Назарбаев мемлекеттік билік өкілеттіктерінің қалай бөлінетінін айтты
2017 ж. 24 қаңтар
2392
1
Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне байланысты Ақордада келелі кеңес өткізіп нақты бағыт-бағдарды айқындады деп хабарлайды 24.kz.
Алайда президенттік жүйе өз күшінде қала береді.
"Мен жолдауларымда, сөйлеген сөздерімде кейбір мәселелерді шешу үшін осындай топ құрып, конституция мен заңдарды қарап шығу мәселесін қойған болатынмын. 25 жылдың ішінде конституцияда бар қағидаларды орындап, осындай жетістіктерге жеттік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш.
Тыныштықты сақтадық ішімізде. Бірталай экономикалық жетістіктерге жеттік. Енді әрі қарай жылжу үшін 5 мемлекеттің мен айтқан қадамы бар. Оның ішінде бесінші айтқан жүйеде «Ашық үкімет» демократияландыру деген мәселесі бар.
Сондықтан қазіргі жағдайда қарап, президенттің өзіне алған бірнеше өкілеттігін үкіметке қарай жылжыту мәселесін қарауымыз керек. Өте көп мәселелер. Бастапқы кезде қиын кезде керек болған шығар. Тікелей жүйе керек болды. Тәртіп керек болды. Айтқан шешімдерді орындау керек болды.
Ол кезде сондай өте нақты тығыз президенттік жүйе болды. Қазіргі уақытта ептеп қарап, сол өкілеттіктерді үкіметке, парламентке, президентке бөлу мәселесін қарау керек. Бұл уақыты жеткен мәселе деп санаймын. Оның үстіне президенттік жүйе қала береді. Біз оны жояйық деп отырғанымыз жоқ. Ол Қазақстан үшін өте қажет", - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, бірнеше мәселелерді, дәлірек айтқанда қорғаныс қабілеті мен сыртқы саясат мәселесін мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктер қайта бөлінген соң президент шешетін болады.