"Бәйтерек" холдингінде парамен ұсталғандардың бірі мәжіліс экс-спикерінің ұлы болып шықты
2016 ж. 18 қараша
3049
6
28 млн теңге парамен ұсталған "Бәйтерек холдингі" басшыларының бірі мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.
Ол «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен ауыз жаласып «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауызбастырық алып отырған.
Естеріңізге салсақ, топ-менеджерлердің үшеуі де кезекті 28 миллион теңгені алу сәтінде қолға түсті. Бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған.