Қазақша сұхбат берген қызметкерді "Нацист" деп атаған тілшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
2017 ж. 17 тамыз
8106
21
Маусым айында Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Фархад Досмұратовтың РИКА телеарнасына орысша сұхбат беруден бас тартуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Caravan.kz медиа-порталының тілшісі ел арасында дүмпу туғызған Фархадтың кейінгі тағдырын анықтап көрді.
Еске салсақ, тілге қатысты дау Ақтөбеде Әлия Молдағұлова ескерткішінің алдында өткен арнайы шара кезінде болған.
Бұл оқиғадан бері бірнеше ай өтті. Орысша сұхбат беруден бас тартқан Фархад Досмұратов қазір бұрынғы жұмысында істеп жатыр екен. Сол жағдайдан кейін ешқандай қысым көрмегенін, жұмыста қудалауға ұшырамағынын айтады.
- Оқиға болған соң прокуратурадан, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентіктен хабарласты. Олар даудың қалай басталып, қалай өрбігенін сұрады. Мен оларға мемлекеттік қызметкер емес, азаматтық қызметкер екендігімді айттым. Тіпті әкімшілік қызметкері болсаң да қай тілде сөйлейтініңді өзің білесің ғой. Орысшаға өздері аударып алмай ма? Бастысы мен мемлекеттік тілде сұхбат бердім. Ал жалпы ешқандай қысым көрсету болған жоқ, деді Фархад Досмұратов.
Фархадтың айтуынша, даудың басталуына тілшінің өзі түрткі болған.
- Негізі қыздың өзі бастап кетті. Қазақша, орысша сұхат беріңіз деп алып шықты да артынан орысша айтыңыз деп тұр. Сосын мен орысша сұхбат бермеймін дедім. Сосын «нацистсіз ба?» деп қайталай берді, дейді бас инспектор.
РИКА тілшісі Ляззат Сақиеваның «нацистсіз ба» деген сөзі өзінің бейнесюжетінде де анық естіледі.
Қазір Ақтөбедегі алты қоғамдық бірлестік аталған телеарнаға қатысты полицияға арыз жазып шағымданған. Яғни РИКА телеарнасының тілшісі Ләззат Сәқиеваның Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бас инспекторы Фархад Досмұратовты эфирден "нацист" деп атағанына наразы. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
Бірақ Фархаттың жеке өз басы ешкімді сотқа беруді ойламапты.
- Сотқа беру негізі ойымда болған жоқ. Тек сол күні Прокуратураға ҰҚК-ға, министрікке хат жаздым. Қоғамдық қорлар өздері сотқа беріп жатыр ғой қазір. Ал жеке өз басым сотқа берейін деген жоқпын. Ол да адам ғой. Қателік болған шығар. Ал негізі дұрыстап сұраса орысша айтар едім ғой, деді Фархад мырза.
Рика телеарнасының басшылары да, тілші де Фархад Досмұратовтың өзінен әлі кешірім сұрамапты. Тек телеарна басшылары Фархад Досмұратв жұмыс істейтін мекеменің басшыларына және облыстық әкімшіліктегі басқармаға хабарласып, кешірім сұраған және сотқа бермеу жөнінде өтініш айтқан көрінеді.
http://www.qazaquni.kz/2017/06/01/70244.html