Қазақстан Иранға 10 мың гектар жерді жалға береді
2017 ж. 20 маусым
3380
1
Оңтүстік-Қорасан (Иран) ауыл шаруашылығы ұйымы Иранның солтүстік-батысында құрғақшылық, су тапшылығының салдарын жою мақсатында 14 маусымда аутсорсингке Қазақстанның 10 000 гектар ауылшаруашылық жерлерін жалға алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "АГРОбизнес" порталына сілтеме жасап.
Агро-аутсорсинг басқа елде ауылшаруашылық өнімдерді өсіру үшін сатып алу, лизинг немесе жалға алуды меңзейді. Өсіп болғаннан кейін өнім жалға алушы елге импортталады.
Иран әлем бойынша бидай мен арпа өнімін өндіруде жақсы көрсеткіштерге жеткеніне қарамастан, олар су тапшылығына тап болудың алдын алу жолдарын әзірлеп жатыр. Олар аутсорсинг арқылы Каспий өңіріндегі көрші елдерден алмақшы. Соңғы жылдарда бұл қол қойылған екінші келісімшарт екен.
Иранның ауылшарушашылық ұйымының өкілі Мохаммад-Али Бихарридің айтуынша, бірнеше айдан соң Украинамен осындай келісімшарт жасасу көзделіп отыр, себебі Иранда ауыл шаруашылығына деген сұраныс артқан.
Бұрындары осындай келісім Иран мен Қазақстан арасында болған, ол "Шекара сыртындағы фермерлік" деген бағдарлама аясында жүзеге асып, өткен жылдың маусым айында ұйымдастырылған болатын. Келісімнің екі мақсаты бар: ауыл шаруашылығы қорын нығайтып, бидай сатып алуды азайту.
Бірнеше елде Иран шамамен 1 миллион гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалға алған.