ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ БАСЫЛЫМДЫ ЖАҚТАП, «ЖАБУЫНАН» АЙРЫЛҒАН "ЖАС АЛАШ..."
2014 ж. 09 маусым
77102
31
Яғни, жасалаштық жасырын «журналист» Дулат Әлімұлының Еуразияға байланысты «пікірі» «Қазақ үні» газетіне жабылған жала болып табылады. Екіншіден, «Қазақ үні» газетін «Ақ жол» партиясының жетістіктерін ғана айтады»-дегенге келетін болсақ, ол ұлтшылдық «жабуымен» жүрген басқа басылымдардай қазаққа қарсы басылымды жақтау емес. «Ақ жолдың» парламенттегі көтеріп жатқан мәселелерін, Алашқа байланысты дәстүрлі байқау, ғылыми конференциялары, халықтың тұрғын-үй мәселелері, жалақыны көтеру т.б. мәселелерді айтамыз. Яғни, газет бетінде тек істелген істер туралы ғана жазылады. Кейбіреулер секілді аузымен орақ орып, «қатырайын деп жатырмыз» дегендер емес, болған істер ғана айтылады. Ал газеттің «Ақ жол» партиясымен тұрақты серіктес ретінде әр нөмірде арнайы бет беріп отыратыны партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың Гүлжан Ерғалиеваның «Адам бол» журналына берген сұхбатында анық айтылған. «Қазақ үні» газеті тек «Ақ жол» партиясымен ғана шектелмейді, елге септігі тиетін, демократиялық дем беретін талай саяси партиялардың, ұйымдардың істерін де жазып келеді. Бізде Қажыгелдиннен, Әбділдин, Заманбектерден бастап, барлық оппозиция көсемдері сөйлеп шыққан. Менің «Қажыгелдиннің қайтып келуі қажеттілік» деген мақаламды Қажыгелдиннің өзі оқып, разы болғанын Әміржан Қосанов айтып берген болатын. Заманбек «өзін-өзі үш рет атқанда,» «Атқызған кім! Атқан кім!» атты мақалалар сериясын жариялағанбыз. Алтынбек Сәрсенбайұлы қанішерлер қолынан қаза тапқанда, қаптаған курстастары бір-бір газетте отырып, үндей алмағанда, «Ақ жол» екіге бөлініп кеткеннің өзінде біз, «Қазақ үні» газеті «Алтынбек те атылды, ал тағы кім?» атты сын мақала жариялап, суретін бірінші беттегі мұқабамызда бергенбіз... Ал, «Алға» партиясы туралы да кезінде талай жазғанбыз. Бұл туралы орыс тіліндегі порталдарда қазақ БАҚ-ы туралы сараптама мақалада ашық айтылып, тіпті «Әблязовтың газеті» дегенге дейін барды өмірімде көрген адамым болмаса да... «По сравнению с другими изданиями газету "Жас қазақ үні" можно назвать поистине независимой. Владелец и главный редактор газеты – поэт Казыбек Иса. Является членом политсовета партии "Ак жол". Несмотря на это, он не подпадает под полное влияние никакой партии или клана. Однако в последнее время газета "Жас қазақ үні" работает в интересах партии "Алға", а точнее, М. Аблязова,-деп жазды Алмас Бекбердиев. (« Тяжела и неказиста… Жизнь информационных холдингов Казахстана» (ЦентрАзия.Ру, 14.02.2011., Nomad.cu 15.02.2011) Кейін әблязовынан бастап, жасарал-мамайларына дейін қазақ тілін қолдаған 138-дің хатына қол қоймай, қарсы шыққан соң, байланысты күрт үзіп, сынауға көштік... Бұдан да жасалаштық жасырын «журналист» Дулат Әлімұлының «Қазақ үні» тек «Ақ жолды» ғана жазады дегенінің жала екені анық болып отыр... Менің партияға қатысым туралы айтар болсақ 2003 жылғы 7 қаңтарынан бергі мүшесімін. Сол кезде қазақтың көрнекті қаламгерлері Исраил Сапарбай, Ибрагим Исаев, Серік Тұрғынбеков, Ханбибі Есенқарақызы т.б. бар, бір топ зиялылармен бірге кіргенбіз. Сонда мені Жанболаттың фейсбуктағы жеке парақшасында аузына келгенін оттап, «бұрын Әлиханмен, енді Азат Перуашевпен бірге істейді»-дегені қай сасқаны. Партия басшылары келетінін-кететінін, ал партия жалпы мүшелерімен өмір сүре беретінін бұл байғұс қайдан білсін. Кеңес кезінде де коммунистік партияға өтпеген мен өмірімде бір-ақ партияда «Ақ жолдың» ақ жолында келемін. Мамай сияқты, күні біте бастаған партия басшыларын лезде сатып кетіп, келесі партия қожайынның көңілін таба қоятындардың қатарынан емеспін. Осыны егер қожайындарыңның сүйегін кеміруден қалған-құтқан мишығың болса, жақсылап жадыңа сақтап қой. Одан кейінгі айтарым, мен партияға кіргенде "Дулат Әлімұлы" жазғандай, партия тжетекшілігінде Алтынбек Сәрсенбайұлы жоқ еді. Төрағалар Ә.Бәйменов, Б.Әбілов, О.Жандосовтар болатын. Алтынбек Сәрсенбайұлының партияға келгені де, "Ақ жолдың" екіге бөлінгені де кейіннен болды...
