Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)
2016 ж. 24 қараша
5573
23
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Назарбаев немесе Нұрсұлтан деп атау туралы жасалған ұсыныс ел арасында қызу талқыға түсті. Осы орайда NUR.KZ порталы елбасының алдында ұпай жинағысы келген тұлғаларды еске түсіріп көрмек.
Қуаныш Сұлтанов
"Біз Конституцияға Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгін декларацияда осыны бастама көтердік. Депутаттар оны қолдады», - деді депутат.
Владимир Нехорошев
"Адамдар ол кісіні жыл адамы емес, ғасыр адамы деп дәл тауып айтқан. Нұрсұлтан Әбішұлы - құдайдан келген талант. (…) Аспанда одан бөлек күн болу мүмкін емес. Оның "нұрсәулесі" елімізді одан әрі шуақтандыра түссін. Одан басқа адам президент бола алмайды. Мұны Қазақстан халқы талап етіп отыр!" , - деген депутат айды аспаннан бір-ақ шығарды.
Сәт Тоқпақбаев
"Президенттің қазақстаннның қалыптасуына қосқан зор үлесін ескере отырып, Астананы Нұрсұлтан қаласы деп атауды ұсынамын. Бұл қаланың әкесі де өзі, мердігері де өзі. Ол қаланың әр ғимараты мен көшесінің құрылысын өз бақылауында ұстады ", - деген еді ол. Нұрсұлтан Назарбаев ол кезде бұл ұсынысты қабыл алудан бас тартты.
Бекболат Тілеухан
Бекболат Тілехан да қалаға президент атауын беруге қарсы емес жандардың бірі.
"Тәуелсіз Қазақстан мен Назарбаевтың аты синонимдер сияқты. Мені жағынды немесе басқа деп түсінсеңіздер, өздеріңіз біліңіздер, бірақ тарихи көзқараспен және егеменді елдің азаматы ретінде, мұны өте бір әділ ұсыныс деп ойлаймын», - деді депутат.