясыз.
Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз,
бір ғана шумағыңыз үшін бір жүз доллар (18 000 теңге+) аласыз…
Жеңімпазды оқырмандар пікірі мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.
Мүшәйраға қатысу мерзімі де ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі мүмкін… Ақындардың жасына шек қойылмайды. Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру үшін пікір-коммент орнына жазылады.
Мүшәйра арналатын сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.
Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.
Әділқазылық еткен ақын аты қорытынды шыққанда жарияланады.
Сонымен, бір шумақ, бір жүз доллар, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.
* Мүшәйра туралы жарияланымдар:
МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” АЙАРУ
http://www.qazaquni.kz/?p=31000
МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” Көш-керуен
http://www.qazaquni.kz/?p=32482
МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” Көш-керуен.
http://www.qazaquni.kz/?p=32482