Үшіншіден, өзін Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы шығушы «оппозиционер» ретінде көрсетіп жүрген Жанболаттың жалған опозиционер екенін ел ақымақ емес, бәрі біліп алды. Басын бастап, «оппозиционер» көрініп, аяғында қойды қасапқа айдаған сасық текедей халықты алдап жалт беру – сенің негізгі кәсібің екенін елдің бәрі біледі Жанболат. АЛ НЕГЕ АЯҒЫНА ЖЕТКІЗБЕДІҢ? Одаққа қол қойылып кетті, сен қайдасың? Астанаға келген еуразиялық одаққа қарсы ұлтшылдар, желтоқсандықтар саған емес, маған хабарласты жәрдем сұрап. Сол күні тұтқындалғандардың ішінде неге болмадың? Сенің елге көз қылып, “Еуразиялық одақ бойынша “КНБ”-ға жауап беріп жүрмін” дегенің де алдын ала сол үш әріп қызметкерлерімен өзің бірігіп жазатын елді алдайтын “сценарилерді” талқылау екені белгілі болып отыр қазір. Әйтпесе 22 сәуірге өздеріне шақырған ҰҚК ертеңіне антиеуразиялық жиын өткізуге өлсе жібере ме? Жанболаттың "жиын болардан бір күн бұрын шақырыңдар" -деп үш әріппен келісуі бойынша "шақырылғаны" белгілі болуда. Бұндай мамайша сценарийлерді «Серке.орг» сайты талай әшкерелеп жазды да... Мысалы, біз 2010 жылы 9 сәуірде Жанболат Мамайдың Кедендік одаққа қарсы жастарды митингке шақырғанын қолдап, оның: «Тәуелсіздікті тәрк ететін «Кедендік одаққа» қарсы үн көтереміз» деген мақаласын жарияладық. Артынан не болды? Жастарды митингке шақырып алып, өзі әдеттегідей «козел-провакатор» болып тайып тұрған ғой. Сонда жаныңдағы достарың сойып салып, әшкерелеп, қолын бір-ақ сілтеп еді ғой саған... «Олардың не ойлағанын мен білмеймін. Менің ойымша, олар бүкіл жастарды сатып кетті. Бұлай болмауы керек. Әкімдікпен «әріптестік» орнатты деген күннің өзінде олар мен сияқты бүгін осы алаңға шығуы керек еді», деп, Жанболаттың жабуын сыпырып алған еді ескі алаңға келген «Еркін интернет үшін» жастар қозғалысы жетекшісі Шәмшит Ұлан сол кезде... "Әкімдікпен келісімге келгендер жастарды сатып кетті» атты мақалада (11.04.2010.) Ал саған сеніп келген Ермек Нарынбаев, Мұхаммед Қыдысұлы, Дәурен Сатыбалдин және Медет Құлжабаевты полиция ұстап әкетті сол кезде... Тағы бір сондай елді алдаулардағы мың сылтауының бірі «бұның мәшинесінің алдына біреу мәшинесін қойып кетіп, шыға алмай қалыпты-мыс.” Бала да сенбейтін өтірігіңе кім сенеді? Онда таксимен кел! Қожайындарыңнан «үйттім-бүйттім»деп алдап, опырып алатын ақшаң жетеді ғой … Осылардың көбісін сенің жаныңда жүріп, алданып қалған жастар бізге жазып, алып келгенде мен қатты кеткендерін жарияламап едім, «жас қой, қателескен шығар» деп… Сөйтсем ол сатып кету, алдап кету бұның кәсібі екенін кейін білдік қой… Жаңаөзенге байланысты серіктеріңді, өзіңнің қожайындарың Әблязов пен Козловты демде сатып, түрмеден зу етіп шыға келгеніңді ұлтшыл қайраткер Серік Сапарғали ағамыздың баспасөзде талай жазғанын да оқыдық… Төртіншіден, жап-жас болып, беті бүлк етпей өтірік айтуды үйренген Мамай: «Ақ жол» партиясы Еуразиялық одақтың құрылғанын қолдап мәлімдеме жасады» дейді. Партия ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, партия жетекшісі А.