Тұңғышбай Жаманқұловтың әйелі төсін ашып суретке түскені үшін сынның астында қалды
2016 ж. 15 желтоқсан
12269
9
Тұңғышбай Жаманқұловтың әйелі, театр актрисасы Дәрия Жүсіптің сахналықобразын жұрт сынап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал актриса Салтанат Бақаева өзінің Instagram-дағы парақшасында көрермендерді «Томирис» спектакліне шақырған болатын. Алайда, басты рөлді сомдайтын Дәрия Жүсіптің сахналық кейіпте түскен суреті желі қолданушыларының шамына тиді. Олардың айтуынша, қазақ әйелдерінің төсін ашуы - өте ерсі қылық.
«Алла Тағала образ-побраздарыңды түсінбейді ғой уақыты келгенде», «Қазақтың қыздарына өте ұят омырауын көрсету, намыс жоқ екен, неменеге жетісіп отырсың?», «Омырауы сонша ашық, кішкене жабу керек еді», - деген сынды пікірлер жазылып жатыр.