Айдын Рахымбаев Арыстағы 100 үйді қайта қалпына келтіруге 100 млн теңге бөлді

4796
11
Бөлісу:

Танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге дайын екенін хабарлады.

«Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сол кезде үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрлысқа қажетті материалдармен шығуға  дайын. 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлерстер өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз», – деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең Шымкент қаласынан 97 км жердегі Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шықты. Өрттің соңы жарылысқа ұласты. Түркістан облысының әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан 45 мың адам эвакуацияланды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

    • Кию. 28 Маусым, 2019 11:45 Жауап

      АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫМЕН,
      Кəсібіңе береке берсін!
      Ел басқаруға Айдын бауырымыздай Азаматтар ауадай қажет. Ел тілегін қабыл ете гөр. ƏУМИН!

  1. Күміс 27 Маусым, 2019 14:21 Жауап

    Нағыз азамат. Барлық жақсылықтарын Алладан қайтсын. Ата-анаңа мың рахмет. Алла разы болсын. Еңбегіңнің жемісі еселене берсін деп Алладан тілеймін. Сіздей қазақ азаматтары арта берсін.

  2. Ғафура 1 Шілде, 2019 00:07 Жауап

    Алланың рахымы жауып,пайғамбарымыздың шапағатына бөленсін бауырымыз,нағыз қазақ ,қалтасы қалың байшыкештерге үлгі боларлық азамат,ел Едігелерсіз емес қой,бұған да шүкір……..

Пікір немесе жауап жазу

5 × 4 =