Перуашев экономикалық интеграцияға байланысты өз жеке пікірін білдіргені бар. Демократиялық партияда әркім өз пікірін білдіріп жатады. Мәлімдеме дегеннің қалай қабылданатынын білесің бе, сен? Ол Орталық Кеңестің, немесе ең кемі Президиум мүшелерінің шешімімен қабылданады бізде. Сол Азат Перуашев қазақ тілін қолдап, орыс тілін Атазаңнан алып тастау керек деген 138-дің хатына ең бірінші болып қол қойғанда, сен қашып кетіп, кейін, орыс тілін қолдап, орыс телеарнасына сүмеңдеп барып, сұхбат бергеніңді ұмытып қалдың ба? Ал «Ақ жол» партиясы 138-дің хатын қолдап, Президиум мәлімдемесін жасаған жалғыз партия. Алаштың арыстарын қолдап, жыл сайын байқау, конференция, ұйымдастырып, Алаш бағдарламасын қабылдаған партия. Сол кезде сенің қожайындарың, Әблязовтарың қазақ тіліне қарсы шыққасын, біз сойып салдық оны. Әйтпесе, оған дейін «»Алғаның» материалдары бізде тоқтаусыз шыққанын жоғарыда айтып өттім, белгілі ақын Айсұлу апайдан сұрасаң да айтып береді. Бесіншіден, Жанболатың: «Мысалы, кеше Мұхтар аға Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл хабарласты. Қазыбек Иса Шахановты да үгіттеп, маған қарсы қойып, арандатпақ болған екен, Мұхтар ағамыз: “мақаланы оқыдым, бұларды халық жауы қылатындай ештеңе жоқ, қарсы шықпаймын” депті. Қазақ тілі үшін ол кісіден артық жанашыр бар ма? Егер шынында да, шектен шыққандық болса, ол кісі де өз үнін көтермес пе еді?!»-деп сайрайды беті бүлк етпей. Сонда бұған «орыс тіліне де мемлекеттік тіл статусын беру керек» деген сөз ештеңе емес, түк болмай тұр ғой… Бұл сен сияқты сатқындарға жегенін ақтау үшін түк емес шығар, Мен үшін ол – өзі әл үстіндегі қазақ тілінің алдындағы титтей талғажау нәрін тартып алып, аштан өлтірумен бірдей. Жалғыз мен емес, бүкіл қаны қазақ, намысты тіл жанашырлары да солай ойлайтыны аспандағы айдан анық. Оу, сонда мен мемлекеттік тілге сен қастық жасап жатқанда, «Мемлекеттік тіл» қозғалысы төрағасына, «Тәуелсіздік тағдыры» қозғалысы басшысына, бұл екі қозғалыс бойынша да мен төраға орынбасары бола тұра, тіпті былтыр құрылған Ұлттық кеңес жетешісіне – ұлт патриоттарының серкесі Мұхтар Шаханов ағама хабарласпағанда, қазақ тіліне қарсы шыққан сенің Әблязовыңа, әлде Грузиядағы Ертісбаевқа хабарласуым керек пе? Содан соң мен тек, Мұхаңа ғана емес, көрнекті ақын Темірхан Медетбекке де, әлемге әйгілі қаламгер Дулат Исабековке де, басқа да тіл жанашырларына да «пікір білдіресіз бе?»-деп хабарластым. Сонда олар «Жас Алаштың» жасырын тілшісі жазғандай және Мамай әлеуметтік желіде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып айтқандай: «Оны қолдап отырғандар оншақты надан, ақымақ, аздаған топ,»-деп оттайды өзін “қолдаған” сол фишер-бисер екі мәңгүртке мәз болып… Сонда ашу-ызаға булығып, қолына түссең, тепкілеп өлтірейін деп отырған ұлтшылдар, ақын-жазушылар саған ақымақ, надан болыпты да, «орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруді сұраған» орысқұлдар – сені мен