Тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды

Қарағанды облысында тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды

2016 жылғы 27 маусымда Қарағанды облысының Еркіндік елдімекенінде түйнеме жұқтырды күдікпен адамдардың сырқаттануының 8 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде екеуі өліммен аяқталды.

Науқастар облыстық инфекциялық ауруханада емделуде.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді.

Адамдардың ауруды қалай жұқтырғаны анықталды: инфекция түйнемемен ауырған малдан (сиыр) жұқты.  Дерт ағымдағы жылы бесінші маусымда ветеринардың қарауынсыз ауру малды сою кезінде және оның еті 11 жанұяға сату салдарынан адамдарға жұққан.

Малдың ауру жұқтыруы қоршалмаған мал қорымына жақын жерге жайылуы және малды түйнемеге қарсы вакцанациялаудың тиімсіздігі нәтижесінде болуы мүмкін. Өлген малдың өлекселерін инсенаторларда жағу мәселелерінің шешілмеуі де жағдайды күрделендіре түскен.

Науқастар мен байланыста болған адамдарды анықтау мақсатында тексеріс жүргізілді. 21 аула және 115 адам қаралды және сұралды, 70 байланыста болған адам медициналық бақылауға алынды, медициналық бақылау мен антибиотикпен емдеуге бақылау жүргізілуде.

Науқас адамдардан, байланыста болған адамдардан, мәжбүрлеп сойылған малдың еті мен терісінен, қоршаған орта объектілерінен (топырақ, қи) алынған материалдарға шұғыл зертханалық зерттеу жүргізілді.

Материалдарды зертханалық зерттеудің (ПТР, бактериологиялық) оң нәтижелері негізінде сегіз науқасқа «түйнеме» диагнозы қойылды.

Барлық ошақтарда дезинфекция жасалды.

Ветеринариялық қызмет мал сойылған орынды анықтап, сойылған сиырдың терісі мен етінің қалдығын жойды, мал ұсталған және сойылған жерлерге дезинфекция жасады.

Ауылдағы малға екпе жүргізілуі тексерілуде. Түйнеме жұқтырды деген күдікпен тағы бір мал анықталды, ол оқшауланып, жойылды.

Қазір түйнеме ошағын жою үшін эпидемияға қарсы және ветеринариялық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізілуде деп хабарлады ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылғы 23 маусымнан бастап Еркіндік ауылының тұрғындары арасынан түйнемемен сырқаттанудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Жағдай бақылауда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Дерек көзі: ҚазАқпарат