Мәди: Әкемнің көзі тірі болса, Рымбаев деген тегіме қарсы болмас еді
2017 ж. 01 қазан
8803
22
Роза Рымбаева кенжесінің әнін шыққанын ерекше қуанышпен хабарлаған болатын. Мәди алғашқы әнін ұсынса да, шоу бизнесті шулатып үлгерді. Көпшілік оны анасының тегін алғаны үшін сынап жатыр.
[caption id="attachment_190217" align="aligncenter" width="600"] Сурет: Мәди Рымбаевтың жеке парақшасынан[/caption]Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
Әли Оқаповтың туған інісі үлкен шоу бизнеске Мәди Рымбаев болып келді. Көпшілік оны анасының тегін алғаны үшін сынап жатыр. Бұл сыни пікірлерге жас жұлдыздың айтары бар екен. “Біріншіден, Әли Оқаповтың әкеміздің жолын жалғастырып жүргенін айтқым келеді. Ал мен анамның жолын жалғастырмақпын. Оның үстіне Әли әкемізге, мен анама көбірек ұқсаймын. Келбетім де, мінезім де анама тартқан. Әкеміз тірі болса, менің Рымбаев деген тегіме қарсы болмас еді деп ойлаймын”, – дейді ол.
Мұнымен қатар, Мәди ағасымен өте жақсы қарым-қатынаста екенін, әрдайым оның сөздеріне құлақ асатынын айтып берді.
“Өмірде үлгі тұтатын адамдарым – анам мен ағам. Олардың деңгейіне жетуім үшін көп уақыт қажет. Бірақ, жетуге әрдайым тырысамын. Ағам сын айтқан кезде ренжімеймін. Өйткені, ол әділ айтады. Оның тәжірибесі менікінен көбірек. Көбінесе ақылына құлақ асуға тырысамын. Бірақ, қазір әнім дайын болған кезде ғана тыңдататын болдым. Толық дайындық болмаса, ісімнің нәтижесін көрсетуге ұяламын. Аптасына үш-төрт рет міндетті түрде үйге келеді. Тамақ ішіп, қалымызды сұрап, қонақ болып қайтады. Кейін жұмыстарымен кетеді. Мен де арасында оның үйіне барып тұрамын. Өйткені, оның үйін әрдайым тазалап отыру қажет. Өзінің қолы тимейді. Жұмыстары тым көп”, – дейді ол.
Дереккөз: stan.kz