Жунисов екеуің данышпан болдыңдар ма? Сен сонда кітабы мен драматургиясын әлем мойындап отырған Дулат Исабековты айтып отырсың ба? Әділдігімен аты мәлім ақын Темірхан Медетбек ағаға айтып көрші, солай, қожайындарыңмен қоса жақтарыңды айырып, жіберсін! Әлде Руза ма Керекудегі, жүз еркектің істей алмағанын жалғыз өзі істеп, банкінің бәріне қазақ тілін мойындатқан… Тілшіміз Сейілбек, тіпті саған да хабарласып, сенің «жеке адамның пікіріне редакция жауап бермейді» деген «екіжүзді» пікіріңді жариялады. Сенің осы екіжүзділігіңді есіткесін күйіп кеткен шындықтың жыршысы Темірхан Медетбек: «ОНДА ОЛ ӘРКІМ САРЫП КЕТЕ БЕРЕТІН САСЫҚ АЛАҢ екен ғой - «АШЫҚ АЛАҢ» ЕМЕС»- деп салғаны. Саған хабар жеткізген Құдияр Біләлға да хабарласып, екі телефонына да соғып ем, көтермеді. Сол кезде саған есеп берумен айналысып жатқан болды ғой, егер сенің сөзің рас болса… Ол да «Мемлекеттік тіл» қызметінде болғасын хабарласқан едім, қайдан білейін оның қандай «тіл» қызметінде жүргенін…Мұхтар ағаға: «Трибунадағы» Жүнісовтың мақаласында орыс тіліне – мемлекеттік тіл статусын беру, еліміздегі 130 ұлыстың тілдеріне де арнайы статус беру керек» деген сөз жоқ»-деп, жалған ақпарат бергені сол үшін шығар онда... Мамайың: « Жүнісовтің пікірін бассақ, келесі аптаға оның аргументтерінің тас талқанын шығаратын мықты адамның материалын дайындап отырмыз. Сонда бұл жерден қандай қылмысты, қандай қисынсыздықты көріп отырсыздар?!»-дейді шімірікпей. Сенің ресейлік сыбайласың Белов-Поткинге, анау Жириновский, Лимоновтарға осы керек емес пе? Жаудың қолына жалаңдаған қылыш ұстатып отырып, «ертең өзіміздікіне де де пышақ беремін» дегендей бетбақтырмайтын екіжүзділік ұзаққа апармайды. Тілдің киесі, елдің иесі бар! Қазақ тілінің киесімен ойнағандардың ешқайсысы оңған емес! Оны Мұхтар Шаханов ағаның кітабынан оқыған боларсың, оқымасаң, біздің «Қазақ үні» газетінде жарияланған, сайтымыздан тауып ал! Сенің «Келесі аптаға қарсы материал дайындап жатырмыз, «сонда бұл жерден қандай қылмысты, қандай қисынсыздықты көріп отырсыздар?!- деген екіжүзді далбасаң, үйге өрт қойып алып, «өрт сөндірушілерді шақырттық қой, енді маған не дейсіңдер?»- деген кесепатты кеңкелестік қой. Ол қарсы мақаланы да кешегі ұлтшылдардың ашу-ызасынан кейін ғана қолға алғандарыңды, сондықтан әлі дайын болмай, ештеңе жарияланбағанын редакциядағы қызметкерлеріңнің өзі айтып берді… “Ашық алаң” жайына қалып, қазақ тілінде хабар беруді қойып, мемлекеттік қазақ тілін жоюға бағыт алған “Трибуна” болып, орысқұл қожайындардың қолжаулығына айналған Мамай осылай алған тапсырмаларын “сәтті” орындап жатыр… «Жүнісов қой жазған, Мамайшада нелерің бар» деген пікірлерді де көзіміз шалып қалды. Біз Жүнісовты де аяған жоқпыз, бірақ оны елге жариялаған «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат қой. Бұған мен бас ауыртпай-ақ қояйын, ұлтшыл Махамбет Ерғали фейсбук парақшасында қақ маңдайыңнан қатырып соғыпты ғой, соны келтірейін: «Сатқындық пікірді Сәкен Жүнісов айтқанмен, ол басылымда