Назарбаев жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заңға қол қойды

Бөлісу:

photo_27211

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қабылданған заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.

Заңмен «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға; мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.


Дерек көзі: tengrinews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. ҚазақиЯ 30 Маусым, 2016 16:21 Жауап

    Жерді сату мен жалға беруді тоқтататын Заң е м е с, бұқара Халықты алдап, уақытша т о қ т а т а тұратын Заң деп неге ашығын айтпайсыңдар?

  2. маңғыстау 30 Маусым, 2016 22:24 Жауап

    неге жер сатылмайды және шет елге жалға берілмеиді деп нүкте қоимайды сонда сенер еді халықтың бәрі шалдың шығарған заңына

  3. Жаке 1 Шілде, 2016 12:07 Жауап

    Жер сатылмайтыны анық болды ғой. Енді артық сөздер мен айыптауларды доғарайық!

  4. Ахмет 2 Шілде, 2016 14:55 Жауап

    Президент айтқан сөзінде тұрды! Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ деді!

Пікір немесе жауап жазу

жиырма + он үш =