Бүкіл әлемді билеген Шыңғыс ханның өзі қазақ әйелінің жатырынан шыққан - Айгүл Орынбек

"Не надо жениться на умных, они бывают стервами" - деген орыстардың пасық сөзін тыңдап, қанша еркектеріміз өздерінің тегін, қанын ұрпағын бұзып алды. Орыстың сайқал саясатының құрбаны біздің аталарымыз, ғана емес бізде болып табыламыз.

Тарихқа жүгінетін болсақ, барлық ел алдында жүрген ел ағаларының әйелдері орыс ұлтынан болған. Еврейлер не үшін баланы анасының тегіне жазады. Себебі, баланың 80 пайыз хромосомасы анансыныңкі, яғни анасының көп қасиетін алады.

Қазақ деген текті, ар намысты жоғары қоятын мықты ұлтты жою үшін, қазақ жігіттерінің қойнына өңкей шүйкебастарды салып отырған. Ол шүйкебастар ажырасып, арақ ішіп, қазақты жамандап, кейбір қазіргі жылауық, "подкаблучник" еркектерді өсірген. Сол себепті қазіргі таңда, көптеген қазақтың білімді қыздары, тұрмыс құрмаған. "Неге тұрмыс құрмағансыз?" деп сұрасаң, көп жігіттер "сен сияқты стерва, ертең күн бермейді" деген сықылды әңгіме айтқан. Яғни, "стерва" мен тектілікті айыра алмаған біздің ата- бабаларымыз.

Қазақтың әжелері тектіліктері соншалықты, ұрпақ көбейту үшін, тоқалды өзі іздеп жүріп алып беретін. Ал қазіргі таңда, не өзіме жоқ, өзгеге де жоқ деген тұжырымда. Себебі, ол жылдар бойы санаға, бойларына сінген жаман қасиет.

Білімді, оқыған әйел ғана ұрпағыңа білім беріп, тәрбиелей алады. Ал, шүйкебастар әр байдан байға, балаларын шұбыртып, жүргені жүрген. Сол себептен біздің қазақ жігіттеріне, ойланатын уақыт келді. Текті батыр ұрпақты дүниеге әкелгің келсе, өзіңе ұрпақ сыйлайтын, ұрпақ сыйлай алмай жатса, ұрпақ көбейтер тоқал сыйлайтын әйел алыңдар! Ата бабаларыңыздың қателігін қайталамаңыздар!

Бүкіл әлемді билеген Шыңғыс ханның өзі, қазақ әйелінің жатырынан шыққанын ұмытпаңыздар! Өзі де барлық ұлдары да, бірінші әйелдерін қоңыраттардан алған! Бұл нені білдіреді, балаға мінез, рух, әйелден беріледі. Қазақ қыздары өзге ұлттардың ұрпағын көбейткенше, 82-де болсада қазақтың ұрпағын көбейткені дұрыс! Сосын тоқалды нәпсі қуу үшін емес, ұрпақ көбейту үшін алған. Бәйбіше мылтық ұстар, атқа мінер туып бере алмаған жағдайда ғана тоқал әперген. Ал жас қазақ қыздарын өз нәпсісін қандыру үшін қолғапша ауыстырып, пайдаланып жүрген еркектерді қолдамаймын! Ондайлар мен үшін тексіз шүйкебастардан пайда болған қазақ емес дүбәрә! Қазақтың текті ер азаматтары қыздарын қорламаған және қорлатпаған!

Айгүл Орынбек,

Фейсбук парақшасынан