жарияланбаса, қаупі аз. Егер БАҚ-та жарияланса, сонда нағыз қауіпті. Сонда жазғаннан, жариялаған Жанболаттар жүз есе кінәлі, жүз есе қауіпті!» Бұған бетіне қарап, «мынауың иттік, мынауың қастық» десең – «тапсырма» деп баж етіп ойбайлап шыға келеді екен. Бұл кім еді, бұған тапсырыс беретіндей.. Өзін әжептәуір тұлғамын деп ойлап қалған ғой деймін, жанындағы жандайшаптарының өтірік мақтағанына… Аңқау елге арамза молда болып жүргендердің бәрі әшкере болып, ұзаққа бармайтынын білмейтін бе едің, енді сен де әшкере болып тындың! Одан кейін жасалаштық жасырын «журналист», тасада тығылып, тас атып жатқан «Дулат Әлімұлы» мені «неше түрлі былапыт сөздер айтыпты» деп кінәлайды. Миың болса (кім болсаң да!) ондай сөздерді алдымен Жанболат айтқанын жасырып отыра бер осылай... Оның әлеуметтік желіде аузына келгенін оттағанын әдейі көрмей, жала жауып отырғаныңды ел біледі. Біздікі «сауалына –жауабы». Мен кім қалай сөйлесе, солай жауап беретін адаммын. Тіпті, олардың деңгейіне дейін төмендей де саламыз ондай кезде... Ал «Жас Алаш» мақтап, жақтап отырған, «Трибунада» ұлтқа қарсы мақаланы жазған Сәкен Жүнісов туралы белгілі журналист Қуандық Шамақай былай дейді: «Сәкен Жүнісов орыстың жыртысын жыртып жүрген, Қазақстанның тәуелсіздігіне алғашқы күннен жаны қас, сол үшін сотталып келген адам, білмесе менен сұрасын» - дейді өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында.. Осы оқиғаға байланысты “Ашық алаң (Трибуна)” газеті мен жүнісов-мамайларды елге белгілі газеттер, сайттар мен әлеуметтік желілерде айыптап жатқандар жетеді. Мен жауабымды заң ғылымының кандидаты, журналист Алмас Жұмағалидің Фейсбуктегі парақшасындағы сөзімен аяқтайын: «Бізде сатқындар үздіксіз шыға береді. Өйткені, біз батырларымызды жер-көкке сыйғызбай (өлген соң) дәріптейміз, мақтаймыз. Ал сатқындарымызды жазғырмаймыз. Голощекин өзі қораны аралап мал санаған жоқ, кімнің ұлтқа қатты ықпалы бар екенін ол қайдан біледі. Ол қазақ тілін белмейді, Міржақыптың өлеңін қайдан біледі?!. Аузына шайнап салып берген біздің «бауырларымыз».Сатқындарымыздың атын білмейміз, тек «жандайшаптар», «балаққа жармасқандар», «жағымпаздар» деген жалпылама атпен ғана береміз. Сондықтан ондай атақтан ешкім де қорықпайды. Егер де ұлтты, ұлт көсемдерін, жерді, тілді сатқандардың аттарын атап, түстерін түстеп, фотосын салып білсек, келер ұрпақ батыр болуға ұмтылмаса, да сатқын болудан сақтанар еді. Сондықтан, азаттық алғанға дейінгі және азаттық алғаннан кейінгі сатқындардың тізімін жасау ләзім. Себебі, азаттық алған соң сатқындықтың формасы өзгерді. «Қазақ үні» газеті мен сайты қазақ тіліне қарсы болған депутаттардың тізімін берді, бұл – бастамасы. Бірақ болашақта хабарлауыш сөздерден гөрі, анықтауыш сөздерін баса айтып жариялап тұру керек!» -депті. Алмас бауырымыздың алмастай тіліп айтқан сөзін елдің бәрі қолдап жатыр екен, біз де 100 пайыз қолдаймыз! Сатқындар тізіміндегі көрнекті орныңмен құттықтаймын, орысқұл Мамай! Қазыбек ИСА, «Қазақ үні» газеті