"Ақ жол" - 26-шы БАПТЫҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ЕКЕНДІГІ АТА ЗАҢДА ЖАЗЫЛУЫ ТИІС
2017 ж. 15 ақпан
13473
35
"Ақ жол" партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын жолдады
"Ақ жол" партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігі жанындағы комиссияға жолдады.
Ұсынылған түзетулер партия Президиумы мүшелерінің, оның парламенттік фракциясы мен облыстық филиалдары отырысының барысында талқыланды.
Партия төрағасы Азат Перуашев жобаны таныстыра отырып, Мемлекет Басшысының Конституцияны жетілдіру мен билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу бойынша бастамасын демократиялық партияның қолдайтындығын атап өтті. Бұл бастау мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есеп берушілігіне қатысты саяси жүйенің ары қарайғы жаңғыртылуын білдіреді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП Елбасының жобаны бүкілхалықтық талқылау үшін ұсынған уақытын пайдалана отырып, аймақтар мен орталық органдардағы партия активтерімен кездесуінде өзінің бастамалар пакетін жасап шығарды.
Қызу пікірталас нәтижесінде екі даулы ұстаным қабылданбады және бір қосымша енгізілді. Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша комиссия талқылауына жіберілетін қорытынды пакетте «Ақ жол» партиясының 18 нақты ұсынысы беріліп отыр.
Солардың кейбірі:
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін анықтайтын Конституцияның 7-бабына «Ақ жол» партиясы «Әркім мемлекеттік тілдік саясатты, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын құрметтеуге міндетті» деген тармағын енгізуді ұсынады.
- Ақпарат еркіндігіне кепілдік беретін 20-баптың екінші тармақшасына партияның ОК хатшысы Арман Сқабылұлы «Бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистердің қызметі заңмен қорғалады» сөздерін енгізуді ұсынды.
- Қоғамда терең талқыға түскен 26-бапта инвестиция пайдасына өзгерістер енгізуді қолдай отырып, алайда Президенттің жер туралы Кодексіне заңнамалық өзгерістерді енгізуге мораторий жарияланғанына байланысты 3-ші тармақшасына келесіні енгізу ұсынылып отыр: «Осы бап жер қатынастарына қатысты қолданылмайды. Жерге қатысты жеке меншік мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармақшасымен реттеледі».
- Сондай-ақ, Азат Перуашев 33 бапты (азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жетімділігіне қатысты) 1-2 тармақшасымен толықтыруды ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттікке төнетін қауіп. Әркім барлық заң жүзінде рұқсат етілген тәсілмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті».
- 44 баптың 3 тармақшасына (Президент өкілеттігі) Мемлекет Басшысының осы жылдың 25 қаңтарында жасаған билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу туралы Жолдауында: «Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия Үкіметтің қалыптасуында шешуші түрде әсер етеді» делінгендіктен, «Ақ жол» партиясы Президент Мәжілістің талқылауына Республиканың Премьер-Министріне «парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партияның ұсынысы бойынша» кандидатурасын енгізеді делінген норманы ұсынды.
- Осы баптағы, сондай-ақ 65-баптың 2-тармақшасында Премьер-Министр Парламент Мәжілісімен консультациялардан соң үкіметтің құрылымы мен құрамына өзгерістер енгізуге қатысты «консультациялар» сөзін «келісім» сөзімен алмастырып және Мәжіліс пен «саяси партиялар фракциясымен» деген толықтырулар ұсынылды.
- Сонымен қатар, 45-баптың 2-тармақшасы (Президенттің заңдық күшке ие жарлықтарын шығару құқығы туралы) алып тастау ұсынылып, оның орнына ШОБ тексерісіне кейбір мораторийларды ескере отырып, Конституцияға келесі норманы енгізуді ұсынды: «Мемлекеттің ұлттық мүддесіне, экономикасына немесе қоғамына қауіп төнген жағдайда, Республика Президенті мораторий енгізеді және мұндай қауіп төндіретін заңдардың немесе заңнамалық нормалардың қоданысын тоқтатады. Мораторий ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және бір ай мерзім ішінде Парламенттің мақұлдануына жіберіледі».
- 57-баптың 1-тармақшасы мен 67-бапта отандық демократтар жаңадан тағайындалған үкіметке «тағайындалғаннан кейін бір ай аралығында Парламент Мәжілісіне Республиканың орташа мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі бағдарламаны ұсыну» міндетін жүктеп отыр.
- 57-баптың 5-тармақшасына (Парламент өкілеттігі) Мәжілістің парламенттік тергеуді тағайындау және өткізу құқығын қосу ұсынылып отыр;
- Парламенттің жұмыс органдарын реттейтін 60-бапты «ақжолдықтар» саяси партиялардың парламенттік фракцияларының тең құқықтығы және олардың мәртебесі мен өкілеттігінің заңмен реттелуін ұйғаратын тармақшалармен толықтыру қажет деп санайды.
- Алма Нұрғожаеваның бастамасымен («Ақ жол» партиясының Алматы филиалы) 86-баптың 2-тармақшасына бір мандатты округтер мен партиялық тізімдерді қоса алғанда аралас жүйе бойынша облыс мәслихатының, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың депутаттарын сайлау ұсынылып отыр.
- Мемлекеттік құрылыстың негіздерін бекітетін 91-бапты, Азат Перуашев келесі тармақшамен толықтыру қажет деп санайды: «Тәуелсіздіктен, Республиканың біртұтастығынан немесе аумақтық тұтастығынан бас тартуға жария түрде шақыру заңмен қудаланады».
«Ақ жол» партиясының ұсыныстарының салыстырмалы кестесінің толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.
15 ақпан 2017 жыл, "Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі
qazaquni.kz