Қазақ елі сарбаздарының Отан алдындағы Антын Ресей тілінде қабылдауы не сұмдық?!.
2016 ж. 01 желтоқсан
9699
23
Әскери бөлімнің лауазымдық тұлғалары сарбаздарға ҚАСИЕТТІ АНТТЫ өздері қорғауға тиіс мемлекеттің МЕМЛЕКЕТТІК тілінде қабылдатуға неге мүдделі емес?
Кеше Өскемендегі әскери бөлімнің жауынгерлері ант қабылдады деп жатқасын елеңдеп Атамекен деген каналдан беріліп жатқан хабарды тыңдай қалып едім!!! ҚР Қарулы Күштерінің жас сарбаздары экраннан "шүлдірлеп" ҚАЗАҚ елінің мемлекеттік тілі қабылданбағандай көрші елдің РФ мемлекеттік тілінде Қазақ еліне адал болам деп АНТ қабылдай бастады!!! Ресми тілді қолданудың өз орны бар еді ғой! Мемлекетік тілдің қолдану мәртебесі Ата Заңымызда, Тілдерді дамыту туралы Заңда жазылған. Қазақ елінің жауынгерлерін мінберден ресми тілде құттықтап мәре-сәре болып жатқан әскери бөлімнің лауазымдық тұлғалары сарбаздарға ҚАСИЕТТІ АНТТЫ өздері қорғауға тиіс мемлекеттің МЕМЛЕКЕТТІК тілінде қабылдатуға неге мүдделі емес??? Әскерге келгенлерді ант қабылдау салтанатына дейінгі екі-үш айда қазағына да, орысына да, немісіне де, украинына да жаттатып қоятын уақыт болды ғой! Антты кім кімге де болса да орыс тілінде оқыту саяси сауатсыздық деп білемін! Осы мәселеге мүдделі мемлекеттік мекеме ішкі саясат басқармасы, тілдер заңының орындалуын қадағалайтын прокуратура, тілдерді дамыту басқармасы назар аударып, сараптау жасауы керек, әрі талап етемін! Бұл менің қазақ азаматы ретіндегі жеке жанайқайым! Әлеуметтік желіні қадағалайтын ішкі саясат осы мәселеге назар аударады деген сенімдемін!!!
Гүлжан Қазымова,